Өзім құрмет тұтар, сыйлас нағашы ағам Кеңес Мұсаханұлы Шәймерденовтің есімі Сыр еліне жақсы таныс. Біреулерге отырған орны көрік берсе, кей адамдар отырған орнына көрік береді деген сөз бар. Сол айтпақшы Кеңес аға аудандық, облыстық, республикалық ауқымда үлкен лауазымды қызметтер атқарды. Жұмыс істеген жерлерінде үнемі жақсы қырынан танылып, жамағатпен етене араласты. Міне, осы қасиеті оның абыройын биіктетіп, тілеулес адамдарды молайтқандығы анық. Сол қатардағы рухтас інілерінің мен де бірімін.
ТАҒЫЛЫМ
18 тамыз 2019 г.
886
0
Көрнекті қазақ жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Оразбек Сәрсенбайдың халқымыздың әдебиеті мен руханиятына сіңірген еңбегі мол. Ол кісі тірі болғанда үстіміздегі жылдың 20 тамызында 81 жасқа келер еді.
ТАҒЫЛЫМ
17 тамыз 2019 г.
679
0
Қазақстан Журналистер Одағы қызылордалық қаламгер Қасым Иманбердиевті «Қазақстанның Құрметті журналисі» атағымен марапаттады.
ТАҒЫЛЫМ
15 тамыз 2019 г.
799
0
Сыр еліне аты мәлім, ел-жұртына жаны жақын азамат, Аралдың біртуар перзенті Ахмедулла Сматұлы туған елі үшін Толағайдай терін төгіп, бойына біткен тектілік қасиетімен қадірін арттырған азамат еді. Сондықтан оның ел жүрегіндегі екінші өмірі басталып, ұрпақ жадына жол тартты. Себебі диірмен тасындай дөңгеленген уақыт дарабоздарды іріктеп, тарих парақтарына жазып қалдырады.
ТАҒЫЛЫМ
15 тамыз 2019 г.
1 487
0
Республикалық ардагерлер ұйымы» орталық кеңес төрағасының орынбасары Өмірзақ Озғанбаев Шиелі, Жаңақорған аудандарында іс сапармен болды.
ТАҒЫЛЫМ
14 тамыз 2019 г.
863
0
Қаз дауысты Қазыбек пен Әлібек батыр ел аралап келе жатса, жол бойында бір қария жолығады. Қарияға сәлем беріп, Әлібек батыр мынадай сауал қояды:
ТАҒЫЛЫМ
13 тамыз 2019 г.
596
0
Мен өз өмір жолымда 30-жылдардың ұрпақтарымен, Ұлы Отан соғысына қатысқандармен, сол жылдардағы қиындықтарды басынан өткізген тәжірибелі тәлімгерлермен тізе қосып, қатар қызмет еттім.
ТАҒЫЛЫМ
13 тамыз 2019 г.
1 284
0
Қазіргі студенттерге қайран қаласың. Енжар-ау, енжар. Аттап баспайды. Міне, қанша жылдан бері университетте «Журналистикаға кіріспе», «Журналистиканың талдамалы жанрлары» деген пәндерден дәріс оқумен келемін. Соның ішінде 2016 жылға дейін, Парламент депутаттығына сайланғанша, «Егемен Қазақстан» газетінің басшысы, яғни акционерлік қоғамның президенті ретінде сабақ берумен болдым. Әңгіменің ара-арасында: «Айналайындар, жазуды жас кезден меңгеру керек. Студенттік жылдардан-ақ жариялана берген жөн. Жақсы дүниелеріңіз болса, маған әкеліп беріңіздер немесе электронды поштамның адресіне жолдаңыздар. Ыңғайға келетінін шығарамыз. Бірте-бірте ысыласыздар. Тәжірибе жинақтайсыздар» дейсің. Қозғала қоймайды. Тіпті, «Басқасын атамағанда, алыстағы ата-аналарыңызды бір қуантып қою үшін де газетке ауық-ауық шығып тұрған жақсы» деп те айтасың. Сонда да қозғала қоймайды. Ілуде біреуі болмаса.
ТАҒЫЛЫМ
13 тамыз 2019 г.
481
0
Тарих, әдебиет, өнер сынды рухани құндылықтар – мемлекет құрылымының мызғымас іргетасы. Олардың әрқайсысының сан – салалы қырлары бар. Ал осынау ұлттық құндылықтың іргетасын кімдер қалайды? Әлбетте, шығармашылық өкілдері. Ханға да, қараға да тиесілі пенделік тірліктің парқын ұғып, парасат-пайымына терең бойлайтын қаламгерлер елдік мәселелерге енжар қарай алмай, кейде қоғамның қат-қабат қайшылықтарына қарсы үн қатып жатады. Үн қатады дегеніміз, “жайдақ атқа міне шауып”, аттандап айғай салу емес. Олар ішкі жан толқынысын, күйзелісін, қорқынышын, өмірге деген талабы мен талпынысын, болашаққа деген болжамын шығармашылық еңбегі арқылы жария етеді. Жаратқанның жазуымен қолыңа қалам алған екенсің, онда көңіл қалтарысында көлденең сыр бүгіп қалуға хақың жоқ. Ымыраға келмес тірліктің ығына есіп, әуре -сарсаң болудың қажеті қанша?..
ТАҒЫЛЫМ
12 тамыз 2019 г.
1 258
0
Кешегі кеңестер кезеңінде «кадрлар бәрін шешеді» деген қағида мемлекеттік кадр саясатының негізгі ұстанымы болды. Мықты кадрлар корпусы жасақталып қана қоймай, ізбасарларды тәрбиелеуге де жұмыс істеді. Қайбір саланы алсақ та мамандар шоғыры қалыптасты. Оның дәлелін алысқа ұзамай-ақ өзіміздің туып өскен Қызылорда облысынан да көруге болады.
ТАҒЫЛЫМ
10 тамыз 2019 г.
1 668
0