Қазақстан достық пен келісім аумағы болды және болып та қала береді. Сұхбат кезінде дәл осылай деген ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев әңгімелесу барысында соңғы уақытта қоғамды толғандырып жүрген бірқатар мәселеге қатысты да нақты ұстанымын түсіндірген. ҚазАқпарат informburo.kz ақпараттық-сараптамалық порталына сілтеме жасай отырып, Мемлекет басшысының аталған эксклюзивті сұхбатын оқырман назарына ұсынады.
Cұхбат
29 ақпан 2020 г.
711
0
Ол – ұлттық өнердің бағасын биіктеткен Елмұра. Оның Елмұра атанғаны қашан?! Халық жанымен, жүрегімен, дара даусымен ұлттық өнердің көшін жалғаған Эльмира Жаңабергенге алғаусыз көңілін осылай білдірген еді. Биыл жыршы, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Эльмира Манасқызы 50 жасқа толады. Елордаға барған сапарымызда жыршымен арнайы жолығып, өмірі мен өнер жолы туралы сұхбаттасқан едік.
Cұхбат
27 ақпан 2020 г.
1 178
0
"Мұрағатымда 16 жасымнан бастап түсірген пленкасы сақталған суреттер бар. Өзім фототілші ретінде мұрағат жинауды 19 жасымнан бастап қолға алдым. Сол 19 жасымнан 67 жасыма дейін жинаған пленкамды 2015 жылы зейнетке шыққанда қарасам 8 қап болыпты."
Cұхбат
23 ақпан 2020 г.
1 731
0
Сәулет Қалдашов – Қазақстанның Қарулы Күштері бас әскери-медициналық басқармасының аға офицері, медицина қызметінің подполковнигі, медицина ғылымының магистрі. Біріккен Ұлттар Ұйымының миссиясына қатысушы тұңғыш қазақстандық бітімгер әскери дәрігер. «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының өткен жылғы жеңімпазы. Қармақшы ауданының Дүр Оңғар ауылында дүниеге келген. Жұбайы Аягөз екеуі бес бала тәрбиелеп отыр. Қазір Нұр-Сұлтан қаласында тұрады.
Cұхбат
21 ақпан 2020 г.
1 264
0
Қайнар ОЛЖАЙ, журналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері: ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ЖАУЫ – ЖАУАПСЫЗДЫҚ
Cұхбат
13 ақпан 2020 г.
944
0
Аймақтағы қоғамдық-саяси ахуалға, әлеуметтік-экономикалық оңды істерге мәслихат депутаттарының қосқан үлесі аз емес. Өңірдің дамуы жолында оң шешім қабылдау, бұқара мен билік арасында дәнеркер болу – депутаттың басты міндеті. Ел сенімін арқалап жүрген халық қалаулысы Ибадулла Құттықожаевпен әңгіме өткенді саралап, алдағы міндеттердің ауқымын таразылауға арналған еді.
Cұхбат
11 ақпан 2020 г.
658
0
Әдеби талдау мен тұлғатану – оқырман мен автор арасындағы байланысты нығайтуға, қос тарап үшін де жаңа таным көкжиегін ашуға бағытталған ерекше сала. Бұл орайда әлем әдеби кеңістігінде антикалық дәуірден бүгінгі заман аралығына дейін шығармалар мен авторлары төңірегінде том-том еңбек жазылып, өз алдына дербес ғылым есебінде өз орнын алған. Тіпті орыс әдебиетінің алыптары Ф.Достоевский мен Л.Толстойдың шығармасынан бөлек, олардың өмір дағдысын арқау еткен зерттеу еңбектер көптеп саналады. Қазақ үшін де ұлтымыздың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының шығармашылығын, танымы мен парасатын терең зерделеу, талдау бойынша тың ізденіске бару – күн тәртібінен түспеген мәселе. Осы орайда, филолог-ғалым, түркітанушы, ақын Серікбай Қосанмен Абай мұрасы төңірегінде сұқбаттасудың сәті түсті. Ақын шығармашылығын зерттеу бағытындағы ғылыми үдерістер мен Абайдың төл қолжазбаларының тарихы турасындағы әңгімеден ғалымның әдеби жәдігерлерге деген ерекше ықтияттығы мен жауапкершілігін сезгендей болдық.
Cұхбат
04 ақпан 2020 г.
1 319
0
Былтыр аймақтың мәдениет саласындағы басты жаңалығының бірі – облыстық театрдың «академиялық» мәртебе иеленуі болды. Еліміздегі 60-қа тарта театрдың 10-ға жуығында ғана мұндай атақ бар. Әрине, олардың көшін әйгілі Абай, М.Әуезов, Қ.Қуанышбаев атындағы бұрынғы және қазіргі астаналық театрлар бастап тұр.
Cұхбат
04 ақпан 2020 г.
701
0
Ғалымбек Жақсылықов,облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры:
Cұхбат
04 ақпан 2020 г.
1 056
0
Әлемде ауыл шаруашылығы – жетекші саланың бірі. Жерден ризық терген еңбекші жұрт осылайша агроөнеркәсіп саласын дамытуға ерекше мән береді.
Cұхбат
02 ақпан 2020 г.
1 305
0