Бизнес – береке бастауы. Сонымен бірге кәсіпкерлік мемлекеттің тірегі, қозғаушы күші саналады. Сондықтан да қазіргі таңда өз ісін бастағысы келетін тәуекелшіл жандарға мемлекет тарапынан үлкен қолдау бар. Өз ісін өркендетем дегендерге көмек қолын созатын түрлі ұйымдар құрылып, жұмыс істеуде. Соның бірі – «ҚазАгроКепіл» АҚ. Осы мекеменің облыс бойынша өкілдігінің директоры Айдос Жылқайдаровпен компанияның жұмысы туралы әңгімелесудің сәті түскен еді.
Cұхбат
17 шілде 2018 г.
1 326
0
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев өз Жолдауларында жоғары білімнің сапасы мен қолжетімділігін арттыруды тапсырып, еліміз бойынша біраз нәтижелі іс қолға алынды. Бұл бағытта аймақ білімінің қарашаңырағы – Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде де жүйелі жұмыстар бар. Тілшіміздің осы оқу орны ректорының міндетін атқарушы, техника ғылымдарының докторы, профессор Қылышбай Бисеновпен сұхбатында беделі биік білім ордасындағы оң бастамалар жайлы тарата айтылады.
Cұхбат
10 шілде 2018 г.
2 118
0
Ұлттық арнадағы «Шет елдегі қазақ балалары» жобасымен танылған журналист Жанар Байсемізова бүгінде қыз-келіншектерге арнап мотивациялық тренингтер мен семинарлар өткізіп жүр. Әріптесімізді журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Қызылордадағы осындай жиындардың бірінде жолықтырып, әңгімеге тартқан едік.
Cұхбат
28 маусым 2018 г.
2 166
0
Шағын және орта бизнесті дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Кәсіпкерлікті қолдау арқылы мемлекет ұлттық экономиканы шикізат есебінен ғана көтермейді, экономика қызмет көрсету саласы мен бизнеске арқа сүйейді. Бұл сөзімізге бір кездері қолында еш ресурсы болмаған Сингапур секілді елдер мысал бола алады. Елбасы еліміздің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесін болашақта кем дегенде 50%-ке жеткізу туралы нақты міндеттер қойды.Биыл облыста «Жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы». Осы орайда, қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Жанмұрат Сейіловпен әңгімелескен едік.
Cұхбат
28 маусым 2018 г.
1 563
0
Раушанбек Сариев 1983 жылы Н.В.Гоголь атындағы Қызылорда педагогикалық институтының физика-математика факультетін бітірген. 1983-1988 жылдар аралығында қалалық пионерлер және оқушылар сарайында үйірме жүргізді, лаборатория басқарды, техникалық-шығармашылық бөлімге жетекшілік етті. Он жыл шамасында №1 мектеп-интернатта физика, информатика пәндерінің мұғалімі болды. Кейін жеке кәсіппен айналысып, 2015 жылы қалалық оқушылар сарайындағы жұмысына қайтып оралды. Содан бері осында балаларға білгенін үйретіп келеді. Одан бөлек, «KazRobotics» федерациясының облыстағы өкілі, қаладағы IT паркінің жетекшісі.
Cұхбат
21 маусым 2018 г.
1 918
0
Бүгінде 25 жылдық тәжірибесі бар №9 дарынды балаларға арналған облыстық «Білім-инновация» лицей-интернаты – талантты түлектерді тәрбиелеп отырған іргелі білім ошағының бірі. Оның дәлелі, 1993-2014 жылдар аралығында аталған лицейді 855 оқушы бітірген болса, олардың 92-сі «Алтын белгі», 171-і «Үздік аттестат» иегері атанды. Өткен жылы 15 «Алтын белгі», 10 «Үздік аттестат» иегері білімін дәлелдеп, 100 процент ЖОО-ға грант ұтып алған болса, биылғы оқу жылында 11 «Алтын белгі», 5 «Үздік аттестат» иегері қорытынды аттестациялаудан білімдерін дәлелдеп шықты. Осы аталған жұмыстардың жайымен толығырақ танысу мақсатында лицей-интернат басшысы Бақытжан Омаровпен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат
16 маусым 2018 г.
1 554
0
Елбасының «100 нақты қадам – Ұлт жоспарында» денсаулық саласы дамуының маңызды бағыттары айқындалып, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін арттыру, халық денсаулығына ортақ жауапкершілік және салауатты өмір салтын қалыптастыруды насихаттау бастамалары нақтыланды. Бұл бағытта аймақта да ауқымды жұмыс бар. Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназаровамен сұхбаттасып, саланың даму деңгейін саралаған едік.
Cұхбат
14 маусым 2018 г.
1 458
0
Цирк – ерекше өнер. Ептілік пен күштілікті талап етеді. Мұнда қызмет ететіндер де – ерекше жандар. Күн сайын қаншама қиындықпен бетпе-бет келеді.Бүгінде елімізде үш мемлекеттік цирк бар. Соның бірі – Шымкент қаласындағы «Оңтүстік-Цирк». Жуырда оның директоры Арман Әлиевпен әңгімелесудің сәті түскен еді.
Cұхбат
12 маусым 2018 г.
2 003
0
Бүгінгі таңда балық шаруашылығы облыс экономикасының маңызды саласына айналды. Өркендеу жолына түскен іргелі салада атқарылған жұмыстар да, алдағы міндеттер де ауқымды. Осы орайда облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Айдар Абдуалиевпен сұхбаттасқан едік.
Cұхбат
10 маусым 2018 г.
1 104
0
Жуырда Н.Бекежанов атындағы облыстық драма театр сахнасында «Пай-пай, жас жұбайлар-ай» комедиясының премьерасы өтті. Таптаурын секілді көрінгенмен тақырып өзекті. «Қарсы ал! Ләззат» деген екі ауыз сөз үш отбасының мұң-қайғысын қозғады. Сынықтан сылтау табылып, болмашыдан бүлік шықты. Көрерменді күлдірді, күрсінтті, комедия өз нысанасына дөп тиді. Бір қызығы, театрдың жастар труппасы заманауи ән мен биді тиімді таңдаған. Мұнан біз мюзикл жанрының белгілерін, өзгеріске ұмтылысты байқадық. Театр шымылдығы жабылған соң, қойылымның режиссері, Шыңғыс Айтматов атындағы халықаралық сыйлықтың лауреаты Қуандық Қасымовпен әңгімелесудің орайы келді.
Cұхбат
31 мамыр 2018 г.
1 010
0