Ертең бұқаралық ақпарат құралдарында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы жария етіледі. Бұл туралы ҚР Президенті бүгін отандық телеарналар арқылы арнайы мәлімдеме жасау барысында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Ертең, қаңтардың 31-інде менің халыққа Жолдауым ақпарат құралдарында жарияланады. Мен биылғы Жолдауымда ел дамуына тың қарқын беретін жаңа бағдарды ұсынбақпын. Басты тақырып - «Қазақстанның үшінші жаңғыруы» деп аталады. Бұл еліміздің экономикалық дамуының инновациялық өзегіне айналып, бәсекеге қабілеттілігін арта түсуі тиіс. Біз сандық технологияларға негізделген болашағы зор бағыттарға айрықша айрықша мән беретін боламыз. Ал білім беру, денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және баспанамен қамтамасыз ету сияқты маңызды салалар қашанда басты назарда қала бермек», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
30 қаңтар 2017 г.
1 736
0
26-27 қаңтар күндері Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев бастаған делегация шекаралас өңірлермен ынтымақтастық байланыс мәселелерін талқылау мақсатында жұмыс сапарымен Өзбекстан Республикасында болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қаңтар 2017 г.
1 853
0
"Қазақстан Республикасы Президентінің билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі – көптен күткен, толғағы жеткен шешім». Осылай жазу бұрыс болмайды. Бұрыс болмайтыны – Үндеудің халықтың көкейіндегі оймен үндестік табуында, дер кезінде жариялануында.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қаңтар 2017 г.
1 907
0
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті халықаралық жоба бойынша жылыжай жұмысын жүзеге асырғалы он жылдан асты. Жыл сайын қызанақ, қияр, болгар бұрышымен қоса, түрлі гүлдер өсіріліп, одан жиналған экологиялық таза өнім жоғары оқу орнының 9 асханасына таратылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қаңтар 2017 г.
1 861
0
Жаңақорған ауданында биылғы Тауық жылында ауыл шаруашылығы саласына ерекше мән беріледі. Оған толық негіз бар. Өндірілген өнім көлемі өткен жылы алдыңғы кезеңмен салыстырғанда, 105,2 пайызға өскен. Нәтижесінде аудан аймақ бойынша үшінші орынға көтерілді. Ал, мал басының өсімі де жоғары деңгейде сақталып келеді. Ет-сүт өнімдерін өндіру еселеп артқан.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қаңтар 2017 г.
1 690
0
28 қаңтарда, Қызылордада Алматыда өтетін 28-ші қысқы Бүкіләлемдік Универсиаданың өңірлік эстафетасын табыстау рәсімі өтті. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев сырбойылықтарды эстафетаның келуімен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тіледі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
28 қаңтар 2017 г.
1 459
0
Құрметті қазақстандықтар! Сіздердің назарларыңызға еліміз үшін аса маңызды, тағдырлы мәселені ұсынбақпын. Бұл – Конституция мен заңдарға өзгерістер енгізу. Біздің алдымызда билік тармақтарының өкілеттіктерін қайта бөлу міндеті тұр. Қазір заманның дидары өзгерді. Біз де өзгеруге тиіспіз. Сол себепті, мемлекеттің басқару жүйесін де жаңғыртатын кез келді. Мен елдің мүддесі мен заманның талабын, ұрпақтың болашағын ойлай отырып осындай байлам жасадым. Арнайы құрылған жұмыс тобы атқарылған істерді баяндады. Реформа екі негізгі бағыт бойынша іске асады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
3 996
0
Қазір бүкіл әлем түрленіп жатыр. Қазақстан да өзгеруде. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы Тәуелсіздігін жариялаған еліміз бен қазіргі Қазақ елін салыстыруға келмейді. Тәуелсіздікке ие болғаннан кейін Қазақстан Республикасында мықты президенттік билік қалыптасты. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы елең-алаң кезеңде билікті бір қолда ұстау керек те болды. Мұны уақыттың өзі талап еткен. Қазір бәрі өзгерді ғой. Еліміздің саяси басқару жүйесі демократиялық бағытта дамып келеді. Қоғамдық ұйымдар, оның ішінде әсіресе, үкіметтік емес ұйымдардың рөлі жоғарылап, белсенділігі күшейе түсті. Осының өзі демократиялық қоғамның сипаттарын көрсетеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
1 804
0
Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі тарихи шешім. Саяси құжаттың мәні – Президент өзінің бірқатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке береді. Бұл құжатта еліміз үшін аса маңызды тағдырлы мәселе ұсынылып отыр. Онда заман ағымына байланысты билік тармақтарының өкілеттіліктерін қайта бөлу міндеті тұрғанын, сол себепті де мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту керек екенін атап өтті. Осы мәселе туралы арнайы құрылған жұмыс тобы атқарған істерді бағамдай келе осындай шешім жасап отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
875
0
Тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекетімізді мығымдаудың жаңа кезеңі күтіп тұр. Сондықтан да, Мемлекет басшысы бес институционалдық реформаны жария еткені бәрімізге белгілі. Бұл кезеңде билік тармақтарының атқарар міндеттеріне өзгеріс енгізу қажеттілігін өмірдің өзі алға тартуда. Өйткені, биліктің басты міндеті – қоғам, мемлекет пен жеке адамның мүдделерінің тепе-теңдігін қамтамасыз ету болып табылады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 қаңтар 2017 г.
4 047
0