Елбасының билік тармақтары арасында өкілеттіліктерді қайта бөлу мәселелері жөніндегі Үндеуі тарихи шешім. Саяси құжаттың мәні – Президент өзінің бірқатар өкілеттігін Парламент пен Үкіметке береді. Бұл құжатта еліміз үшін аса маңызды тағдырлы мәселе ұсынылып отыр. Онда заман ағымына байланысты билік тармақтарының өкілеттіліктерін қайта бөлу міндеті тұрғанын, сол себепті де мемлекеттік басқару жүйесін жаңғырту керек екенін атап өтті. Осы мәселе туралы арнайы құрылған жұмыс тобы атқарған істерді бағамдай келе осындай шешім жасап отыр.
Күшті президенттік вертикаль бізге жас мемлекетті қалыптастырудағы оразан зор қиындықтарды еңсеру үшін қажет болды. Бұл уақытында өзін-өзі ақтады. Біздің барлық қол жеткізген жетістіктеріміз дәл осы жүйе кезінде жүзеге асырылды. Аталған реформа мемлекетті басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға негіз болады.
Елде жаңа мемлекет , жаңа экономика, жаңа қоғам құрылды. Алайда, әлем бүгінде көз алдымызда өзгеріп жатыр. Қоғамдық үдерістердің жылдамдылығы мен күрделілігі Қазақстанда да сезілуде. Ұсынылып отырған саяси құжаттың мақсаты да мазмұны – билік өкілеттіктерін сарабдалдықпен қайта бөлуде, тұтастай саяси жүйені демократияландыруда екені көрінеді. Бір жағынан алғанда құзырет шегіндегі өкілеттіктерді мемлекет басшысының өз еркімен биліктің басқа тармақтарына беру әлемде сирек кездесетін құбылыс. Аталған реформа мемлекеттің демократиялық жаңару үрдісіндегі тарихи саяси шешім, маңызды бетбұрыс болып табылады.
Бұл реформа екі негізгі бағыт бойынша жүзеге асырылады. Біріншіден, Президенттің әлеуметтік-экономикалық үрдістерді реттеудегі бірқатар міндеттерін Үкімет пен басқа да атқарушы органдарға беру көзделген. Яғни, аталған салаға Үкімет, министрліктер және әкімдіктер толық жауап беретін болады.
Екіншіден, билік тармақтары арасындағы қарым-қатынасты конституциялық деңгейде теңгерімді ету. Осы реформаның арқасында Үкіметті жасақтауда Парламенттің ролі артады. Парламент сайлауында жеңіске жеткен партия Үкімет құрамын анықтауға ықпал ететін болады. Бұл жағдай Министрлер кабинетінің өкілетті билік алдындағы жауапкершілігін арттырады, сонымен қатар, биліктің заң шығарушы тармағының атқарушы билікке бақылауын күшейтеді.
Осы Үндеуде көрсетілген екі бағыттың қай-қайсысы да жауапкершілік пен кәсібилікті арттыру арқылы мемлкеттік басқару тиімділігін одан сайын жетілдіре түсетіні анық.
Нағашыбай ХАЛЫҚҰЛОВ,
Арал аудандық ауруханасының дәрігері,
КСРО және ҚР Денсаулық сақтау үздігі.