Ұстазыңа шәкірт бол, шәкіртіңе ұстаз бол

Ұстазыңа шәкірт бол, шәкіртіңе ұстаз бол

Түркі жұртының абызы Қорқыт есімін иеленген Сыр өңіріндегі білім мен ғылымның қарашаңырағы Қызылорда мемлекеттік универ­сите­тінің есік ашқанына биыл 80 жыл толып отыр. Осы ұлағат ұясынан әр жыл сайын қаншама шәкірт үлкен өмірге қанат қағып, еліміздің даму, гүлдену жолында еңбек етіп жатыр. Ұстаз өз шәкіртінің ел игілігіне қызмет етіп, абыройлы атын шығарып жүргенін көргенде көзмайын тауысқан өз еңбегінің нәтижесін көріп марқаяды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 1 126 0

Жат ағымға жақындама

«Достық үйінде» «Экстремизм және терроризм про­фи­лак­тикасы» тақы­ры­бын­да семинар өтті. Оған облыс ау­ма­ғында про­фи­лак­ти­калық жұмыстар жүр­гі­зетін ақ­па­раттық-түсіндірмелік топ мү­шелері қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 643 0

Ауыспалы егістің әлеуеті

Еліміз қабылдаған әлеуметтік-экономикалық орнықты дамуға көшу туралы ұлттық бағдар­ламада басымдық беретін негізгі бағыттардың бірі – ауыл шаруашылығын, әсіресе суармалы-егіншілік  саласын көтеру болып отыр. Демек, алдымызда Арал өңірінде  суармалы егіншіліктің мәдениетін жоғары сатыға көтеріп, жалпы дамуға өзіміздің қомақты үлесімізді  қосу міндеті тұр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 675 0

Қуат көзі – оң бағытта

Электрлік тар­ты­лыс күші бар «Фор­мула Е» жа­рыс автомобилі ЭКСПО-2017-нің Гер­маниядағы пави­льо­­нына қойы­ла­ды.­ Бұл жа­­­йында бүгін баспасөз кон­фе­рен­­ция­сында креа­­тивті директор Андреас Хорбельт хабарлады. Оның айтуынша, тартылыс күші бар мұндай автомобильдер – жаңа көлік жасаудың таптырмас көзі болып саналады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 580 0
Інілік ізет

Інілік ізет

«Сыр – Алаштың анасы» деп дәріп­те­луінің діңгегі тереңде жа­тыр. Жер кін­ді­гінен жеті қат көк­ке жол ашылған ар­тық­шы­лы­ғын айт­па­ғанның өзінде киелі то­пырақтан кім туылып, кім түлемеді? Басқаны былай қойғанда, ананың ақ сүті, бабаның ақ батасы, даланың дархан иісі қай қазақтың да қасиетіне қасиет қоспаса көңіл сарайын бір мысқал кеміте қойған жоқ. Әсілі, сырбаз Сырдың сарқыты көп, мұнда шығармашылықтың шоқтығы бір төбе, шабытқа шоқ, жүрекке от сыйлап,  көкірек көзін ашқан, таудай талап, бар­мақ­тай бақ берген әсерін «жыр елі» деп жалпы атауға жинап тұр. Әдебиет деген – ұлы майдан. Бірақ қарулы емес. Тауып жазса – береке, таппай жазса – келеке. Мұны жалпы оқырман  тал­қы­сы дөп басып айтады. Біздің буынның көркем әде­биетке деген құмарлығы ерекше болатын. Мектептің маңдайалды кітапханасын місе тұтпай, ауылдық деген аты бар кітапхананың дү­ние­сіне құмарлау болдық. Өйткені бала қиялы өсіп, ой әлемі ордасы кең кеңістікті шарлаған тұста кесек-кесек тұлғалардың кітабын оқыған ұнамды еді. Сексенінші жылдардың басында «Қызыл алма» әдеби-сын мақалалар жинағымен қауышуыма түрткі болғанына, сыншы Сар­балаев­пен сырттай таныстырған ауылдық кітапхана екеніне әліге дейін қуанамын.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 670 0
«БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

«БІР БЕЛДЕУ, БІР ЖОЛ» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФОРУМЫ

Форум аясында өткен «Тығыз ынтымақтастыққа арналған саяси бірлескен қызмет» атты «дөңгелек үстел» жиынына қатысушылар алдында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпиннің Еуразияда ежелгі Жібек жолын жаңа, заманауи форматта қайта жандандыру идеясы әлемде белең алып келе жатқан саяси, экономикалық және гуманитарлық дағдарыстарға берілген уақытылы жауап екенін атап өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 501 0
Спортшыларға қаржылай сертификаттар тарту етті

Спортшыларға қаржылай сертификаттар тарту етті

Бүгін облыс әкімі Қырымбек Көшербаев шахматтан оқушылар арасындағы Әлем чемпионатының жеңімпазы Әсел Серікбаймен  және күміс жүлдегері  Назерке Нұрғалимен кездесті. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 608 0
Арал мәселесіне арналған халықаралық форум өтеді

Арал мәселесіне арналған халықаралық форум өтеді

Мамырдың 30-31 күндері Аралдың тұрақты дамуына арналған халықаралық форум өтеді. Бұл туралы бүгін облыс әкімінің орынбасары Серік Қожаниязов пен Аралды құтқару Халықаралық қорының Қазақстандағы атқарушы директоры Болат Қабыкенұлының қатысуымен өткен баспасөз-конференциясында мәлім болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 601 0
Қызылорда балығы Сарыарқада

Қызылорда балығы Сарыарқада

Қазалы ауданы ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушыларды азық-түлікпен қамтамасыз ету мақсатында Астана қаласы мен Қызылорда облысы әкімдігі арасындағы арнайы әзірленген кестеге сәйкес бірінші рет балық және балық өнімдерін Елордаға жөнелтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 16 мамыр 2017 г. 649 0

Арал өңірінің өзекті мәселелері талқыланады

Үстіміздегі жылдың 30-31 мамыр күндері Қызылорда қаласында «Тұрақты дамудың Арал Халықаралық форумы» өтеді деп күтілуде. Аталмыш шараның мақсаты, онда көтерілетін мәселелер туралы газет тілшісі облыстың табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Нұрлыбек Қалжатайұлы Жолдасбаевтан айтып беруін өтінген еді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 15 мамыр 2017 г. 693 0