Сенбі күні облыс әкімінің орынбасары Евгений Ким Қытайдың Куйтунь қаласы хатшысының орынбасары Ванг Гуйенг пен «Куйшань Баота» мұнай химиясы компаниясының бас директоры Те Бинь мырзаларды қабылдады. Кездесу барысында бірнеше мәселе қаралып, ынтымақтастықты арттыру жайы талқыланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
519
0
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
622
0
Бүкіл әлемнің назарын аударған Арал проблемаларына арналған алғашқы халықаралық конференция 1993 жылы Қызылорда қаласында өтті. Онда Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары мен Ресей үкіметінен келген делегация БҰҰ мен Дүниежүзілік Даму банкіне Арал проблемасын әлемдік қауымдастықтың талқысына салу туралы айтты. Сонымен бірге халықаралық «Арал теңізін құтқару қоры» құрылды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
840
0
Шын мәнісінде солай. Жалпы біздің әулеттің тарихы теңізбен тығыз байланысты десем, артық емес. Оған мына дерек толық дәлел болары анық. Бір сәт төмендегі деректерге назар аударайықшы. Кезінде мен жайлы «Қазақ әдебиеті» газетінде жарияланған очеркте «Теңіз Әдекеңе қарыз, Әдекең теңізге қарыз» деп жазылғаны бар. Мәнісі – Әйімбет атамыз балық аулап жүріп теңізге кетіп, бақилық болған. Бәлкім, теңіздің маған қарызы атамның айдын құшағында ажал құшуы болса, менің борышты болатыным қасиетті теңізден несібемді тауып, бала-шағамды асырауымда, елімнің қошеметін естуімде шығар. Өз әкем Ізбасар бозбала шағынан ересектерден қалыспай теңізді шарлаған байырғы балықшы. Ұлы Отан соғысынан ауыр жарақаттанып елге оралған соң әкем ұзақ уақыт балық аулау пунктін басқарды. Ал, өзімнің кіндігім теңіз қолтығында кесілді. Сондықтан теңізбен тағдырым да, тынысым да ортақ.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
634
0
Жылағанға мейірім, сұрағанға пейілін берген қасиетті қазақ жерінің бір ұлтарағы – Сыр елі. Жүрегі жомарт, бауыры жылы бұл өлкеде оннан аса ұлт өкілдері тату-тәтті тірлік кешіп келеді. «Қызылорда корейлер қауымдастығы» облыстық филиалы төрағасының орынбасары ¬Вилорий Шин де осы қасиетті өлкенің өз перзенті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
542
0
Қызылорда аймағының өзінде отызыншы жылдардың бас кезінде оннан астам қарулы ірі көтеріліс болған. Бұл көтерілістерге «антикеңестік» деген баға берілген жоқ. Кеңес өкіметі оларды «банда» қатарына жатқызып, қылмыстық кодексінің аясында аяусыз жазалады. Қауіпсіздік органдарының мәліметтеріне қарағанда, Филипп Исаевич Голощекин бастаған республика басшылары үш жылға жоспарлаған ұжымдастыруды Қазақстанда бір жылда аяқтауға бар күш¬терін салған. Тіпті, Ресей жеке ¬шаруа¬ларын 10 пайызға ұжымдастырған кезде, Қазақстанда бұл жұмысты 64 пайызға орындаған. Әрине, «революция шығынсыз ¬болмайды» деген қағиданы ұстаған партия басшылары ұжымдастыру кезінде «репрессия ¬машинасына» кеңінен сүйенген. Тек, 1930 жылы Қазақстандағы Біріккен саяси Бас басқармасымен (ОГПУ) 4970 қыл-мыстық іс қозғалып, 17 839 шаруа адамы жауапқа тартылған.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
760
0
Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Түркия елінің «Yildizlar SSS Holding» компаниясының басшысы Себахаттин Иылдызды қабылдады. Екіжақты кездесуде бірқатар мәселелер бағытында бірлесіп жұмыс атқару жайы талқыланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
528
0
«Атамекен» ҚР ҰКП Төралқа төрағасы Тимур Құлыбаев Қызылордаға жасаған жұмыс сапары барысында жергілікті кәсіпорындардың жұмысымен танысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
618
0
Бір кезде Аралдың бір қиырындағы «Сарыбасат» ауылының іргесіндегі «Қазақстан» колхозы ашаршылық, сұрапыл соғыс жылдарында тонналап балық жөнелткен, жүзге жуық азаматын жауды жеңуге аттандырған құтты мекен болған. Бұл кезде Қарақұл атаның ұлы Қапаш ержетіп, жетіжылдықты бітірген бойда колхозда есепшіліктен еңбек жолын бастады. Атасы Қарақұл секілді Қапаш та жұмысына тиянақты, алғыр болғанын жерлестері әлі күнге әңгімелейді. Отбасының бірден-бір сүйеніші болған Қапаш 1942 жылдың мамыр айында әскерге аттанды. Арал стансасы вокзалынан жүргелі тұрған қызыл эшелонға уыздай жас жігіттер жарыса мінді. Бір ауылдан аттанған жүзге жуық болашақ солдаттардың ішінде жиырмаға енді ғана толған Қапаш та бар еді. Қоғадай жапырылған әке мен әже, жаңадан отау құрған қыз-келіншектер қимастықпен қоштасып жатты. Жылап-сықтаудан жер қайысады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
709
0
Жазасын өтеушілерді жұмыспен қамту – өзекті мәселе. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, әрбір оныншы сотталушының ешқандай білімі жоқ. Ал, он адамның үшеуі мамандық алмаған. Қалай десек те, темір тордың арғы жағындағы тағдыры санқилы жандар – еліміздің толыққанды азаматтары. Бүгінде облыстық прокуратура бас бостандығынан айырылған азаматтарды еңбекпен қамту мақсатында тұрақты түрде іс-шаралар ұйымдастыруда. Нәтижесінде өткен жылы өңірдегі сотталғандардың жұмыс-пен қамтылу көрсеткіші 79,6 пайызға артып, республикада алдыңғы орындар қатарына тұрақтады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
20 мамыр 2017 г.
589
0