ҚАЙРАН КӨҢІЛ-АЙ!

18 мамыр күні облыстық филармонияның ұйымдастыруымен А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде танымал əнші, дарынды композитор Батырхан Шөкеновті еске алу арналған «Қайран көңіл-ай!» атты кино-концерт өтті. 
Әнші Ринат Үсенов Б.Шөкеновтің орындауындағы «Отан ана» әнімен сахна шымылдырығын ашты. Мұнан соң «Сыр самалы» вокалды аспапты ансамблінің сүйемелдеуімен Гаухар Бисекенова «Қайран көңіл-ай», Индира Ахметова «Гавань моей любви», Ғалымжан Ұлықпан «Бал сезім» (саксофонда), Әділхан Тәуекел «Гүл Алматы», Айдана Наукеева «Дождь»,  Олжас  Нұралиев «Ревнивая»,  Гүлфира Әлиханова «Сағым дүние», Данияр Есентеміров «Так далеко», Бекзат Молдабергенов «Брат», Әбдіхалық Мұстафаев «Твой шаги» әндерін орындап, көрерменнің қошеметіне бөленді. 
Сыр топырағында туылып, өнерімен Қазақстанды ғана емес, алыс-жақын шетелді мойындатқан өнер тарланы тірі болғанда биыл 55 жасқа толар еді.  Туған күніне орай ұйымдастырылған шараға танымал әншінің тыңдармандары көп жиылып, жерлестері сағынышпен еске алды. Концерт барысында талантты əншінің өмір жолы мен шығармашылығынан бейнебаян көрсетілді. Сондай-ақ, жергілікті өнерпаздар Батырхан Шөкеновтың әндерін орындап, өнер жұлдызы туралы естеліктер айтылды.
Айта кетейік, аймақта дарынды композитордың ән мұраларын, шығармашылығын кейінгі ұрпаққа кеңінен насихаттау мақсатында республикалық, аймақтық және облыстық деңгейдегі түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді. 


НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 мамыр 2017 г. 622 0