Жылағанға мейірім, сұрағанға пейілін берген қасиетті қазақ жерінің бір ұлтарағы – Сыр елі. Жүрегі жомарт, бауыры жылы бұл өлкеде оннан аса ұлт өкілдері тату-тәтті тірлік кешіп келеді. «Қызылорда корейлер қауымдастығы» облыстық филиалы төрағасының орынбасары ¬Вилорий Шин де осы қасиетті өлкенің өз перзенті.
Бүкіл өмірін ұстаздыққа арнаған Вилорий Николаевич Шин 1936 жылы Хабаровск қаласында дүниеге келген. Ол өзінің тағдырлы жолы туралы бізге бастан кешкендерін ¬-айтып беріп еді.
Менің бір жасар кезімде әке-шешем сталиндік қуғындау құрбан-ды¬ғына айналып, Қазақстанға жер аударылдық. Әрине, бір біз үшін емес, күллі корей халқына ауырлық арқа¬латқан сол кезде-ақ ата-анамнан айырылған екенмін. Сондықтан «ана», «әке» деген сөзді айтқан бала емеспін. Бірақ басқа түскен қиындықтан қыз¬ған темірдей суарылып, құрыштай қатайдық. Ата-әжем мен «Сұлутөбе» станциясындағы немере ағам Иннокентий Цхайдың қолында тұрып, М.Ломоносов атын¬дағы орта мектепте білім алдым. Жас кезімнен спортты жақсы көре¬тінмін. Спорт менің ұстаз атануыма үлкен септігін тигізді.
Алғашында Қазалы ауданын¬дағы №16 мектептің еңбек және сызу сабағынан дәріс бердім. Сонан соң дене¬шынықтыру пәнінің мұғалімі бол¬дым. Жалпы өмір жолымдағы жет¬кен жетістіктерім үшін қазақ елі¬не, оның ақпейіл халқына басымды иіп өтем. Қазақстанды өзімнің отаным деп санаймын, осы елге деген сүйіспеншілігімді ұрпағыма аманат қыламын. Біз қазақ халқына шынында борыштармыз. Сыр елі біздің анамызға айналды, қазақ жер аударылған барлық ұлыстарға өз туғанындай қолқайырлық көр¬сетті. «Қазақтарды сыйлаңдар, біз¬дің тірі жүргеніміз, сендердің аман-дықтарың – бауырмал қазақ хал¬қының арқасы», – дейтін аталарымыз. Сол қамқорлықты бүгінгі буын да жақсы сезінеді. Қазақ ағайынның қамқорлығын көрген барлық ұлт, ұлыс өкілдері де осы ойда деп ой¬лаймын, оларға деген біздің ал¬ғысымыз шексіз.
Біз қазақ халқымен бірге біте¬қайнасып, асық ойнап, мал бағып, айран ішіп, атқа шауып өстік. Елдегі қуанышты да, қайғыны да бірге бөліс¬тік. Туысқа, құда-жегжатқа айналдық. Өзімнің қазақтармен құда болғаныма он жылдан асты. Арамызда дорба да, жорға да қатынап, атадан жалғасқан ағайындықты ардақтап келеміз.
Бір жүздескен шағымызда Елбасы корей этнос өкілдерін «Біздің төртінші жүзіміз» деген ¬болатын. Расында, еліміз барлық ұлт пен ұлыстың бейбітшілік ¬ордасына айналып, толеранттылықтың -ерек¬ше үлгісін жасап отыр. Соның ішін¬де әлемде теңдесі жоқ бірден-бір құ¬ры¬¬лым – Қазақстан халқы ¬Ас¬са쬬блеясын құру, оны жетілдіру, бас¬қа елге үлгі ету – Елбасының сарабдал саясатының нәтижесі. Облыс¬та 11 этномәдени бірлестік жұ¬мыс жасайды. Олар мемлекеттік саясатты қолдап, аймақтың өркен¬деуіне өзіндік үлес қосып келеді. Бүгінгі күні біздің бірлестік ұмыт болған салт-дәстүрімізді, ауызекі сөйлеу, жазу мәселелеріне мән беріп, осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз.
Мен – қазақ елінің патриоты¬мын. Патриот деген ұғымды бала-ның бойына сәби кезінен сіңіру керек. Патриот болу отанды сүюмен ғана шектелмейді. Ол үшін бала кішкентай кезінен өзінің отбасын, өз ауылын, білім алған оқу ордасын, оны тәрбиелеп өсірген ата-анасы мен ұстаздарын шын ниетімен, жүрегімен сүюі керек. Сонда ғана адам нағыз патриот бола алады.
Біздің облысқа Корей республикасынан арнаулы орталықтар келіп, кішігірім кездесулер өтіп тұратын кездер болады. Сондай кездесудің бірінде маған корей журналисі: «Сіз Оңтүстік Кореяның халқын жақсы көресіз бе, әлде Солтүстік Кореяның халқын жақсы көресіз бе?» – деп сұрақ қойды. «Мен бейбітшілікті жақсы көремін» – деп қысқа жауап бердім. Ол жауабыма қанағаттанбай кетті. Менің айтпағым, қазақ жерінде өмір сүргендіктен біздің ой-санамыз басқаша, өйткені «Достық мекенінде» тәрбиеленгенбіз. Ал, олар өзгеше тәлім-тәрбие алған.
Халықтың сөзіне қарағанда, бақ дегенің кез келген жерге табан тірей бермейтін көрінеді. Ынтымақ, ауыз¬біршілік, жарасымдылық ұялаған жерге барып қонақтайды. Сол бақ қазір Қазақ елінде. Осы бақты сақтау үшін біз бәріміз бірлігімізге бекем болайық.
Бұл – ұстаз Вилорийдің сөзі.
* * *
Вилорий Шин ¬зейнетке шыққаннан кейін де қаладағы №6 орта мектепте мемлекет және құ¬қық пәнінен дәріс берді. Отан мен халық алдындағы азаматтық әрі перзенттік парызын жоғары дәрежеде өтеді. Педагогикадағы адал қызметі жоғары бағаланып, білім беру ісінің үздігі атанды. Ұстаз үшін ең үлкен марапат 2014 жылы Елбасынан алған «Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін дамытуда қосқан үлесі үшін» берілген Құрмет грамотасы болды. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Вилорий Шин Қазақстан халқы Ассамблеясының даму жолында өз үлесін қосып, жалпыхалықтық бір¬лікті нығайтудағы еткен еңбегі баға¬ланып, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйытқысымен «Қазақстан патриоты» номинациясын иеленді.
Р.ДҮЙСЕНҰЛЫ.