Қызылорда аймағының өзінде отызыншы жылдардың бас кезінде оннан астам қарулы ірі көтеріліс болған. Бұл көтерілістерге «антикеңестік» деген баға берілген жоқ. Кеңес өкіметі оларды «банда» қатарына жатқызып, қылмыстық кодексінің аясында аяусыз жазалады. Қауіпсіздік органдарының мәліметтеріне қарағанда, Филипп Исаевич Голощекин бастаған республика басшылары үш жылға жоспарлаған ұжымдастыруды Қазақстанда бір жылда аяқтауға бар күш¬терін салған. Тіпті, Ресей жеке ¬шаруа¬ларын 10 пайызға ұжымдастырған кезде, Қазақстанда бұл жұмысты 64 пайызға орындаған. Әрине, «революция шығынсыз ¬болмайды» деген қағиданы ұстаған партия басшылары ұжымдастыру кезінде «репрессия ¬машинасына» кеңінен сүйенген. Тек, 1930 жылы Қазақстандағы Біріккен саяси Бас басқармасымен (ОГПУ) 4970 қыл-мыстық іс қозғалып, 17 839 шаруа адамы жауапқа тартылған.
Осыдан кейін халық Қытайға, Моңғолияға, Иранға, Ауғанстанға және басқа республикаларға ауа көшуге мәжбүр болған. Қауіпсіздік органдары құжаттарының бірінде былай делінген: «Уже к концу 1930 года откочевочном движением в той или иной мере были охвачены почти все районы Казахской ССР. Поголовье скота и численность населения в республике резко сократилось. Например, в 1930 г. убыло населения – 317 373 чел., скота – 11 904 900 голов. В 1931 году убыло населения – 754 888 чел., скота – 20 925 924 головы». Жалпы, Қазақстанда 1929 жылға дейін 44,7 млн бас мал болған. Сол қалың малдан 1934 жылы 4 513 500 бас мал қалған. Тек, 1928-1932 жылдар аралығында 6 000 509 ірі қара малдан 965 бас мал қалған, 18 000 566 мың қойдан 1 млн. 386 бас қалған, 3 000 616 жылқыдан 416 бас қалған, 100 042 мың түйеден 63 бас қалған. Қауіпсіздік органдары орын алған мал шығынын былай деп, бағалауға мәжбүр болған. «Убыль скота за период 1930-1932 годов по своим размерам является небывалой, катастрофической...».Кеңес өкіметі байларды түпкілікті жою мақсатында, малдарынан айырылған мыңдаған адамды балық аулап, күн көру үшін Арал теңізіне күштеп қоныс аудартқан. Атап айтқанда, Крайком бекіткен цифрлар бойынша 1930 жылы Арал теңізіне 1257 шаруашылық, яғни 7105 адам қоныс аударған. Жалпы, Арал теңізіне 3499 шаруашылық қоныс аударуды жоспарлаған еді. Алайда, билік басындағылардың бұл іс-шаралары ешқандай нәтиже берген жоқ. Керісінше, Қазақстанның барлық аумағында жаппай ашаршылық басталды.
Қазақстандағы Біріккен саяси Бас басқармасының мәліметі бойынша, 1931-1933 жылдар аралығында 2 000 000 қазақ және 200-250 мыңға жуық басқа ұлт өкілдері қаза болған көрінеді. Әрине, бұл болжалы цифрлар.
ВКП(б) Қазақ өлкелік комитеті¬нің 1933 жылғы 10-16 шілдеде болып өткен VI пленумда Қазақ АССР Халық Комиссарлары Со¬веті-нің төрағасы Ораз Исаев, ұжым¬дастыру кезінде жіберілген қателіктерді мойындап, былай деген еді: «Көшпелі және жартылай аудандарда отырықшыландыру мен колхоздандыруды шапшаңдату, жеделдетудің қате екендігі енді күмәнсіз болып отыр. Мәселені жаңағыдай қоюға не себеп болды дегенге келсек, өзім туралы айтатыным мынау: ауылдағы партия, кеңес жұмыстарын орындаудың және мал шаруашылығының бұрын¬ғыдан әрі ойсырай беруіне тоқтау салудың мыңнан бір дұрыс жолы отырық-шылдандыру мен колхоздандыру деп білген едім сол кезде... Қатеміз сол, ауылды үлкен қиыншылдықтарға ұшыратқан, мал¬дың басын кеміткен шын себептерді ұқпадық, содан дұрыс қорытынды шығара алмадық, сондықтан, әрине, теріс істер кетіп, ағаттықтарға жол бердік... Сонымен жауапкершіліктен жалтармақшы емес¬пін. Ісімізде бол¬ған үлкен-үлкен қателерге де менің өз басым айрықша -жауаптымын. Басшылықтағы ең басты орын (роль) ұйым¬ның бірінші хатшысы Голощекиндікі болды. Солай болған соң, әрине, айыптың адам айтқысыз мол жағы сонда, бұл даусыз нәрсе. Әрине, қазірде де, басшылықта менің орным бірінші хатшымыз Мирзоян жолдастың орнымен бірдей емес. Мирзоян жолдас ұйым басшысы болғандықтан саясат пен басшылыққа ¬алдымен жауапты. Әрине, менің мұным жауапкершілікті өз ¬мойнымнан тү¬сір¬гендік емес...». -Әділдік үшін айтайық, 1932 жылы ¬Исаев Бас хатшы Сталинге хат жолдап, қазақтардың аштан қырылып жат¬қанын айтқан. Қазақстанда жүргізіліп жатқан науқаншылықты әшкерелеп, Голощекиннің жіберіл-ген қателіктерін түзетуге қауқарсыз екенін мәлімдеген. Сонымен қатар, Мәскеу алдында оны ауыстыру жөнінде тұңғыш рет мәселе көтерген бірден-бір мемлекет қайраткері. Кеңес өкіметінің солақай -саясаты кейін «Үлкен террорға» ұласты. Ашаршылық пен қуғын-сүргін жылдары Кеңес Одағы бойынша «контрреволюциялық қылмыстары» үшін 3 778 254 адам қамауға алынып, 786 098-і ату жазасына кесілді. Сонымен қа¬тар, «Отанға опасыздық» жасағандарға арналған лагерьлерде 1 317 195 адам отырды. Солардың қатарында 830 491 орыс, 181 905 украин, 44 785 белорус және 17 121 қазақ болды. Тек, 1937-1938 жылдары Қазақстанда 103 мың адам қамауға алынып, 25 мыңы ату жазасына кесілді. Қазақ¬тың зиялы азаматтарымен қатар мыңдаған қарапайым, шаруа адамдары да жазықсыз жазаланды. Атап айтқанда, жазаланған адамның 40 пайызы шаруа адамдары болған. Басым көпшілігі атылып немесе Сібірге жер аударылғандар. Алайда, сол кездегі республика басшысы Левон Мирзоянға бұл жеткіліксіз болған секілді. Оған куә жазалауға жататын адамдардың санын көбей¬туге лимит сұрап, Мәскеуге шұғыл жолдаған оның мынадай құпия хаты бар: «Москва ЦК ВКП(б) тов. ¬Сталину. По антисоветским элементам нам было предоставлено право репрессировать по первой категории (ату жазасына) 8 000 человек. Сейчас эти лимиты почти полностью использованы. Мы должны к 10 декабря окончательно зачистить и покончить с активным антисоветским элементом. По эти двум категориям активного повстанческого, диверсионного и шпионского элемента нами изъято по ликведированным организациям и группам 1600 человек больше установленного лимита. Для полной зачистки остатков мы просим разрешить нам дополнительно репрессировать по первой категории 600 человек, по второй категории (бас бостандығынан айыруға) 1000 человек. Первый секретарь ЦК КП(б) Казахстана Л.Мирзоян. 1.12.1937 года».
Сонау сұмдық жылдары ¬Қы¬зыл¬орда облысының бірталай тұр-ғын¬дары да ¬саяси құғын-сүр¬гінге ұшырады. Ұлттық қауіп¬сіздік ко-митетінің облыстық депар¬таменті¬нің мұражайында 2543 қыл¬мыс¬тық іс сақталып келді. (Қазір бұл іс¬тер Ішкі Істер департаментінің мұражайына өткізілді). Сол істер бойынша 4234 адам жауапқа тартылып, 526 адам ату жазасына кесілген. Солардың қатарында 2043 қазақ, 1620 орыс, 260 кәріс және 301 неміс, поляк, еврей халықтарының уәкілдері бар. Кейін ақталу жұмыстары басталған кезде зорлық-зомбылық құрбандарының ағайын-туыстары құран бағыштау, дұға ету, ас беріп, еске алу үшін атылып кеткен жақындарының жерленген жерлерін тауып беруді талап етті. Осы бағытта Ұлттық қауіпсіздік комитеті бірталай іздеу жұмыстарын жүргізді. Бірінші кезекте 1930-1940 жылдар аралығында облыстық бас¬қармада жұмыс істеген бұрынғы ОГПУ-НКВД қызметкерлерінің тізімі алынды. Ату жазасын жүзеге асы¬ратын «А» бөлімінде Марсельский, Свинаренко, Леотов және басқаларының (барлығы 16 адам) жеке істері тексерілді. Алайда, тұратын мекен-жайларын анық¬тауға мүмкіндік болмады. Құжат¬тарында қауіпсіздік органдарынан шығарылған жылы мен күні ғана көрсетілген. Тек, Гончарова деген азаматша табылып, сұралды. Ол «А» бөлімінде хатшылық қыз¬мет атқарғанын растап, бірақ ату шараларына қатыспағанын мәлім¬деді. Сонымен қатар, 1960-1961 жылдары Қазақ ССР Мемлекет қауіп¬сіздік комитетінің Марсельский, Свина¬ренко және басқаларын тексеру¬ге алып, тергеуде жіберген заң-сыздықтары үшін РСФСР Қыл¬мыстық кодексінің 193-17 «а» бабымен жауапкершілікке тартқысы келгені анықталды. Алайда, 1943 жылғы «рақымшылық жасау туралы» заңға байла¬нысты олардың қылмыстық істері қысқар¬тылып, бар¬лығы түгелдей Ресейге көшіп кетіпті.
Жалпы, белгіленген тәртіп бо¬йынша ату жазасы мен ¬жерлеу құпия жағдайда жүзеге асырылып отырған. Оған дәлел құжаттар бар. Соның бірін қазақшаламай келтірейік. «Подписка. 1941 август 1 дня. Я, нижеподписавшийся шофер УНКГБ по Кзыл-Ординской области Безноско В.А., выдал настоящую подписку начальнику 2 отделения УНКГБ сержанту г.б. Хранину в том, что об известном мне факте исполнения приговора в отношении осужденного к расстрелу Колмыкова никому и не при каких обстоятельствах не разглашу. Я предупрежден, что в случае нарушения настоящей подписки несу ответственность в уголовном порядке. К сему ¬ (қолы). 1.08.41 г.».
Дегенмен, қауіпсіздік ¬органдарынан табылған кейбір құжаттарға сүйеніп, ату жазасының қалай жүзе¬ге асырылып отыр-ғанын байқауға болады. Сөзіміз құрғақ болмасын, деректерге жүгінейік. «Акт 1930 года, мая 15-го дня, гор.Кзыл-Орда. Мы, нижеподписавшиеся - старший уполномоченный 3-го отделения Набатов, уполномоченный 1-го отделения Ришт и о\уполномоченный того же отделения Маркениц, в присутстствии прокурора по Кзыл-Ординскому округу Бахтыбергенова, составили настоящий акт в том, что на основании выписки из протокола заседания Тройки при ПП ОГПУ по Казахстану от 24 апреля 1930 года, по делу №258 – Максина Р.К., Павлычева И.Е., Овчинникова М.М., Павлычева Ф.М. и Ильчева П.М., о применении к ним высшей меры социальной защиты – расстрела. Приговор сего 13 мая в 3 часа ночи, местного времени привели в исполнение посредством расстрела в 6 километрах юго-восточнее гор. Кзыл-Орда, трупы зарыты в общей могиле, на глубину 2х2 метра. Приговор привели в исполнение...». Әрі қарай актіге қол қойған ОГПУ қызметкерлерінің аты-жөні жазылған. Айта кету керек, белгілі журналист, облыстық «Ленин жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газетінің тілшісі Мырқы Исаевтың тарихи әділеттікті қалпына келтіру, тоталитаризм құрбандарын мәңгі есте қалдыруға айтарлықтай үлес қосты. Сол тоқсаныншы жылдары Мырқы Исаевтың ¬бастамасымен ату жазасына кесілген кісі¬лердің жерленген жерлерін іздестіру бас-талды. Қауіпсіздік органдарының қызмет¬керлеріне Қарауылтөбе қыс-тағы, қаладағы ¬Куйбышев көшесінің бойы, МАИ және Тасбөгет кентінің маңа¬йын¬дағы жерлерді көрсетіп, ату жазасы осы жерлерде жүзеге асырылған деп, дәлел ретінде Сырдария аудандық «Жаңа – Дарья» газетінде жарияланған «Қырық мол¬даға түскен құрық» және Теренөзек аудандық «Еңбек туы» газетіндегі «Алтын тіс арқылы танылған өлік» атты мақалаларын табыс етті. Ақырында, 1995 жылғы 9 қарашада жергілікті «Сейхун» телеарнасынан қала шетіндегі үрпиген сусымалы шеге құмның арасынан бас сүйектің желке тұсында оқ тиіп, тесілген ізі бар, бірнеше өлген адам¬ның сүйектері табылғаны туралы видеосюжет көрсетілді. Бұл жерді жергілікті тұрғындар «Сабалаққұм» деп, атап кеткен екен. Келесі күні қалалық «Ақмешіт апталығы» газетінде осы тақырыпта көлем¬ді мақала жарияланды. Осыдан кейін ҰҚК-нің басқарма бастығы, полковник Нұрахмет Ералиев облыстық прокурорға хат жазып, қылмыстық іс қозғау туралы ұсыныс білдіреді. Осы хаттың негізінде прокуратура органдарымен қылмыстық іс қозғалып, табылып алынған адам¬ның сүйектеріне соттық-меди¬циналық сараптама жүргізілді. Нәти¬жесінде саяси қуғын-сүргін құр¬бандарының жаппай жерленген жері айқындалды. Осыдан кейін «Сабалаққұмда» арнайы ескерткіш орнатылып, жылда 31 мамыр күні митинг өткізілетін болды.
Әмірхан БӘКІРҰЛЫ,
ҚР ҰҚК-нің Ардагерлер
кеңесінің төрағасы,
отставкадағы полковник.