«Ел болам десең, бесігіңді түзе» деген нақыл сөз отбасы тәрбиесінің маңызын айқындатып тұрғандай. Әрбір жас отаудың түтіні түзу шығып, махаббат пен тату-тәттілік, береке-бірлік жарасқан жылы ұяға айналуы, босағасы берік, болашағы нұрлы болуы мейлінше әйелге байланысты. Осы орайда, биыл екінші мәрте ұйымдастырылған «Қазақтың келіндері-ай!» облыстық байқауында әйел ролін көтерудің ерекшелігін көрсетті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 маусым 2017 г.
731
0
Бұл өмірдің базары да, ажары да – бүлдіршіндер. "Бір қозы артық туса, бір түп жусан артық өседі” деген тәмсілді ұстанған қазақ әр сәбидің өз несібесімен дүниеге келетінін айтады. Перзентін көңіл гүлі, көздің нұрына теңеп, жүрек түкпіріндегі үлкен үміт иесі санайды. Сондықтан 1 маусымда тойланатын Халықаралық балаларды қорғау күні – орны ерек, мәні бөлек мереке.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 маусым 2017 г.
558
0
Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесінің аясында Астана, Алматы қалаларында және барлық облыс орталығында бір мезетте балалар мен жастардың музыкалық оркестрі мен ансамблінің шеруі өткізілді. Шараның мақсаты – «Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясын іске асыру жолында өскелең ұрпаққа эстетикалық және патриоттық тәрбие беруге бағытталған. Балалар мерекесіне облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
03 маусым 2017 г.
543
0
Биыл елдігіміздің белгісі, Тәуелсіздігіміздің тұғырына айналған мемлекеттік рәміздеріміздің қабылданғанына 25 жыл толып отыр. Азаттықтың ақ таңы үшін арпалысқан ата-бабаларымыз бен бүгінгі ұрпақтың арман-аңсары көрініс тапқан Мемлекеттік ту, Елтаңба мен Гимннің ширек ғасырлық белесі Алаш баласы үшін мәні бөлек, мағынасы ерекше мереке.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 маусым 2017 г.
641
0
Биыл тәуелсіздіктің ең үлкен белгісі саналатын мемлекеттік рәміздерге де ширек ғасыр толғалы тұр. Мемлекеттік рәміздер еліміз тәуелсіздік алған сәтте бірден пайда бола қалған жоқ. Кеңестік атрибуттардан құтылып, тәуелсіз еліміздің нышандарын жасау үлкен күш пен уақытты талап етсе, екінші жағынан тұтас бір елдің өткен тарихын сипаттайтын мәнді, мағыналы белгіні жасап шығару да оңай тірлік емес.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
02 маусым 2017 г.
1 041
0
Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев "Атамекен" балалар ауылында, облыстық балалар ауруханасында және «Шағбан» инклюзивтік балабақшасында болды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
794
0
30-31 мамыр күндері Қызылордада бірінші Арал халықаралық тұрақты даму форумы болып өтті. Форумның мақсаты – Арал өңірінің экологиялық және әлеуметтік-экономикалық жағдайы туралы кеңірек ақпараттандыру, өзекті мәселелерге әлемдік қауымдастықтың назарын аудару. Форум жұмысына Қазақстан Республикасының Мем¬лекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова, Парламент депутаттары, Қазақстан Республикасының және Орта Азия елдерінің орталық және жергілікті мемлекеттік органдарының басшылары, Қазақстан Республикасындағы дипломатикалық өкілдіктердің басшылары, халықаралық ұйымдар өкілдіктерінің жетекшілері, ғалымдар мен сарапшылар қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
1 451
0
Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Тарихтан тағылым – өткенге тағзым» халықаралық форумында тарихты ақтарып, біраз деректерге көз жүгірттік. Осындай беделді басқосуда баяндама жасау мен үшін үлкен мәртебе деп ойлаймын. Бұл жиында бірқатар мәселенің ортаға салынуы да заңдылық. Өйткені, Сыр өңірін Ұлт Көшбасшысы Алаштың анасына балады. Сондықтан, дәстүр бойынша келелі мәселелер қара шаңырақта ой талқысына салынып, өз шешімін табатыны тарихта бесенеден белгілі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
711
0
Қазақстан Халқы Ассамблеясы ұйым¬дас¬тырған дәстүрлі форумның негізі тарихымызды зерделеп, ұлттық бірлікті нығайту болып табылады. Бұл іске мұрағат қызметкерлерінің де тікелей қатысы бар. Тарихи деректер негізінде ұлттық архив қорын насихаттау арқылы біз үлкен жетістіктерге қол жеткізе аламыз. ҚР Президентінің архиві Қазақстан Халқы Ассамблеясымен 2010 жылдан бері әріптестік байланыс орнатып келеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
772
0
Қызылордалық қолөнер шебері Айдана Әлайдарова апа-әжелерінен дарыған өнерді өлтірмеуге тырысып жүр. Ол киізден небір бұйымдар дайындап, киім де жасап шығарады. – Қолөнер біз, қазақ қыздары үшін таңсық емес. Ауылда өстік. Үлкен кісілер текемет басып, кілемнің жібін иіргенде айналшықтап жандарынан шықпайтынбыз. Сөйтіп жүріп үйрендік, – дейді ол.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
01 маусым 2017 г.
963
0