«Арайлы Ақмешітке  – Қаратаудан қоңыр саз»

«Арайлы Ақмешітке – Қаратаудан қоңыр саз»

  Жаңақорған ауданы Қызылорда қаласының 200 жылдық мерейтойына орай облыс орталығындағы Қорқыт ата мемориалдық кешеніне толықтай жаңғырту жұмыстарын жүргізді. Кеше оның ашылу рәсіміне облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, аудан дамуына атсалысқан зиялы қауым өкілдері қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2018 г. 600 0
Бала қауіпсіздігі бәрінен қымбат

Бала қауіпсіздігі бәрінен қымбат

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен мәжіліс өтіп, онда төрт мәселе қаралды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2018 г. 590 0
«Алтын дән-2018»   марапат иелері

«Алтын дән-2018» марапат иелері

«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі  1. Сәрсенов Абзал Төрахметұлы. Қазалы ауданы, «Жалаңтөс батыр» серіктестігінің директоры. 2. Лекеров Бақытжан Зинадинұлы. Сырдария ауданы әкімінің орынбасары. 3. Әшірбеков Бағлан Әміреұлы. Шиелі ауданы, «Аширбеков» шаруа қожалығының төрағасы. 4. Апсаттаров Абдулла Ақжанұлы. Жаңақорған ау­да­ны, «Миялы» агроөнеркәсіптік кооперативінің төр­ағасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2018 г. 944 0
Еңбек мерекесі – елдің берекесі

Еңбек мерекесі – елдің берекесі

Қазіргі уақыт дән даласында ала жаздай еңбек еткен диқандар жұмысы еленіп, көктемгі шығын мен күзгі табыс ескерілетін кезең. Аймақ үшін биылғы күз де толайым табысымен келді. Өткен аптаның сенбі күні облыс орталығында барлық аудандар күздің сыйын қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорған және Шиелі аудандарының   ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесін аралады.Молшылық мерекесіндегі думанды тойдың сәні мен салтанаты бөлек, тіпті сенбілік сауда да сұраныс пен ұсыныс бір-бірін адаспай тауып, ел қалағанынша керегін алды. Бұл күні 1500 тоннаға жуық бақша және сүт, ет өнімдері, балық әкелініп, базар бағасынан төмен бағада ұсынылды. Айталық, картоп өткен жылы 100 теңгеден болса, биыл 60-70 теңгеден, сәбіз былтыр 130-дан саудаланса, биыл – 80, күріш 150-180 теңгеден берілді. Биыл ауыл шаруашылығы саласында Шиелі, Жаңақорған аудандары жоғары көрсеткішке ие болып, егін шаруашылығын дамытуда ерекше еңбек үлгісін көрсетті. Жәрмеңкеде, Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы Елбасының 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 2,5 есеге арттыру тапсырмасына сәйкес, саланы әртараптандыруға басымдық берілгенін атап өтті. Ауданда ет, сүт өнімдері, дәнді дақыл көлемі өткен жылғыға қарағанда 10-30 процентке артқан.Мұнан кейін Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Алтын дән» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі сала қызметкерлерін егін жинау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтап, үздік қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттады. Думанды еңбек тойында «Құрмет» орденінің иегері, Социалистік Еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана Сәлима Жұмабековаға жаңа үйдің кілті табысталды. Дән даласын­да Сыр маржанын жайқалтып, берекелі еңбектің үлгісін көрсеткен, шаңырақтың алтын қазығына айналған анаға қай құрмет те жарасымды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2018 г. 643 0
Ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

Ардагерлер кеңесінің төрағасы сайланды

Облыстық ардагерлер кеңесінің қаулысымен Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Дүйсенбаев Серік Әбішұлы сайланды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қазан 2018 г. 1 529 0
«Алтын дән» мерекесі аталып өтті

«Алтын дән» мерекесі аталып өтті

Қызылордалықтар «Алтын дән» мерекесін атап өтті. Мереке аясында облыстың барлық аудандары мен қала төңірегіндегі елдімекендерінің қатысуымен дәстүрлі ауылшаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкелері ұйымдастырылды. Қызылорда облысының шаруалары 1500 тоннаға жуық ауылшаруашылығы өнімін – көкөніс, бақша және сүт өнімдерін, балық, сондай-ақ қой мен ешкі әкелді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қазан 2018 г. 520 0
Әрбір күріш сорты жанды организм секілді

Әрбір күріш сорты жанды организм секілді

Қызылордалық Александр Николаевич Подольскихті көпшілік Қазақстандағы танымал ғалым-селекционер ретінде таниды. Ауыл шаруашылық ғылымдардың докторы А.Н. Подольских қазір Қызылорда қаласындағы күріш өсіру ғылыми-зерттеу институтында қызмет атқарады. Білікті ғалым «Қазақстанның 100 жаңа есімі» алғашқы жобасының жеңімпаз болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 29 қазан 2018 г. 500 0
ЕҢБЕК ЕРІНЕ ЖАҢА ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

ЕҢБЕК ЕРІНЕ ЖАҢА ҮЙДІҢ КІЛТІН ТАБЫСТАДЫ

  Ауылшаруашылығы саласының қызметкерлерін марапаттау рәсіміне орай аймақ басшысы Қ.Көшербаев «Құрмет» орденінің кавалері, Социалистік Еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана - Сәлима Жұмабековаға жаңа үйдің кілтін табыстады
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қазан 2018 г. 620 0
ЕСЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ ЕРЕН НӘТИЖЕСІ

ЕСЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ ЕРЕН НӘТИЖЕСІ

Күз мезгілі – ала жаздай атыз жағалаған диқандар еңбегінің таразыға түсер сәті.  Мұны терең түсінетін шаруалар астықты алқапта толассыз еңбек етті, күннің жылт еткен шуағын тиімді пайдалану үшін тер төкті. Соңғы бес жылда басты дақыл күріш жинау­да биіктен көрініп жүрген Сыр диқандары биылғы науқанды да табыспен түйіндеді. Күріштен жоғары өнім жинады. Биыл басты дақыл гектарына 54,5 центнерден айналды. Облыс диқандары осылайша тәуелсіздік жылдары  қатарынан алтыншы жыл  жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, ел байлығын еселеуге үлестерін қосты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қазан 2018 г. 557 0
ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ЖОБА

ЕЛ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ЕЛЕУЛІ ЖОБА

  Кеше Жаңақорған ауданында қорғасын-мырыш тау-кен байыту комбинатының іргетасы қаланды. Оған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев, «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясының басқарма төрағасы Қанат Құдайберген және бас мердігер – «Engineering Dobersek GmbH» компаниясының бас директоры Альбин Доберсек қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 28 қазан 2018 г. 439 0