Облыстық ардагерлер кеңесінің қаулысымен Қызылорда облысының ардагерлер кеңесінің төрағасы болып Дүйсенбаев Серік Әбішұлы сайланды.
С.Дүйсенбаев 1951 жылы дүниеге келген. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтын «инженер-механик» мамандығы бойынша және Қызылорда гуманитарлық университетін «қаржы» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Казсельхозтехника» Шиелі аудандық бірлестігінің слесары ретінде бастап, 1977-1996 жылдары «Нан өнімдері» бірлестігінің инженер-механигі, директор орынбасары, директор лауазымдарында жұмыс істеген. 1996-2002 жылдар аралығында «Ел ырысы» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры, 2002-2005 жылдары «Қызылорда ауданаралық жылу орталығы» АҚ президенті, 2005-2007 жылдары «Арзан базар» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры болған. 2007-2008 жылдары қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы, 2008-2013 жылдары Қосшыңырау ауылдық округінің әкімі қызметін атқарған.
2013-2016 жылдары Қызылорда қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарды.
2017 жылдың басынан бастап Қызылорда қалалық Қоғамдық кеңесіне төрағасы.