КАРШЕРИНГ ҚАЗАҚСТАНҒА ДА ЖЕТТІ

КАРШЕРИНГ ҚАЗАҚСТАНҒА ДА ЖЕТТІ

Дамыған мемлекеттерде каршеринг деген бар. Бір сөзбен айтқанда, автокөлікті жалға алу қызметі. Қазақстанға жеткеніне көп бола қойған жоқ. Шарты оп-оңай. Кез келген адам ұялы телефонына арнайы бағдарламаны жүктейді. Жеке басын растайтын ақпаратты толтырып, банк карточкасын тіркейді. Содан кейін әлгі бағдарлама арқылы жақын маңдағы көліктің тұрған орнын анықтап, бір айналып келуге болады. Ақысы минут бойынша қойылып, темір тұлпарды пайдаланған уақытпен есеп айырысасыз. Жол-көлік оқиғасы бола қалған жағдайда қарастырылатын сақтандыру полисі, одан бөлек, жанармай, автотұрақ, көлік жуу мен жөндеу шығыны сіз төлеген ақшаның ішінде. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2019 г. 680 0
НАУРЫЗҚОЖАНЫҢ  «НАЙЗАСЫ»

НАУРЫЗҚОЖАНЫҢ «НАЙЗАСЫ»

  Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласындағы «Атқа міну мәдениеті» тарауында жылқыны қолға үйрету арқылы біздің бабаларымыз өз дәуірінде адам айтқысыз үстемдікке ие болғаны жайлы айтылған.Қамбар ата тұқымының қазақ үшін қадірі бөлек. Боз үйінің белдеуінде ат байланып тұрмаса, ішкен асы бойына сіңбейтін бағзы бабаларымыз «Адам жылқы мінездес» деген сөз қалдырыпты. Ұлттық ойындарымыздың көпшілігі де осы түлік түріне байланысты. Соның бірі – көкпар.  Көкпар – көшпенділердің байырғы заманнан бері келе жатқан ғұрыптық-жауынгерлік ойын өнері. Бабаларымыз ұлттық ойын түрлерін жетілдіру ар­қылы әскери-жауынгерлік да­йын­­дыққа мән берген. Көк­пар­дың түпкі шығу тарихы осыны меңзейді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 20 қаңтар 2019 г. 769 0
Облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты  жылды табысты қорытындылады

Облыстық «Жас Отан» Жастар қанаты жылды табысты қорытындылады

2018 жыл облыстық «Жас Отан» Жастар қанатына табысты жыл болды деуге толық негіз бар. Биыл Қызылорда облысы бойынша жасотандықтардың саны он екі мыңға жуықтады.  Облысымызда 7 аудандық, 2 қалалық бөлімше және оған қарасты бастауыш бөлімшелердің саны 180 ге жетті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 19 қаңтар 2019 г. 1 054 0
ТЫҢ ЖОБАЛАРҒА ЖАҢА СЕРПІНМЕН

ТЫҢ ЖОБАЛАРҒА ЖАҢА СЕРПІНМЕН

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты аймақта арнайы орталық құрылып, қазақтың тарихи атауын қайтарған Қазақ атқаруы комитетінің сызбасы негізінде салынған ғимарат пайдалануға берілді. Ғимараттың ашылу салтанатына ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіхалықова қатысты. Бағдарлама аясында алты негізгі бағыт және алты арнайы жоба жүзеге асырылуда.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2019 г. 791 0
Әселдің әлеуметтік шаштаразы

Әселдің әлеуметтік шаштаразы

Айқын мақсаты мен өзіндік ұстанымы бар жас буынға қолдау көреткен «Zhas Рroject» жобасы бірталай адамның кәсіппен айналысуына сеп болды. Ауқымды жобаны қолға алғандардың арасында Әсел Бекбанова да бар. Бүгінде ол мемлекеттің қолдауын ұтымды пайдаланып, бөлінген грантқа «Көркем» атты әлеуметтік шаштараз ашып, кәсібін дөңгелентіп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2019 г. 764 0
ҮЛКЕН ЖОЛ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМНАН жеңіл өнеркәсіптің еңсесі қалай көтеріледі?

ҮЛКЕН ЖОЛ АЛҒАШҚЫ ҚАДАМНАН жеңіл өнеркәсіптің еңсесі қалай көтеріледі?

Жеңіл өнеркәсіп туралы айтқанда, Кеңес Одағы кезіндегі Қызылорданың аяқ киім, тоқылмайтын маталар фабрикаларын еске алып, ностальгияға берілетініміз бар. Одан келіп экономикадағы  аса маңызды саланы дамытқан АҚШ, Италия, Қытай, Түркия сияқты елдердің, тіпті іргедегі Қырғызстан мен Өзбекстанның табыстарына қызығамыз. Өткенге өкініп, өзгеге қызыққаннан ештеңе өнбейтіні белгілі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2019 г. 588 0
Халықтық ем құндылықтары

Халықтық ем құндылықтары

Назарбаев зияткерлік мек­тебінің 10-сынып оқушысы Әлихан Қалқазбек пен 9-сынып оқушысы Әділхан Әжі­беков түрлі басылымдарда шық­қан халықтық ем түрлері, көріпкелдердің, емшілердің, «отбасы докторларының» күн­делікті пайдаланған ем-дом тәсілдерін 9 кітапшаға жи­нақтап шығарды. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 18 қаңтар 2019 г. 754 0
Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың халық алдындағы есепті кездесуі

Облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың халық алдындағы есепті кездесуі

 «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкім­дердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 190 Жарлығына сәйкес, 2019 жылғы 13 ақпан сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2019 г. 1 021 0
ГАЗДАНДЫРУ: қарқынды еңбек халықтың игілігі

ГАЗДАНДЫРУ: қарқынды еңбек халықтың игілігі

Сыр өңірінде облыс, аудан орталықтары ғана емес, аймақтағы ауыл тұрғындары да көгілдір отын игілігін көре бастады. Ұзаған жылдың қараша айында Шиелі ауданындағы Ы.Жақаев және Бидайкөл елді мекендері табиғи газға қол жеткізіп, ауылдағы ағайын мәре-сәре болып қуанып қалды. Иә, аймақты газдандыру жұмыстары қалың елдің көз алдында. Нақты кезеңде облыс халқының 64 проценті, ал Қызылорда қаласы тұрғындарының 95 проценті табиғи газ тұтынып отыр. Бұл мүмкіндікке Елбасының тікелей бастамасымен қол жеткізілді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2019 г. 603 0
Мектеп асханалары талапқа сай ма?

Мектеп асханалары талапқа сай ма?

Облыстағы жалпы білім беретін 294 мектептің барлығы  асхана, буфеттермен қамтылған. Дегенмен, ондағы тазалық пен ас мәзірі, тағамдар сапасы қай ата-ананы болса да алаңдататыны анық. Жуырда республика бойынша «Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханалары» жобасы басталған-ды. Осы орайда қызылордалық партия мүшелері бірқатар мектепке мониторинг жасады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 17 қаңтар 2019 г. 794 0