« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Облыстағы жалпы білім беретін 294 мектептің барлығы асхана, буфеттермен қамтылған. Дегенмен, ондағы тазалық пен ас мәзірі, тағамдар сапасы қай ата-ананы болса да алаңдататыны анық. Жуырда республика бойынша «Нұр Отан» партиясының «Мектеп асханалары» жобасы басталған-ды. Осы орайда қызылордалық партия мүшелері бірқатар мектепке мониторинг жасады.
Қызылорда мектептеріндегі асханаларда жоспарлы мәзір талапқа сай бекітілмейді. Тағам құнарсыздығы мен тамақ сақтау тәртібінің бұзылуынан бөлек, қарапайым ыдыс-аяқтың өзі дұрыс жуылмайды. Оқушыларды тамақтандырудағы осындай олқылықтарды орта білім беру ұйымдарына тексеріс жүргізген ведомствоаралық сарапшылар тобы анықтап отыр. Денсаулық сақтау саласы, үкіметтік емес ұйымдар мен ата-аналар комитетінің өкілдерінен құралған мониторингтік топ жоба аясында бірнеше рейд өткізді. Арнайы мониторингтік топ жетекшісі Жандос Тұсмағамбетов санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан өзге жылдық және апталық мәзірдің жасақталуы, сондай-ақ тыйым салынған азық-түліктің сатылуы қатаң бақылауға алынғанын айтты.
– Оқушыларға небәрі 220 теңгелік тамақтың берілуі ақылға қонымсыз. Арзан астың құнары болмайтындығы айтпаса да түсінікті. Осындай кемшіліктерді анықтап, партия өкілдеріне ұсыныс жасап жатырмыз, – деді Ж.Тұсмағамбетов.
Мониторингтік топ қаладағы №9, 136, 211, 12 мектептерге барып, ондағы асхана жұмыстарын көзбен көрді.
– Партиялық жоба аясында болашақ ұрпақтың саулығын нығайту көзделіп отыр. Айта кетейік, бүгінгі күні партия бастамасымен барлық мектепке Қазақ тағамтану академиясының ұсыныстарына сәйкес және санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен келісілген жаңа ас мәзірлері жолданған болатын. Алайда, кейбір талаптар бірқатар мектептер әлі де қолға алынбаған. Осы мәселе бойынша нақты шаралар ұйымдастырылуын бақылаймыз, – деді партиялық бақылау комиссиясының жетекшісі Аида Әбибуллаева.
Мәселен, Аида Әбибуллаеваның айтуынша, стандарт бойынша балалардың жасына қарай кемінде күндік асқа 550 -700 теңге қаралу керек екен. Жеміс-жидек мүлдем берілмейтін болып шықты. Тек сәрсенбі күн бір түйір алма беріледі екен. Кейбір мектептерде арнайы комиссиялардың жұмыс жоспары жоқ, күнделікті ас мәзірінің кестесі бекітілмеген, балалардың жас ерекшеліктеріне қарай берілетін ас мәзірі қамтылмаған, ас сақтау қоймаларының жағдайы да көңіл көншітпейді.
Мониторинг жұмыстары аясында сараптама тобының мүшелері кемшіліктерге орай мектеп директорлары мен асхана меңгерушісіне тиісті ескертпелер жасады. Мектеп басшылары мен шағын кәсіп иелері аталған кемшіліктерді түзеуге уәде етті.
Шынар Бекбан.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |