ҚАЗАЛЫМ – ҚҰТТЫ МЕКЕНІМ

Мемлекет басшысының Жолдауын сайлаушылармен талқылау, оның бағыттарын жалпақ елге түсіндіру мақсатында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары елді аралап, халықпен кездесулер өткізді. Мен де өзім туып-өскен Қазалы, Арал аудандарында болдым. Осы жолы ауданның шалғай жатқан елді мекендеріне барып, Қызылқұм мен Қарақұмның қойнауларын мекендеп отырған тұрғындармен жүздесіп, сұхбаттасудың сәті түсті. Бір кездері Бозкөл совхозының бөлімшесі болған Кәукей, Тасарық ауылдарына тұрғын үйлер салынып, екі-үш есеге өскені көңіл тоғайтты.  Аудан  әкімі Бақыт Жахановпен бірге бірнеше кездесулер ұйымдастырдық. Аудан тұрғындарының көңіл-күйі жақсы. Бұдан 7-8 жылғы бұрынғы халықпен қазіргі халықты салыстыруға мүлде  болмайды. «Елі байдың – халқы тоқ» деген аталы сөз осындайда айтылса керек.
ҚОҒАМ 01 наурыз 2014 г. 1 132 0

САЙЫН ДАЛА СҰЛУЫНА СУЫҚ ҚАРУ КЕЗЕНГЕН

Киікті қазақ және дейді бөкен, Бетпақты байғұс бөкен қылған мекен. Киікті атып аңшы өлтіргенде, Жазықсыз жан өлді деп ойлай ма екен?
ҚОҒАМ 01 наурыз 2014 г. 1 227 0

МҰҢ МЕН ДОСТЫҚ

Біз екеуміздің достығымыз қызық. Жас кезімізде, біреулер «мен досымды ешкімге айырбастамаймын, мәңгі дос болып өтеміз» деп, ант-су ішісіп жататын. Сол кезде, ешкімді  соншалық дос санап көрмеппін. Бірнеше қыздар, балалықтың қиялы болар, «Гулканур» деген ат қойып, (қыздардың аттарының бас буындары) әйдік достықты қалыптастырғандай болдық. Ал қазір сол қыздардың қайда жүргендерін де білмейтін дәрежеге жеттік.
ҚОҒАМ 01 наурыз 2014 г. 1 275 0

ЕҢБЕКТЕН БАҚЫТ ТАПҚАН

Ол үнемі қауырт іс үстінде жүреді. Қатарындағы жанды біреудің көңілін қалдырып, кемсітіп, мүсіркеп отырғанын қаламайды. Өз намысын қамшылап өскендіктен болар, адамдардың бірін-бірі кемсіткенін көрсе, әлі де жаны төзбейді. Ол Қоғалының кең жазығында «Айдаршоқы» мекенінде дүниеге келді. Дүниеге келгелі көргені әжесі Зағипа мен көзі көрмейтін анасы болды. Қос анасының  алақанында еш таршылық көрген жоқ. Тек әжесі қайтыс болып, бірінші сыныпты аяқтағанда қаршадай қыздың мойнына таршылық тауқыметі түсті.  
ҚОҒАМ 01 наурыз 2014 г. 1 055 0

КӨКТЕМ ЖАҚЫН, НАҚТЫ ІС-ҚИМЫЛДАР ҚАЖЕТ

Ақпанның алма-кезек ұйытқытқан қар бұрқасыны әлі де көтеріліп, басылмай тұр. Бұл елге де, жерге де жайсыздық туғызуда. Биылғы түскен қалың қар қасаттанып, аудан тұрғындарын біршама әбігерге салды, шаруашылыққа да кері әсерін тигізді. Қыстайғы жауған қабат қардың көктем шыға сел боп ағып, тұрғындардың көше бойымен  жүруіне қиындық туғызатыны хақ.
ҚОҒАМ 27 ақпан 2014 г. 882 0

КЕШІКТІРІЛГЕН ХАБАР

Редакцияға шағым айтқан ата-аналардың уәжін тыңдасақ, жаны бар секілді. Олардың айтуынша, жексенбі күні таңертеңгі сағат 8-де Қазгидромет ҚазАқпарат арқылы Жаңа жер аумағында қалыптасқан арктикалық ауа Қазақстан аумағына ауысып, антициклон республикаға Сібір аязын әкелетінін айтқан. Жексенбі және дүйсенбі  күндері еліміздің батысында түнде 22-30, солтүстік,  шығыс, орталық облыстарда аяздың 40 градусқа дейін жетуі ықтимал екені атап көрсетілген. 
ҚОҒАМ 27 ақпан 2014 г. 957 0

ҰЛТТЫҚ ИДЕЯНЫ ДАМЫТУ – БІЗДІҢ БАСТЫ ПАРЫЗЫМЫЗ

Мемлекетіміздің ең басты саяси құжаты болып табылатын Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына  арнаған дәстүрлі Жолдауын ел тұрғындары  жыл сайын асыға күтетіні баршамызға аян.
ҚОҒАМ 25 ақпан 2014 г. 1 084 0

ӨРНЕКТІ ӨНЕГЕ

Ұстаз–адам бойындағы бар рухани байлықты, әсемдікті шәкірттеріне өнегелі ісімен дарытушы. Жүріп өткен жолы, өмірінің әрбір кезеңі, әр сәті өнегеге толы жандар бар. Әдетте, айналамызда күнде көріп жүрген адамдардың қадір-қасиетін көп айта бермейміз, тіпті бағалай да бермейміз. Ондай жаны жайсаң, жүрегі жомарт жандар арамызда жүр. 
ҚОҒАМ 25 ақпан 2014 г. 983 0

ТАКСИСТ БОЛУДЫҢ ДА ТӘРТІБІ БАР

Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасы салық түсімін арттыру және заңсыз жолаушы тасымалын ретке келтіру мақсатында іс-шара өткізді. 
ҚОҒАМ 22 ақпан 2014 г. 1 049 0
ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

ЖАРҚЫН ІСТЕР ЖАЛҒАСЫН ТАБАДЫ

«Нұр Отан» партиясы Сырдария аудандық филиалы Елбасының биылғы жылғы «Қазақстан жолы – 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауын аудан тұрғындары арасында насихаттауда жоспарлы жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда аудандық филиал төрағасы, аудан әкімі Ғ.Қазантаев пен партияның белсенді мүшесі, Қазақстанның Еңбек Ері А.Ералиев аудан тұрғындарымен жүзбе-жүз кездесіп, Елбасы Жолдауын жүзеге асырудың жолдарын көпке жария етуде.
ҚОҒАМ 22 ақпан 2014 г. 1 023 0