ДӘУЛЕТІНЕ СӘУЛЕТІ САЙ БОЛСЫН

Замана талабына сай келбеті көріктене түскен ауданның бірі – Шиелі. Сексен мыңға тарта халқы бар бұл аймақта әр жылдары құрылыс жұмыстары  қарқынды жүргізіліп келеді. Мәселен, аудан бойынша соңғы кезеңнің өзінде 10 әлеуметтік нысан құрылысы жүргізілсе, оның 7-і пайдалануға берілді. Шиелі кентіндегі 600 орындық мектептің құрылыс жұмысы өткен жылдың желтоқсан айында аяқталып, мемлекеттік қабылдау жұмыстары жүргізілді. Оның жобалық құны 807 млн. 870 мың теңге болса, жобалық құны 1 млрд. 616 млн. 873 мың теңге тұратын 1200 орындық мектеп ғимаратының құрылысы ағымдағы жылдың тамыз айында аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде.  
ҚОҒАМ 12 сәуір 2014 г. 1 233 0

КӨКАЛА – ҚАУІПТІ ДЕРТ

Күн жылынып, күн сәулесiнiң қуаты артқан сайын қыстан шыққан зиянкестерге де қолайлы жағдай туады. Табиғатта кездесетiн қауіпті жәндіктің бiрi – кене. Кене адамға көптеген iндеттер таратады. Солардың қатарына Конго-Қырым қанды безгегi немесе Көкала ауруы жатады. 
ҚОҒАМ 12 сәуір 2014 г. 1 651 0

ӨЗІҢДІ КҮТ, ЖАС АНА

Дүниеге бала әкелiп, ана атану әрбiр қыз-келіншектің асыл арманы. Қазақ халқы келін түсісімен оған ерекше қамқорлықпен қараған. Өйткені, жас келін – ұрпақ өрбітуші, болашақ ана. Келіннің бойына бала біткен бойда оның абысын-ажыны енесінен сүйінші сұрап, жақсы хабарды жеткізген. Сөйтіп, сол сәттен бастап аяғы ауыр келін ерекше күтімге алынған.
ҚОҒАМ 12 сәуір 2014 г. 1 117 0

ИНТЕРНЕТКЕ ТӘУЕЛДІ БОЛМАЙЫҚ

Психологтардың пікірінше, интернет тәуелділігіне түсетіндердің көбі ерік-жігері әлсіз, өз ортасында томаға-тұйық адамдар. Виртуал әлемде олар өздерін идеал жасай алады. Сайып келгенде, бұдан шығатыны, адам шынайы өмірдегі отбасы, достары сынды биік ұғымдарды ысырып қояды да, қиял дүниесіндегі өзіндік «мені» айналасында тұрақтап қалады. Эгоизм, депрессия сынды сұмдықтар да әлеуметтік желілердің әсерінен туындайтын қасиеттер. Сірә, бұрынырақта дәрігерлер есірткі, не ішімдіктің құлына айналғандарды емдесе, қазір олардың қатарын интернетке тәуелділер толықтырайын дегені ме?! Олардың қандай сайтқа кіріп, не көретінін тіпті ешкім бақыламайды. Не көп, теріс пиғылды сайттар көп бұл күнде. Әсіресе шетелдік сайттар адамның санасын бұзуға бағытталған.
ҚОҒАМ 12 сәуір 2014 г. 1 465 0

АҚ БАЛАПАНДАРДЫҢ АНАСЫ

"Жақсы адамға соза берем қолымды, Жақсы адамдар оңғартады жолыңды”. Осы бір өлең жолдары Кеңес ауылының кең пейілді, жылы жүректі перзенті Рысжан Төлепбергеноваға арналған.
ҚОҒАМ 12 сәуір 2014 г. 828 0

ЕУРАЗИЯЛЫҚ КЕҢІСТІК: ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ШЕҢБЕРІ ҰЛҒАЯ ТҮСЕДІ

Жаһандық еңбек бөлінісінде өз нарығыңды қорғау бүгінгі таңда өзекті мәселенің біріне айналды. Бұл, шынтуайтына келгенде, өмірдің өзі тудырып отырған қажеттілік. Өзара тауарлар алмасу арқылы әрбір мемлекет сыртқы факторлардың ықпалынан қорғанады. Түйініне келсек, бұл саяси мәселе, рынокты қорғау, жұмыссыздықтың зардабын жеңілдету арқылы жанкешті бәсекелестік жағдайында өркениет көшіне ілесуге болады.
ҚОҒАМ 12 сәуір 2014 г. 2 173 0

ЕМШЕКТЕГІ БАЛАНЫҢ ТАМАҒЫ

Емшектегі бала тамақты көп талап етеді, бірақ оның ас қорытатын органдары әлі жетілмегендіктен, ішкенін сіңіру мүмкіндігі өте шектеулі. Сондықтан баланы алғашқы күннен бастап-ақ емшек сүтімен қоректендіру керек. Емшек сүті жеңіл қорытылады, онда балаға қажет қоректік заттың барлығы бар. Сондықтан да ана сүтінің  маңызы ерекше. 
ҚОҒАМ 12 сәуір 2014 г. 1 486 0

КӨШЕ КӨРКІ – ТАЗАЛЫҚ

Көктем келіп, жылдағы дәстүр бойынша туған топырақты абаттандырып, оны гүл шоғына шомылдыруға жалағаштықтар бел буа, білек түре  кірісіп те кетіпті. Аудан  әкімінің іс-қимыл бағдарламасы аясында жылдың 20-наурызынан бастап аудан аумағын көркейту-көгалдандыру және  санитарлық тазалығын сақтаудың екі айлығы жарияланған. Осыған орай әрбір апта сайын сенбілік ұйымдастырылып, ауылдарды абаттандырып, көшелерді көркейту-көгалдандыруға аудан тұрғындары ұйымшылдықпен қатысуда екен.
ҚОҒАМ 12 сәуір 2014 г. 1 547 0
УКРАИНА МАЙДАНЫНДАҒЫ ДҮБІР

УКРАИНА МАЙДАНЫНДАҒЫ ДҮБІР

Әлемді бір сілкінтіп тастаған Украинаға қатысты дүрбелеңнің салқыны таяу уақытта басыла қоймайтын сыңайлы. Қазіргі саяси оқиғалар, осыдан туындаған қолайсыз құбылыстардың өрбу сипаты бейнелеп айтқанда ғарыштық жылдамдықпен зымырап барады. АҚШ пен Еуроодақтың қысымына қарамастан Ресей Президенті Путин дегеніне жетті. Қырымда референдум өткізілді. Халық қолдады. Севастополь мен Қырым Ресейдікі! Сөйтіп, сонау ХVІІІ ғасырдағы Екатерина ІІ патшайымның оқ шығындамай меншіктеген, Кеңес Одағы кезінде Хрущевтің волюнтаризмдік шешімінің құрбанына айналып, Украинаға берілген, КСРО тарағанда көршілес елдің аумағында қалып қойған Қырым Ресейге қайта оралды.
ҚОҒАМ 12 сәуір 2014 г. 816 0

ҚАРЛЫҒАШ – КИЕЛІ ҚҰС

Халқымыздың ертеден табиғатқа жаны жақын болды. Әсіресе, кейбір аң мен құсты киелі санады. Солардың қатарында қарлығаш та бар. Ауылда өскен бала оны жақсы біледі. Әрбір шаңырақта қарлығаштың ұясы тұратын еді. Үйдің есігі күнұзаққа ашық болатын. Қарлығаш үйге емін-еркін кіретін. Балапандары күні бойы «ән салады» да жатады. Оған әбден үйрендік. Олар жылы жаққа ұшып кеткенде шаңырақта жақынымыз жоқтай көрінетіні тағы бар. Туған топырақтан нәр алған төл перзент мұндай көріністі ешқашан жадынан жоғалта қоймайды. Ауылды сағынғанда бұрынғы сол бір көрініс ойыңа оралып, көз алдыңда көлбеңдей береді. Қазір де елге барғанда қарлығашты іздеп елеңдеп отырамыз. Алайда баяғыдай емес, аталмыш қанатты көзімізге көп түсе бермейді. 
ҚОҒАМ 12 сәуір 2014 г. 8 237 0