БҮГІНГІ ӘЛЕМ және ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ

Сарапшылардың соңғы зерттеулері нәтижесіне сүйенсек, әлемдегі 1 пайыз өте дәулетті адамдардың табысы өзге халықтың жиынтық табысының көлеміне теңесіп қалды. Әлемдік дағдарыстан кейін 2015 жылы бүкіләлемдік жалпы ішкі өнім 3,1 пайызға ғана өссе, сол уақытта ең бай адамдардың табысы 2010 жылдан 13 пайызға артқан. Көптеген сарапшының пікірі осы экономикалық сын-қатер ең негізгі қауіп – ғаламдық экономиканың өсіміне нұқсан келтіреді дегенге саяды. Осы орайда Қазақстан Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Б.Садықов орнықты пікір айтады. Әлемдік экономикалық форум бұл сын-қатерді түбегейлі зерттеу мен оның әсерін азайту үшін арнайы құрылымдық реформалар қажет екенін атап көрсетті. Осыған орай капиталистік қағидаларды реформалау халықаралық деңгейдегі күн тәртібінде тұрған өзекті тақырып екенін байқап отырмыз.
Экономика 12 шілде 2018 г. 1 365 0
Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызын жариялады

Ұлттық банк Қазақстанның сыртқы қарызын жариялады

2018 жылдың 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанның сыртқы қарызы 166,6 млрд долларды құраған. Бұл туралы Қазақстанның Ұлттық банкі хабарлады.
Экономика 03 шілде 2018 г. 1 610 0

БИЗНЕСТІҢ БЕРЕКЕСІ ЕЛГЕ ОРТАҚ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жаппай кәсіпкерлікті дамытуды Үкімет жұмысындағы басым бағыттардың бірі ретінде белгілеп, сол арқылы халықты жұмыспен қамтуды тапсырғаны белгілі. Осыған байланысты қазір аймақтарда ауқымды жұмыстар қолға алынды. Соның бір мысалы ретінде облыс әкімі Қырымбек Көшербаевтың бастамасымен ай­мақта осы жыл "Жаппай кәсіп­керлікті қолдау жылы" болып жария­ланды. Осы бағыттағы бас­­тамалар аудандарда жалғасып жат­­қанын да айта кетейік. Саланы дамытуда Жаңақорған ауданында жүйелі жұмыстар жүзеге асуда.  
Экономика 03 шілде 2018 г. 1 509 0

«ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКА: ЖЕТІ БАҒЫТТА ЖҰМЫС БАР

Қазіргі күні елімізде қоршаған ортаға зиян тигізетін құрылымдарды бірте-бірте жойып, оған балама көздер табу бастамасы кең өріс алды. «Жасыл» экономикаға көшу жөніндегі тұжырымдамаға сәйкес, Сыр өңірінде 7 бағыт бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл шаралар су ресурстарын орнықты пайдалану, энергия үнемдеу және оның тиімділігін арттыру, өнімділігі жоғары ауыл шаруашылығы, электр энергетикасы, қалдықтарды басқару жүйесін дамытуға негізделген. 
Экономика 28 маусым 2018 г. 1 489 0

ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛЫ ЭКОНОМИКА – БАТЫЛ ОЙДЫҢ ЖЕМІСІ

ХХІ ғасыр, әсіресе оның екінші онжылдығы әлемде аса жылдам оқиғалармен, күрт өзгерістермен, сонымен бірге қарама-қайшылықтармен басталды. Жылдамдықтың екпіні күшті болғаны соншалық, тіпті осыдан бірнеше жыл бұрын үйреншікті болған қағидалар бүгінге өлшем бола алмай қалды. Айталық, әлемде 2015 жылы басталған дағдарыс әлі де жалғасуда. Оның салқыны қазір басыла қойған жоқ. Тіпті, 2017 жылдың өзі буырқанған саяси оқиғаларға толы болды. 
Экономика 26 маусым 2018 г. 843 0

ЖАСАМПАЗДЫҚҚА ҚҰШТАРЛЫҚ

Құрылыс – экономикамызға жаңа серпін беретін маңызды сала. Құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, небір зәулім ғимараттар бҚұрылыс – экономикамызға жаңа серпін беретін маңызды сала. Құрылысшылардың ерен еңбегінің арқасында ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылып, небір зәулім ғимараттар бой көтеруде.Кейінгі жылдары бүкіл республика бойынша, оның ішінде Сыр өңірінде құ­рылыс саласы қарқын алуда. Өңіріміздің сәулеттік келбетіне заманауи көрік беріп отырған сәнді де жайлы құрылыстар қалың жұрт­шылыққа қуаныш сыйлап, әрі аймақ дәулетінің еселеп өсуіне  серпін беруде.ой көтеруде.
Экономика 26 маусым 2018 г. 706 0

«ҚАЗАҚИНВЕСТ» ҚЫЗЫЛОРДАНЫ ТАҢДАДЫ

«Қазақинвест» ҰК» АҚ пилоттық жобаларын Сыр өңірінен бастауға ынталы. Облыс әкімі Қырымбек Көшербаев төрағалық еткен инвесторларды тарту және аймақтың инвестициялық климатын жақсарту жөніндегі өңірлік кеңес отырысында компанияның басқарма төрағасы Сапарбек Тұяқбаев осылай мәлімдеді.
Экономика 23 маусым 2018 г. 1 198 0

АБЫЛАЙ МЫРЗАХМЕТОВ: «ҚАЗІРГІ БАТЫРЛЫҚ – КӘСІП АШЫП, ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНА ҮЛЕС ҚОСУ»

 Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов бүгін Астанада өткен «Бастау» жобасы түлектері мен қатысушыларының форумында айтты. Форум ҰКП V Съезі қарсаңында ұйымдастырылған бизнес-апталық аясында өткен ірі шаралардың бірі болып табылады. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен «Бастау» жобасы аясында өз кәсібін ашқан 150-ден астам кәсіпкер қатысты.
Экономика 20 маусым 2018 г. 1 144 0

ОЗЫҚ 30 ЕЛДІҢ ҚАТАРЫНА ЕНУДІҢ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ҚАНДАЙ?

Иә, тәуелсіз Қазақстан өз алдына осындай ауқымды міндет қойып отыр. Жаһандық бәсекеде биік межеден көріну үшін, біз, әлбетте, халықаралық өмір сүру нормалары талаптарына сай еңбек етуіміз қажет. Біз бүгін осы талаптарды қаншалықты еңсеріп жүрміз? Дамыған елдердің қатарына қосылу мүмкіндігіміз қандай? Ол үшін біз қандай шарттарға жауап беруіміз қажет? Бұл орайда Қазақстан Ұлттық экономика вице-министрі Мәдина Жүнісова ел дамуының маңызды аспектілерінен мынадай дәйектемелер келтіреді.
Экономика 19 маусым 2018 г. 1 052 0

«ДАМУДЫҢ» ДЕМЕУІ

Қызылорда қаласында қауіпсіздікке арналған гидроизоляциялық қорғаныш каскаларын шығаратын шағын цех іске қосылып, жаңашыл жоба сәтті жүзеге асырылуда. «NP Consulting» ЖШС қолға алған өндіріс өз тұтынушыларын тауып, облыс аумағында ғана емес, еліміздің барлық өңірлеріне тапсырыспен өнім шығаруда. Тұтынушылардың басым көпшілігі – мұнай және құрылыс компаниялары. Өндіріс «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірегей бағдарламасы аясында қолдау тауып, қуатын арттырып отыр.
Экономика 19 маусым 2018 г. 707 0