« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы Абылай Мырзахметов бүгін Астанада өткен «Бастау» жобасы түлектері мен қатысушыларының форумында айтты. Форум ҰКП V Съезі қарсаңында ұйымдастырылған бизнес-апталық аясында өткен ірі шаралардың бірі болып табылады. Жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен «Бастау» жобасы аясында өз кәсібін ашқан 150-ден астам кәсіпкер қатысты.
Абылай Мырзахметов елдегі жаппай кәсіпкерлікке тың серпін мен қарқын әкеліп, қысқа мерзімде ұлттық жобаға айналып үлгерген «Бастау» жобасының жетістіктерін саралап, кешегі мен бүгінгі жұмысына бағасын берді.
Іске асқанына небәрі 1,5 жыл болса да, осы уақыт ішінде «Бастау» жобасы тиімділігін дәлелдеп, халықтың көңілінен шықты. Жоба мыңдаған адамның жеке кәсібін ашып, бизнеске батыл қадам жасауына мүмкіндік берді.
«Жоба бойынша әр кәсіпкерді алғышқы бір жылда аяғына нық тұрғызу үшін қолынан кішкене жетектеп, кәсіпкерлік негіздеріне үйретіп, тәй-тәй басқызып, тұсауын кесіп, үлкен бизнеске, нарыққа шығуына жағдай жасау керек», – деді Абылай Мырзахметов.
Басқарма Төрағасының айтуынша, «Бастаудың» қолға алынуына осындай қолдау құралдарының көптен бері болмағаны себеп болды. Сонымен бірге, ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік бағдарламаларға қарамастан, оқу мен шағын несиеге қол жеткізу тетігі болмады. Сондықтан «Бастау» жобасы ауылдағы азаматтарды кәсіпкерлікке тартуды мақсат қойды. Алғашында пилоттық режимде іске асырылған жоба, қазіргі таңда шалғай жатқан ауыл-ауданды да қамтып отыр.
«Бастау» жобасы тиімділігін дәлелдеді. Өңір-өңірде жоба бойынша оқып, білім аламын, отбасымды асыраймын, тәуелсіз боламын деген азамат көп. Барлығы ынталы. Осындай тенденция үшін бизнес-тренерлерімізге рахмет. Олар әр азаматқа ақпарат беріп, кеңес беріп, адамдардың біліктілігі мен білімін, іскерлік сауаттылығын арттыруға үлес қосып отыр. «Бастаудың» жұмысына Үкімет те қызығушылық танытып, назарында ұстап отыр», – деді Абылай Мырзахметов.
Осы ретте ҰКП Басқарма Төрағасы «Бастау» жобасына Елбасының назары ерекше екенін атап өтті. Биыл Елбасының тікелей тапсырмасымен жобаны шағын несиелеуге қосымша 20 млрд теңге бөлінді. «Атамекенге» ауылдың экономикалық әлеуетін көтеруде үлкен міндет жүктелді.
Сонымен қатар, Абылай Мырзахметов ауылдың әлеуметтік жағдайын көтеру, инфрақұрылымын қалыптастыру маңыздылығын айта келе, әр ауылға қамқоршыны тағайындауды ұсынды. Бұл бағытта жобаның мүмкіндіктері пайдаланылады.
«Әрбір ауылға бір-бір қамқоршы тауып беруді ұсынамыз. Сіздердің араларыңызда бір адамды менджер ретінде өсіру көзделген. Бастарыңызды қосып, көшті бастап кете алатын, жалықысы, болуы керек. «Бастау» тренерлері арасында көшбасшы болатын адамдар бар. Осы бағытта арнайы бағдарлама әзірлейтін боламыз», – деді Басқарма Төрағасы.
Сөз соңында Абылай Мырзахметов жобаның маңыздылығы оның кешенді іске асырылуына байланысты екенін атап өтті. Себебі, «Бастау» - тек ақша табу жолы ғана емес, мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосатын бірегей жоба болып табылады.
«Оқу аяқталып, бизнес-жоспарды қорғап болған соң, қатысушыларға қаржыландыру көзін табу қажет болады. Яғни, шағын несиелеуге қол жеткізу керек. Мысалы, кішкене шаштараз ашудың өзіне біраз қаражат кетеді. Алдымызда үлкен міндет тұр. Бабаларымыз батыр болды, батырлығымен жерді сақтады. Қазіргі біздің батырлығымыз кәсіп ашып, экономиканың дамуына үлес қосу», – деді Абылай Мырзахметов.
«Бастау» түлектері мен қатысушыларының форумы аясында 2017 жылы қорғалған 30 үздік бизнес-жобаның авторларын марапаттау салтанаты өтті. Жеңімпаздарды «Атамекен» ҚР ҰКП Басқарма Төрағасының орынбасары Эльдар Жұмағазиев, сондай-ақ, кәсіпкер және меценат Жақсылық Үшкемпіров марапаттады.
Еске салсақ, «Бастау» жобасының басты мақсаты - экономикалық белсенді ауыл халқын кәсіпкерлікпен айналысуға тарту болып табылады. 2017 жылы 80 ауданда 15 000 адам оқытылып, оның 3314-і өз кәсібін ашты немесе бизнесін кеңейтті.
Биыл «Бастау» жобасы бойынша мақсатты көрсеткіштер екі еселенді: қамту аумағы 80 ауданнан 160 ауданға дейін артып, қалалар мен моноқалалар қамтылды. Қатысушылар саны 15 мыңнан 30 мыңға дейін ұлғайды. 2018 жылы жоба бойынша 6 мың кәсіпкерлік субъектісін құру мен 15 мыңнан кем емес жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
atameken.kz
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |