Сейсенбі күні М.Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжінде «Өңірлерді этноәлеуметтік және этноконфессиялық үдерістерді тиімді басқару» тақырыбындағы көшпелі семинар-тренинг өз жұмысын бастады.
АҚПАРАТ
07 қараша 2013 г.
1 560
0
Облыстық баспасөз клубында кәсіпкерлік және туризм басқармасының мамандары жергілікті БАҚ өкілдеріне арнап брифинг ұйымдастырды. Онда жаңа атауға ие болған басқарманың алдағы міндет-мақсаттары мен өңіріміздегі шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы сөз болды.
АҚПАРАТ
07 қараша 2013 г.
1 015
0
Қазіргі уақытта Қазақстан қарқынды даму үстінде, бірқатар индустриалдық-инновациялық бағдарламалардың табысты іске асырылуы, халықтың әл-ауқаты жақсарғаны байқалады.
АҚПАРАТ
07 қараша 2013 г.
1 735
0
«Оңтүстікқазжерқойнауы» өңіраралық департаменті мемлекеттік мекемесінің Қызылорда аймақтық геология және жер қойнауын пайдалану инспекциясы «ҚазГерМұнай» БК ЖШС-ның ілеспе газды заңсыз жағу салдарынан келтірілген нұқсан 184471247 теңгені мемлекет пайдасына өндірді.
АҚПАРАТ
07 қараша 2013 г.
1 303
0
Еліміз тәуелсіздік алды. Ұлттық салт-санамызға өзгеріс енді. Міне, 20 жылдан астам уақыттан бері еліміз ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың сара басшылығымен дамудың әлемдік өркениетті көшіне ілесті.
АҚПАРАТ
07 қараша 2013 г.
1 347
0
Елімізде 2012 жылы «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» заң қабылданғанын көпшілік біле бермейді. Осы заңға сәйкес өткен жылдың 1-шілдесінен бастап қуаттылығы 100 ваттан жоғары болатын энергия шамдарын шығару мен сатуға тыйым салынды. Ал 2013 жылдың 1-қаңтарынан бастап қуаттылығы 75 ватт болатын шамдарды, келер жылы қуаттылығы 25 ваттан болатын жоғары шамдарды шығаруға тиым салынады. Осыған байланысты ел тұрғындары энергия көзін үнемдейтін шамдарды жалпылай пайдалануға көшетін болады.
АҚПАРАТ
07 қараша 2013 г.
1 397
0
Өңірімізге ҚР Орыс православие шіркеуі митрополиттік округінің басшысы, Астана және Қазақстан митрополиті Александр келді. Құрметті мейманды облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова, Шымкент және Тараз архиепископы Елевферий, Қазан шіркеуінің Қызылордадағы протоиерейі Виталий Ивашинин күтіп алды. Екі күндік сапарында қаланың бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып үлгерген митрополит Александр облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұржан Әлібаевтың қабылдауында болды.
АҚПАРАТ
05 қараша 2013 г.
1 155
0
Елімізде жүзеге асып жатқан мемлекеттік бағдарламалар көптеген күрделі мәселелердің шешім табуына негіз болды. Бірнеше саланың шатқаяқтаған тірлігін төрге сүйреп, өрге шығарған осы бағдарламалар екені даусыз. Миллиардтаған қаржы құйылған бастамалардың беталысы жаман емес, игілігін халық көруде. Бірақ, "елге болсын” деп бөлінген қазына қаражатын ысырап ету деректері бүгінгі қоғамның көзіне шыққан сүйел сияқты. Бұқаралық ақпарат құралдарынан "жеп қойыпты, ұсталыпты” деген мәліметтер күнделікті ауа райын хабарлағандай айтылатын болды.
АҚПАРАТ
05 қараша 2013 г.
1 112
0
Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен арнайы шақырылған «Нұр-Қазақ» Египет Ислам университетінің түлектері мен магистранттары Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының имамдарына бір ай көлемінде оқу-семинарын өткізді. Онда сырбойылық имамдар құран дәрістерін оқып, «Имам-ағзам Әбу Ханифа» мәсхабы туралы кеңінен мағлұмат алды. Бір айлық оқу-семинарының өз тыңдаушыларына берген пайдасы мол болды. Олар дәрет алу, намаз оқу, жаназа намазын шығару жолдарын дәйекті дәлелдермен меңгеріп, өз білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар, біздің ұлттық табиғатымызға жат, өзге ағымға ерген мұсылман бауырларымызды ата-бабамыздың сара жолына тарту бағыттарын көңілге түйді.
АҚПАРАТ
05 қараша 2013 г.
945
0
Нақты кезеңде ауыл шаруашылығын дамыту жайы тұрақты күн тәртібінде тұр. Бұл төңіректе Үкімет тарапынан жасалынып жатқан жеңілдіктер аз емес. Ал мұндай жанашырлықты көпшілікке насихаттау –баршаның парызы. Қазалыда облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаевтың қатысуымен өткен келелі кеңесте бірқатар мәселелер талқыланды.
АҚПАРАТ
05 қараша 2013 г.
1 520
0