ИМАМДАРДЫҢ ЕМТИХАНЫ

Облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен арнайы шақырылған «Нұр-Қазақ» Египет Ислам  университетінің түлектері мен магистранттары Арал, Қазалы, Қармақшы аудандарының имамдарына  бір ай көлемінде оқу-семинарын өткізді. Онда сырбойылық имамдар құран дәрістерін оқып, «Имам-ағзам Әбу Ханифа» мәсхабы туралы кеңінен мағлұмат алды. Бір айлық оқу-семинарының өз тыңдаушыларына берген пайдасы мол болды. Олар дәрет алу, намаз оқу, жаназа намазын шығару жолдарын дәйекті дәлелдермен меңгеріп, өз білімдерін жетілдірді. Сонымен қатар, біздің ұлттық табиғатымызға жат, өзге ағымға ерген мұсылман бауырларымызды  ата-бабамыздың сара жолына тарту бағыттарын көңілге түйді. 
Аймақтағы дін өкілдерінің алған білімдері арнайы емтихан барысында тексерілді. Сынақ қорытындысы Сыр бойы имамдарының жақсы нәтижеге қол жеткізгенін көрсетті. Алдағы уақытта мұндай оқу-семинарлар Жалағаш, Тереңөзек, Шиелі және Жаңақорған аудандарында өз жалғасын табады. 
Ж.БАЛАБАЙҚЫЗЫ.

АҚПАРАТ 05 қараша 2013 г. 945 0