Қызылордада 300-ден астам үкіметтік емес ұйым белсенді қоғамдық қызмет атқарады. Аймақта барлығы 690 үкіметтік емес ұйым бар. Оның барлығы жақсы жұмыс істемейді. Дегенмен, жыл сайын ондаған маңызды жобаны жүзеге асырып, халықаралық ұйымдардың гранттарын игеретін ұйымдар бар. Олардың саны 300-ден асады.
АҚПАРАТ
26 тамыз 2014 г.
750
0
Елдегі еңбекші қауым үшін сындарлы сәт туды. Еселі еңбектің өтеуі қайтатын уақыт келді. Облыстың бірқатар шаруашылықтары пісіп тұрған егіске орақ сала бастады. Осындай жауапты кезең алдындағы диқандар тіршілігі қалай болып жатыр? Облыс диқандары биыл мол өнімге негіз қалауға үміттенеді. Олай боларлық жөні де бар. Диқандар биыл егіске ерте қимыл жасады. Осының нәтижесінде егіс уақытылы егілді. Оларды күтіп-баптау шараларына да баса назар аударылды.
АҚПАРАТ
26 тамыз 2014 г.
836
0
Бей-берекет ашылған жабайы базарларды жабу керек!Жақында болып өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев осындай тапсырма берді. Президент мұндай сапасыз сауда орындары көлеңкелі экономиканың екпінін күшейтетінін атап өтті. Бүгіннің өзінде елімізде жасырын экономиканың үлесі 20-30 пайызды құрайды.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2014 г.
1 127
0
Жуырда облыстық білім басқармасы БАҚ өкілдерімен бірге қала, аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығын бағамдап қайтты. Биыл өңірімізде алғаш рет облыс бойынша 58 білім беру нысанына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оның ішінде 46 мектеп, 9 балабақша, 2 лагерь, 1 оқушылар сарайы бар.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2014 г.
1 337
0
Жыл сайын дәстүрге айналған "Парасатты полицей” байқауы биыл да өз деңгейінде өтті. Облыстық iшкі істер департаментінде мемлекеттік тіл саясатын насихаттау, полиция қызметкерлерінің қоғамдағы оң имиджін қалыптастыру мақсатында ішкі істер органдары қызметкерлері арасындағы «Парасатты полицей» атты облыстық байқауына 8 команда қатысты.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2014 г.
1 008
0
Өңірімізде жастар басқармасы мен ұйымдары, бірлестіктері, орталықтары белсенді жұмыс жасап келеді. Олар еліміздің дамып өркендеуіне өз үлетерін қосуда. Жастардың уақытын тиімді өткізу, нашақорлықтан бойын аулақ ұстау, қоғамдық жұмыстарға тарту, жұмыспен қамту, білім алып, қажетті мамандықтарын игеру, жас кәсіпкерлерге қолдау білдіру және олардың денсаулығын бақылау тұрғысында септігін тигізе отырып, белсенді әрекет етуде. Түрлі іс-шаралар ұйымдастырып, салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық ойындар өткізу, шығармашылық байқаулар жариялау негізінде жұмыс жасап, жастардың барлық қырынан белсенді болуға түрткі болып келеді.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2014 г.
953
0
«Бала – өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған біздің қоғамымызда көптеген игілікті істер атқарылуда. Бүгінгі таңда жастық жігер мен қайратқа лайық жарқын істерге жетекшілік ету, кейінгі толқынды қолдау мемлекеттік мүддеге айналып отыр. Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асуларды алатынын ескерсек, мүмкіндігі шектеулі балаларға аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу – әрбір адамның азаматтық парызы.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2014 г.
871
0
Сәрсенбіде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Руслан Рүстемов ҚР Конституциясының 19 жылдығын мерекелеуге орай баспасөз мәслихатын өткізді. Ол 1995 жылғы тамыздың 30-ында бүкілхалықтық референдумда республиканың Негізгі заңының қабылдануы мен оның тарихи маңызы туралы айтып берді және құжаттың арқасында бүгінде Қазақстан алға қойған міндеттеріне ойдағыдай қол жеткізгенін атап өтті. Сондықтан, ұйымдастырылатын іс-шаралар кезінде мемлекеттің әлеуметтік саясатын іске асыру және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыру ұстанымын қамтамасыз ететін Конституция нормаларының пәрменділігі кеңінен насихатталады.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2014 г.
1 091
0
2012 жылдан бері "ҚазМұнайГаз” Барлау Өндіру” АҚ алғаш рет өзіне еншілес-тәуелдіқұрылымдар – "Қаражанбасмұнай” АҚ, "ӨзенМұнайГаз” АҚ, "ЕмбіМұнайГаз” АҚ және "ҚазГерМұнай” БК” ЖШС қомандалары қатысқан "Үздік маман” атты кәсіптік шеберлік байқауын өткізіп келеді.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2014 г.
948
0
Облыс прокурорының орынбасары Руслан Райхановтың төрағалығымен өткен облыстық прокуратура жанындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңестің кезекті отырысында екі мәселе қаралды.
АҚПАРАТ
21 тамыз 2014 г.
834
0