ИННОВАЦИЯ ТАҚЫРЫБЫ ЖАН-ЖАҚТЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өткен жылы елімізде «Қазақстанның өңірлік дамуы» жобасы бастау алған болатын. Бұл ҚР Үкіметінің өңірлік даму саласындағы саясатын жүзеге асыруда консультативтік, заңнамалық, стратегиялық және институционалдық технологиялармен қолдау көрсететін Еуропалық Одақтың техникалық көмек жобасы болып табылады. 
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 1 004 0

ҚАЗАЛЫДАҒЫ ҚАУЫРТ ҚИМЫЛ

«Еңбектің – наны тәтті». Бұл күндері Қазалыда еңбек дүбірі қыза түсті. Егіс танаптарынан естілген мотор үні бір сәтке де толастар емес. Ауа райының қолайлы кезеңін ұтырлы пайдаланған диқан қауымы ырзық-несібесін ысырапсыз жинап алуға тырысып бағуда. Аудан әкімі Бақыт Жахановтан бастап ат арқасындағы азаматтарды да алқап басынан жиі жолықтырасыз. Бұл түсінікті де. Төртеу түгел болса төбедегі келеді.
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 758 0

1 ҚАЗАН – ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САЙЛАУЫ КҮНІ

Облыстық сайлау комиссиясы «ҚР сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңы­ның 26-бабының 2-тармағына сәйкес облыстық, Қызылорда қалалық және барлық аудандық мәслихаттары депутаттарының (таңдаушылардың) тізімін жариялайды.
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 1 935 0

ҚР Парламенті Сенатының депутаттығына кандидат Бекмырза Қайыпұлы Еламанов

Еламанов Бекмырза Қайып­­ұлы 1950 жылы 1 қаң­тар­да Қызылорда облысы­ның Қармақшы ауданында «Қорқыт» теміржол бекетінде дүние­ге келген. Алматы зоо­тех­никалық-малдәрігерлік инс­титутын 1974 жылы «ға­лым-зоотехник», Мәскеу ха­лық­аралық бизнес және ақ­па­раттық технологиялар уни­­вер­ситетін «экономист» ма­ман­дықтары бойынша тә­мам­даған.
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 1 011 0

ЖАНАР-ЖАҒАРМАЙ ҚОРЫ ҚАМДАЛЫП ЖАТЫР

Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменов аймақтағы жанар-жағармай бағасына қатысты брифинг өткізді. Оның айтуынша, басқарма тарапынан бағаның шекті мөлшерден асып кетпеуі қатаң қадағалануда және жағдайды толық бақылауға алу үшін жанар-жағармай саудасына қатысты мониторинг күнделікті жүргізіліп келеді.
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 873 0

ЖАЗАСЫН ӨТЕП ШЫҚҚАНДАР ЖҰМЫССЫЗ ҚАЛМАЙДЫ

Жуырда Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н.Годунованың төрағалығымен қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын органдар мен мекемелер қызметіне жәрдемдесу, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі облыс әкімдігі жанындағы консультациялық-кеңесші органның кезекті отырысы өткізілді.
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 1 031 0

ОРАЛМАНДАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Сәрсенбі күні Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н.Годунованың төрағалығымен облыс әкімдігінің жанындағы оралмандар мәселелері бойынша комиссиясының кезекті отырысы өтті.
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 1 202 0

ҒИБРАТТЫ ҒҰМЫР, ӨНЕГЕЛІ ҚЫЗМЕТ

Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық Азаматтық Альянсы қауымдастығы төрайымы қыз­метін атқарған Дариха Ақмағанбетова­ны қабылдады. Аймақ басшысы ұзақ жылдар бойы аймақта үкіметтік емес ұйымдардың жұмысын жандандырып, азаматтық қоғам институтын қалыптастырудағы сіңірген еңбегіне алғысын білдірді және облыстың "Құрмет грамотасымен” марапаттады.
АҚПАРАТ 20 қыркүйек 2014 г. 952 0

СЕНАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТТАРМЕН КЕЗДЕСТІ

Жуырда Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Сенатының депутаттығына бір­неше үміткер Қазалы ауданында болып, облыстық, аудандық мәслихат депу­таттарымен кездесті. Кездесуді облыс­тық сайлау комиссиясының хатшысы Қожамжар Наурызбаев ашып, жүргізіп отыр­ды. Қ.Наурызбаев жиналғандарды Се­нат депутаттығына үміткер Бекмырза Еламанов, Серікбай Өмірзақов, Әшім Ораз­бекұлының өмірдерегімен таныстырды.
АҚПАРАТ 18 қыркүйек 2014 г. 1 158 0

АЙМАҚ-АҚПАРАТ

«Ақниет» бағдарламасы аясында Қармақшы ауданы ІІІ Интернационал ауылының тұрғыны Амит Мурадов «Бастама» номинациясы бойынша грант иеленіп, жүк тасымалдау жобасы арқылы халыққа қызмет көрсетіп келеді. 
АҚПАРАТ 18 қыркүйек 2014 г. 823 0