« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |
Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының басшысы Тельман Сүлейменов аймақтағы жанар-жағармай бағасына қатысты брифинг өткізді. Оның айтуынша, басқарма тарапынан бағаның шекті мөлшерден асып кетпеуі қатаң қадағалануда және жағдайды толық бақылауға алу үшін жанар-жағармай саудасына қатысты мониторинг күнделікті жүргізіліп келеді.
– 18-қыркүйектегі жүргізілген мониторинг мәліметтеріне сәйкес, облыста АИ-92 маркалы бензин – 128 теңге, АИ-80 – 89 теңге, дизель отыны – 115 теңгені құрап отыр. Облыста мұнай өнімдерін бөлшек саудада сататын жалпы 121 жанар-жағармай құю бекеті бар. Оның ішінде Қызылорда қаласында орналасқан 41 бекет тұрақты жұмыс істеп тұр. Жалпы, облыстағы барлық жанар-жағармай бекеттері бағаны шекті мөлшерден асырып жатқан жоқ, – дейді Тельман Сүлейменов.
Биылғы жылға ҚР Энергетика министрлігінен ішкі нарықты мұнай өнімдерімен қамтамасыз ету және жанар-жағармай бағаларын тұрақтандыру бойынша бөлінген мұнай өнімдерін облыста тарататын 15 оператор белгіленген. Қазіргі таңда облыста министрліктен бөлінген мұнай өнімдерін жеткізуші 3 қор ұстаушы компания және белгіленген 15 оператор арқылы тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Тельман Сүлейменов сұхбат барысында жанармайдан тапшылық болмайтынын жеткізді.
Дәурен ОМАРОВ.
« Наурыз 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
31 |