ТАТАР АҒАЙЫНДАРҒА ТАРТУ

ТАТАР АҒАЙЫНДАРҒА ТАРТУ

Қазақ пен татар достығының тарихи негізі мен арнасы әріден басталады. Өткен ғасырдың басында қазақша әдеби кітаптар мен фольклорлық шығармалардың Қазан қаласында жарық көруі осының айғағындай. Қазақ пен татар зиялыларының тығыз байланыста, достық қарым-қатынаста болғаны белгілі. Ортақ тіл мен дін, дәстүр мен тегіміз туыстас екі халықтың бауырластығын бекіте түседі.
АҚПАРАТ 03 желтоксан 2014 г. 854 0

БОЛАШАҚҚА АЙҚЫН БАҒДАР

Елбасының жуырда жарияланған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы әрбір ұжымда талқыланып, маңызы түсіндіріліп жатқаны белгілі. Сондай шараның бірі №4 облыстық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатында да өтті.
АҚПАРАТ 03 желтоксан 2014 г. 1 054 0

АЙМАҚТЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ТАРТЫМДЫЛЫҒЫ АРТА ТҮСТІ

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы жылғы "Нұрлы жол – болашаққа бастар жол” атты Жолдауы жаңа экономикалық саясатқа бағытталған, еліміздің дамуын айқындайтын әрі ғаламдық дағдарысқа төтеп беретін басты бағдар болып отыр. Соның ішінде мемлекет басшысы ел экономикасын дамытуда жаңа сыртқы тәуекелдерді есепке ала отырып белсенділікпен жұмыс жасауға тиісті жеті басым бағытты айқындап берді. Сөз жоқ, осы басым бағыттардың ішінде елді индустриялық және инновациялық тұрғыдан дамытудың алар орны ерекше екені белгілі. Елбасының Жолдауынан туындайтын осындай міндеттерді жүзеге асыруда облыста қандай жұмыстар қолға алынуда? Осы орайда біз облыстық индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы Мұрат Имандосовты әңгімеге тартқан едік.
АҚПАРАТ 03 желтоксан 2014 г. 1 488 0

Департамент басшылары тағайындалды

Кешегі өткен актив отырысында Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев облыстық департаменттерге жаңадан тағайындалған басшыларды таныс­тырды.
АҚПАРАТ 03 желтоксан 2014 г. 1 371 0

КӘСІПКЕРЛЕРДІҢ КӨШПЕЛІ КЕҢЕСІ

Шиелі, Жаңақорған аудан­­дарында облыстық кә­сіпкер­лердің көшпелі семинар-кеңесі өткізілді. Мемлекет басшысының «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауынан туындайтын міндеттерді жамағатқа кеңінен насихаттап, нақтылай көмек беруге арналған жиынға облыстық қаржы ресурстары мекемелерінің өкілдері, ау­дандардағы кәсіпкерлер мен кіші кәсіпті қолға алуға үмітті ауыл тұрғындары қатысты.
АҚПАРАТ 03 желтоксан 2014 г. 895 0

ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІНЕ АРНАЛДЫ

Сыр өңіріндегі Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар дүйсенбі күні Орталық алаңда өткен «Елбасы жастарға сенеді» атты патриоттық жастар шеруіне ұласты.
АҚПАРАТ 03 желтоксан 2014 г. 4 305 0

КЕНІШТЕРДІ КӨБЕЙТУ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕ

Кеше облыс әкімшілігінің мәжіліс залында аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен жер қойнауын пайдаланушылар­дың кеңейтілген мәжілісі болып өтті. Басқосуға ҚР Энергетика министрінің орынбасары Мағзұм Мырзағалиев қатысты.
АҚПАРАТ 03 желтоксан 2014 г. 1 021 0

АРАЛДА Т.ШЕВЧЕНКОНЫҢ ЕСКЕРТКІШ-БЮСТІ АШЫЛДЫ

Арал қаласындағы №13 орта мектептің жанынан тағдыры Арал өмірімен тығыз байланысты болған Тарас Шевченконың ескерткіш бюсті ашылды. Бұл арқалы ақынның 200 жыл толуына орай өткізілді.
АҚПАРАТ 29 қараша 2014 г. 932 0

Тұңғыш президент тағылымы

Облыс оталығында Тұңғыш Президент күніне арналған мерекелік шаралар легі апта басында басталып кетті. Кеше М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледждің мәжіліс залында «Мәртебелі Қазақстан» қоғамдық қорының ұйытқы болуымен 1 желтоқсан –ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған «Елбасы – ел бірлігі, ел сенімі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарова қатысты.
АҚПАРАТ 29 қараша 2014 г. 1 234 0

ЕЛБАСЫМЕН ЖҮЗДЕСУ БАҚЫТЫ БҰЙЫРҒАНДАР

Елбасымен жүздесу бақыты бұйырған әрбір адам сол кездесудің әсерінен көпке дейін арыла алмайтыны шындық. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бір ауыз сөзі кез келгеннің жүрегінен жол тауып, адамның бойына ерекше күш бітіретіні сонша, сол кездесуді әрдайым еске алумен жүреді. Мұны біз ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай облыс әкімдігінде ұйымдастырылған «Елбасы менің өмірімде» атты мерекелік шара барысында Сыр елінің Елбасымен жүздескен азаматтарының айтуынан аңғардық.
АҚПАРАТ 29 қараша 2014 г. 1 642 0