Қазақстанда тағы 7 адам коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Coronavirus2020.kz мәліметінше, Қазақстанда 25 наурыз 09:40-қа дейін коронавирус індетін жұқтырған тағы 7 адам бар. Оның екеуі - Алматыда, бесеуі - елордада тіркелген.Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша - 41 адам, Алматы қаласында – 31 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 79 науқас тіркелді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 наурыз 2020 г.
364
0
Жеткізе алмаған ойыңызды денеңіз бен бет-бейнеңіз айтады. Мұны психологияда дене, тән тілі деп атайды. Яғни, адамның іс-қимылы мен ым-ишарасына қарап қандай адам екенін тану. Ым-ишараға адамның жатысы мен ұйықтау әдебі де енеді. Өйткені адам ұйықтағанда пәк күйде жатады да, ойы мен мінезін анық көрсетіп жатады. The Mirror басылымының жазуынша, мәселен, көрпені бүкіл денесіне жауып, бүркеніп, қаптанып жататын адамдар – қорғанышқа, қолдауға зәру, қамқорлықты жақсы көретін адамдар. Мұндай адамдар құшақтасып ұйықтағанды ұнатады. Ал төсектің бір шетінде жататындар – тәуелсіз, еркін ойлы адамдар. Олар жатып-тұруға ыңғайлы болу үшін төсектің шетіне құлай салғанды жөн санайды. Бұл олардың кез келген іске дайын екендігін білдіреді. Қолын басына жастық қып сүйеп жататындар – қазіргі өміріне риза еместер. Бұдан да артық нәрсені қалайды деген сөз. Жатарда киіммен жататындар да қамқорлыққа, қорғанышқа зәру жандар. Адамға сын айтылған кезде, бұға түсетіні сынды, жай өмірде де адам жайсыздық сезінгенде, қорғануға ұмтылады. Мұндай адамдардың көрпесі кеңірек болғаны жөн. Сонда тезірек ұйықтайды. Шалқасынан жататын адамдар – өзіне сенімді, ісіне жауап бере алатындар. Ал сәби сияқты бүрісіп жататындар жанындағы адамдарды бағалайтын, өзіне да бағалағанды ұнататын адам. Етпетімен жату денсаулыққа зиян. Жүрекке, қан тамырларына күш пен салмақ түседі. Ең дұрысы – шалқасынан не бір жағымен жату. Massaget.kz
ТАНЫМ
25 наурыз 2020 г.
761
0
Сәрсенбіде елімізде ауа райы ашық болады, тек кей дерлерде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 наурыз 2020 г.
414
0
Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырып тіркелген соңғы 4 адамның мәліметтері жария етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz сайтына сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
25 наурыз 2020 г.
401
0
Осы аптаның соңында коронавирустан емделген қазақстандықтар ауруханадан шығарылуы мүмкін. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Белгіленген алгоритмге сәйкес, науқастарға 14 күн бақылау жасаймыз. Ауырған адамдардан сол 14 күннің ішінде бірнеше рет қан сынамасын алып, емдейміз. Кейбір азаматтар жеңіл жағдаймен жатыр, ешқандай симптомдары жоқ. Оларды бақылап, жағдайлары дұрыс болса осы аптаның соңына қарай ауруханадан шығарып, үйлеріне жібереміз. Құдай қаласа емделді, дені сау, жағдайы жақсы деп шығарамыз»,- деді министр ведомствоның Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» деген айдармен жарияланған видеода.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 наурыз 2020 г.
552
0
Қазақстандағы коронавирус бойынша 24 наурыздағы 23:20 сағаттағы жағдай туралы coronavirus2020.kz сайты хабарлады.Коронавирус індетін жұқтырған тағы 2 адам тіркелді.Осы сағатта Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 36 адам, Алматы қаласында – 29 адам, Қарағанды қаласында - 2, Алматы облысында – 1 адам, Ақтөбе облысында – 1 адам, Шымкент қаласында – 1 адам, Жамбыл облысында – 1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында – 1 адам, жалпы 72 науқас тіркелді. BAQ.KZ
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 наурыз 2020 г.
510
0
Біз көптен бері науқаспыз. Біздің дерт агрессия, көреалмаушылық, дөрекілік, надандық, немқұрайлылық, жек көру, құнығу, жалған сөйлеу, екіжүзділік... Егер карантин жасаса, адамзат баласын тек коронавирустан сақтау үшін емес, бәрімізді жалпы карантинге отырғызу өзекті мәселе болғаны. Бірақ ол карантиннің себебі басқа.
ТАНЫМ
24 наурыз 2020 г.
861
0
Сәуір айының ортасына қарай коронавирус инфекциясын жұқтыру деректері төмендей бастауы тиіс. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. «Төтенше жағдай режімін ұзарту эпидемиологиялық жағдайға, коронавирус инфекциясын жұқтыру жағдайына байланысты болады. Біз 15 сәуірге қарай вирусқа шалдығу төмендей бастайды деп үміттенеміз. Мұндай жағдайда шешімді Мемлекет басшысы қабылдайтын болады. Біз мемлекеттік комиссияда күн сайын бұл ахуалды қарастырып отырамыз. Дегенмен, жағдай теріс өрбитін болса, онда төтенше жағдай режімінің ұзартылатындығы сөзсіз», - деді министр ведомствоның Facebook-тегі парақшасында «Денсаулық министрлігі хабарлайды...» деген айдармен жарияланған видеода. Оның атап өтуінше, болжамға сәйкес, сәуір айының алғашқы он күнінде коронавирусқа шалдығу дерегі шырқау шегіне жетуі мүмкін. «Дегенмен, қабылданған карантиндік шаралар біздің есептеуімізше аурудың таралуын шамамен 50 пайызға төмендетіп отыр. Сондықтан карантиндік шараларды сақтау барынша маңызды және ол мұнан ары да қатаңдатылуы мүмкін. Оны кеше Президентіміз де айтқан болатын. Бұл инфекцияның таралу жылдамдығын айтарлықтай төмендетуге ықпал етеді», - деді Елжан Біртанов.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 наурыз 2020 г.
505
0
Аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов облыстағы дәріхана иелері және жеңіл өнеркәсіп саласындағы кәсіпкерлермен кездесті. Қазір бетперде және антисептик сынды медициналық бұйымдар тұрғындар тарапынан үлкен сұранысқа ие. Тапшылықты болдырмау мақсатында облыс әкімі ертеңнен бастап кәсіпкерлерге арзан бағада бетперде тігіп, оны дәріханалар арқылы халыққа ұсыну қажеттігін тапсырды. Қазіргі таңда "Dalatex" тігін фабрикасы №50 дәріханамен келісім-шартқа отырып күніне 10 мың данадан аса бетперде ұсынады. Ал белгілі кәсіпкер Аида Керімқұлова күніне 1000-1500 дана тауарды "Аңсар" дәріханалар желісіне жеткізеді. Ал Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің оқытушылары антисептиктердің тапшылығын ескеріп, арнайы құтыға құйылған залалсыздандыратын сұйықтық әзірлеуде. Аймақ басшысына антисептик шығаратын кәсіпкерлер өңірде этил спиртінің тапшылығы туындап отырғанын жеткізді. Осыған байланысты, Қуанышбек Ысқақов жауапты сала жетекшілеріне өнімді 2 күн ішінде өзге аймақтардан әкеліп беруді міндеттеді. Тек сатылымға шығарылатын тауар халыққа қолайлы бағада ұсынылуы тиістігін ескертті. "Осындай төтенше жағдай кезінде біз бірігуіміз қажет. Халық үшін бірге жұмыс істеуіміз керек. Маска мен антисептиктердің бағасын шарықтатып пайда көру деген болмасын. Індет, дағдарыс дегеніміз – уақытша, өтпелі құбылыс. Біздің алдымызда тұрған мақсат – мүмкіндікті барынша пайдалану, осы дағдарыстан аман-есен шығып, одан да мықты болу. Оған біздің толық мүмкіншілігіміз бар. Әрқайсымыз өз міндетімізді жауапкершілікпен орындасақ, бұл қиындықтан тезірек шығамыз",- деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 наурыз 2020 г.
1 159
0
Шымкент қаласында коронавирус індетін жұқтырған 1 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат coronavirus2020.kz-ке сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
24 наурыз 2020 г.
538
0