АРМАНЫ БИІК АУЫЛ БАЛАЛАРЫ

АРМАНЫ БИІК АУЫЛ БАЛАЛАРЫ

Ауылдағы оқу орнын бітіргендерде ортақ стереотип бар. «Ауыл мектебінде оқығанмын». Бұл сылтау осы кезге дейін талай үмітті жанбай жатып сөндіргені анық. Қалалық емес, далалық болудың даналыққа жетелейтіні бар әрі шын қаласаң шеберлік шыңы алынбайтын асу емес. Мұны Назарбаев зияткерлік мектебінде білім алатын ауыл балалары дәлелдеп жүр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2019 г. 1 192 0
Тұңғыш Президент көрмесі – Қармақшыда

Тұңғыш Президент көрмесі – Қармақшыда

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының «Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі ғылыми-білім беру және мәдени ағартушылық көрмесі Қармақшы ауданында өз жұмысын бастады, - деп хабарлады syrboyi.kz сайты аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2019 г. 538 0
Қызылордада шетелдік бишілер сынға түсті

Қызылордада шетелдік бишілер сынға түсті

Әдемілік пен шеберлікті тоғыстырған «Feerіe Dance – 2019» халықаралық балдық би турнирі мәресіне жетті. Еуразия кубогы үшін өткен байқауға еліміздің және 6 шет мемлекеттің 500-ге тарта дарынды жастары қатысты.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2019 г. 402 0
Футбол: «Қайсар» ел чемпиондарымен тең ойнады

Футбол: «Қайсар» ел чемпиондарымен тең ойнады

Футболдан Ел біріншілігінің 4 тур ойындары аясында "Қайсар" "Астананы" қабылдады, деп хабарлады syrboyi.kz сайты "Қайсар" футбол клубы сайтына сілтеме жасап.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2019 г. 694 0
Жаңақорғандықтар ауылдасына үй салып берді

Жаңақорғандықтар ауылдасына үй салып берді

Жаңақорған ауданына қарасты Қыркеңсе ауылдық окурігінің тұрғындары тұрмысы төмен отбасына жаңа баспана салып берді, деп хабарлайды syrboyi.kz сайты ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2019 г. 419 0
Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні (видео)

Бүгін – Геннадий Головкиннің туған күні (видео)

Бүгін - бокстан WBA/IBF/WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы, қазақстандық танымал боксшы Геннадий Головкиннің туған күні.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 сәуір 2019 г. 546 0
ЖЕҢІЛДІКТІҢ ДЕ  ЖҮГІ БАР

ЖЕҢІЛДІКТІҢ ДЕ ЖҮГІ БАР

 Ауыл баласының арманын орындауға сеп болатын «ауыл квотасы» деген бар. Мұны оқуға түсуге талпынған әрбір түлек жақсы біледі. Бұл өзі қалаған мамандық таңдау конкурсында қалалық замандастармен білім жарысында ауыл баласына сәл артықшылық береді. Арманға жету үшін бұл да сеп. Бір қызығы, қала баласының да осы квота үшін мектептің соңғы екі жылын ауылға келіп оқитын көріністер кейде байқалып қалады. Алайда, ауыл жеңілдігінің артар жүгі бар екенін бірі білсе, бірі біле бермейді. 
ЖАРНАМА 07 сәуір 2019 г. 1 175 0

БОЛМЫСЫ БӨЛЕК ҚАЛАМГЕР

Белгілі қаламгер, Қазалы ауданының құрметті азаматы, «Құрмет белгісі» ор­денінің иегері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Әлмәмбет Әлішев 80 жасқа толып отыр. 
ТАҒЫЛЫМ 07 сәуір 2019 г. 599 0

ОТБАСЫМ – МЕНІҢ ТІРЕГІМ

ҚР Жоғарғы СотыныңТөрағасы Ж.К.Асановтың бастамасымен сот жүйесінде жеті түйін пилоттық жобалары іске асырылуда. 
АҚПАРАТ 07 сәуір 2019 г. 639 0
ШӨЛСТАНҒА   ШАБУЫЛ

ШӨЛСТАНҒА ШАБУЫЛ

 Менің туған ауылым – Көкаралдың Аққұмы дария атырауының өкпе тұсында. Аспан ашық күндері дария­ның теңізге құярлығы сонау көктегі күн астында айнадай жарқырап жатады. Екі аралық асқанда 20 шақы­рымдай. Біздер, жалаңаяқ жорытқан ауыл балалары Сарытөбе деп аталатын теңіз жағалауындағы енапат құм төбенің басына шығып алып ойнайтынбыз. Сол төбе үстіртінен қарсы беттегі алып теңіздің айдынында жүз­ген тірі ноқаттың бәрі көрінеді. Сонау көз ұшында теңселген балықшы қайықтарын бұлың-даған сағым тол­қындары теңіз бетінен көтеріп әкетердей көрінетін. Бүгін көрген қызықтарымыз ертең қайталанбайтын ғажайып көріністер өзіне еріксіз еліктіреді, ұзын-сонар қиял әлеміне алып ұшады. Бір сәтте сол-сонау сиқырлы дүниенің тұтас шымылдығы арасынан сағым көтерген ұбақ-шұбақ ұзын көш – теңіз керуені көрінер еді бар салтанатымен. Біздер қанша аунағанымызда үстімізге қы­лау жұқпайтын Сарытөбенің асыл топырағына жапа-тармағай етпеттей жата-жата қалып, қос алақанымызбен жағымызды таянып жіберіп, сонау қиырдағы көш-керуеннің тіркемелерін санай бастаймыз. Біреу, екеу, үшеу... кейде 5-6, кейде 7-8 тіркеме болады, кейде он, тіпті он екіге дейін барады. Мәссаған-н деп шулаймыз. Көз ұшындағы сол ғажаптың қызығына тоймайтынбыз, көзіміз жасаурап тал­ғанша алыс қиырға ұзатып салудан жалықпайтынбыз.
ӘДЕБИЕТ 07 сәуір 2019 г. 2 137 0