МЕМЛЕКЕТТІК  ҚЫЗМЕТ  САПАСЫ АРТУДА

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ САПАСЫ АРТУДА

“Достық үйінде” облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайы қозғалды. Бұл мәселе бойынша алдымен қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов хабарлама жасады. Оның айтуынша, биылғы жылдың он айында  халыққа “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы 58 қызмет түрі, “электронды үкімет порталы” бойынша – 47, тікелей дербес бөлім кеңсесі арқылы 72 қызмет түрі қолжетімді болған. Ішкі бақылау қорытындысына сәйкес есептік кезеңде қызмет алушыларға жалпы 147 мыңнан аса қызмет көрсетілген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 желтоксан 2018 г. 548 0
«Самғау» –  ДАРЫНДЫЛАРДЫ  ҚОЛДАУ

«Самғау» – ДАРЫНДЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ

Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы биыл да  сарапқа салынбақ. Жетінші мәрте ұйымдастырылған жастар сыйлығы дарынды, білімді, өз саласы бойынша қатарластарынан оқ бойы озық жүрген, жоғары жетістіктерге жеткен жастарға беріледі. Биыл сыйлықты тағайындау ережесінде аздаған өзгеріс бар. Бұрын «Самғау» сыйлығына өзін ұсынушы үміткер «Мен осы сыйлыққа неге лайықтымын?» тақырыбында эссе жазатын болса, енді қатысушылар арнайы комиссия алдында өзін слайд, видео арқылы таныстыратын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық «Жас­тар ресурстық орталығы» КММ директоры Жанболат Досмаханов, «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Уәлихан Тұрарбекұлы мәлімдеді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 желтоксан 2018 г. 1 002 0
СУ ЖҮРГЕН ЖЕР – БЕРЕКЕ...

СУ ЖҮРГЕН ЖЕР – БЕРЕКЕ...

Жуырда Жанқожа батыр ауылына жол түсті. Сонда қырқаның етегін кемерлей шалқыған Ащыкөлге еріксіз назарымыз ауды. Көл суының молайғаны сонша бір шеті ауылдың іргесіне жақындапты. Қатты сүйсіндім.  Осынау көрікті ауылдың айбынын асырып жатқан көлдің мұншалықты толысқанын есімді білген кезден бері көргенім десем, артық  емес. Менің таңданысымды сапарлас серігім де қоштай кетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 желтоксан 2018 г. 608 0
Пәтер тонаумен айналысатын қылмыстық топ қолға түсті

Пәтер тонаумен айналысатын қылмыстық топ қолға түсті

Алматыда пәтер тонаумен айналысып келген қылмыстық топ қолға түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 желтоксан 2018 г. 499 0
«Қайраттың» ойыншысы үшінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атануы мүмкін

«Қайраттың» ойыншысы үшінші мәрте әлемнің үздік қақпашысы атануы мүмкін

«Қайрат» ойыншысы Игита төртінші жыл қатарынан UMBRO Futsal Awards 2018 сыйлығына «Әлемнің үздік қақпашысы» аталымы бойынша үміткерлердің алғашқы ондығына ілінді, - деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
ДОДА 08 желтоксан 2018 г. 3 862 0
ӘРІ ҚАПТАМА,  ӘРІ ЖАРНАМА

ӘРІ ҚАПТАМА, ӘРІ ЖАРНАМА

Бүгінде кәсіпкер жастар саны күн санап артып келеді. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Бұл – оқуын жаңа бітіріп, дипломын қолына алып, жұмыс таппай жүрген көптеген жастарға таптырмайтын мүмкіндік. Аймақта жыл сайын кәсіпкерлікке жастарды тарту мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастырылуда. Онда жастар өз жобаларын ұсынады. Осындай жеңілдікті тиімді пайдаланғандардың бірі – Шыңғыс Сәдуов. Ол Қызылорда қаласының тумасы. Талапты жігіт жақында жас кәсіпкерлерге арналған  байқауға қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Оның ұсынған «Балғын» жобасы қазіргі кезде жүзеге асып жатыр. 
АҚПАРАТ 08 желтоксан 2018 г. 732 0
Жайың  қалай,  ауылдық  аурухана?

Жайың қалай, ауылдық аурухана?

Қазіргі уақытта елімізде бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізудің кезеңдік жұмыстары жалғасуда. Денсаулық сақтау мекемелерінде құрылымдық өзгерістер болып жатыр. Заң талаптарына сәйкес, облыс бойынша ауылдық елді мекендердегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауруханалардың жұмыс істеу қажеттілігіне, тәуліктік стационарлық төсек-орындарды күндізгі стационарларға ауыстыру мүмкіндігіне байланысты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі қандай? Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов саладағы өзгерістердің жай-жапсарын баян етті. 
Денсаулық 08 желтоксан 2018 г. 4 015 0
Парасатты прокурор

Парасатты прокурор

Қызылорда қаласының 200 жылдың мерейтойы аясында аймақта ауқымды шаралар атқарылғаны баршаға мәлім. Шаһардың тарихына үңілсек, ел басына күн туған талай қиын күндер мен сындарлы сәттерді аңғарамыз. Сондықтан ертеңгі күнге тағылым боларлық оқиғаларды көпке жеткізгеніміз абзал.
ТАҒЫЛЫМ 07 желтоксан 2018 г. 800 0
Луйза Хейдің қанатты сөздері

Луйза Хейдің қанатты сөздері

Луйза Хейдің қанатты сөздері30 тамыз күні атақты психолог Луйза Хей дүниеден өтті. Оның кейбір пікірі аңыз болып кетті, кейбірі психология кітаптарының негізін құрады, үшінші бірі адам тағдырының айнасына айналды. «Алыс жолға саяхат алғашқы қадамнан басталады» деген сөзді де Луйза Хей айтқан екен. 
ТАНЫМ 07 желтоксан 2018 г. 1 321 0
Қыран бүркіт өзінің балапандарына әкені қалай таңдайтынын білесіз бе?

Қыран бүркіт өзінің балапандарына әкені қалай таңдайтынын білесіз бе?

Мынадай қызық жасайды. Ұрғашы бүркіт тұмсығымен ағаштың бір бұтағын сындырып алады да, көкке самғайды. Бұтақты тұмсығына қыстырып, сол заңғар көкте ұзақ қалықтайды. Ұябасарды көрген шәулі атаулы оның айналасына жинала бастайды. Сол кезде ұябасар тұмсығына тістеген бұтақты төменге тастай салады. Көптің ішінен бір бүркіт зу етіп сол бұтақты жол ортадан ұстай алады. Бұтақты қайтадан ұябасардың тұмсығына қыстырады. Ұябасар бұтақты қайтып алады. Сөйтеді де қайта тастайды. Жаңағы бүркіт қайтадан жерге түсірмей қағып алады. Осылай көп рет қайталанады. Ұябасар біршама уақыт осындай сынақ жасайды. Ақырында сынақтан сүрінбей, әлгі бұтақты жерге түсірмеген шәулімен жұптасады. Екеуі жұптасқан соң шағылысады. Бүркіттер де аққулар секілді адал құстар. Бір жұп әрқашан бірге қалады. Ал, сынақты не үшін жасағанын сәл кейіндеу түсінесіз.
ӘДЕБИЕТ 07 желтоксан 2018 г. 753 0