« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы биыл да сарапқа салынбақ. Жетінші мәрте ұйымдастырылған жастар сыйлығы дарынды, білімді, өз саласы бойынша қатарластарынан оқ бойы озық жүрген, жоғары жетістіктерге жеткен жастарға беріледі. Биыл сыйлықты тағайындау ережесінде аздаған өзгеріс бар. Бұрын «Самғау» сыйлығына өзін ұсынушы үміткер «Мен осы сыйлыққа неге лайықтымын?» тақырыбында эссе жазатын болса, енді қатысушылар арнайы комиссия алдында өзін слайд, видео арқылы таныстыратын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Жанболат Досмаханов, «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Уәлихан Тұрарбекұлы мәлімдеді.
14 пен 29 жас аралығындағы барлық қала жастары қатыса алатын «Самғау» сыйлығын тағайындау барысында үміткерлердің ұлты, нәсілі, діні мен білім деңгейіне, әлеуметтік жағдайына шектеу қойылмайды. Олар өз саласында жетістіктерге қол жеткізуі, әлеуметтік маңызды жобаларға белсене қатысқаны не мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру, жетілдіру барысында қосқан жаңашыл бастамалары, жеке басының жетістіктері бойынша сынға түседі. Биыл аталған сыйлық он жасқа тағайындалмақ. Бірақ, осы уақытқа дейін «Самғауды» иеленген және осы деңгейдегі облыстық, қалалық сыйлықты алғандарға берілмейді. Шараны ұйымдастыру міндеті қалалық ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы негізінде «Қызылорда – Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігіне жүктелген. Бірлестік төрағасының айтуынша, ережеге өзгеріс енгізудегі мақсат – сыйлық тағайындау барысында ашықтыққа мән беріп, «Самғауға» нағыз лайықты жастарды таңдау.
Айтпақшы, үміткерлер сыйлыққа қатысу құжаттарын биылғы жылдың 14 желтоқсанына дейін қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-ге тапсыруы қажет. Сондай-ақ, брифинг барысында Жанболат Досмаханов осы айда жас математиктер арасында Асқар Жұмаділдаев атындағы байқау ұйымдастырылып, әйгілі математиктің лекциясын өткізу жоспарланғанын да атап өтті.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |