« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
“Достық үйінде” облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайы қозғалды. Бұл мәселе бойынша алдымен қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов хабарлама жасады. Оның айтуынша, биылғы жылдың он айында халыққа “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы 58 қызмет түрі, “электронды үкімет порталы” бойынша – 47, тікелей дербес бөлім кеңсесі арқылы 72 қызмет түрі қолжетімді болған. Ішкі бақылау қорытындысына сәйкес есептік кезеңде қызмет алушыларға жалпы 147 мыңнан аса қызмет көрсетілген.
– Мемлекеттік қызмет көрсету саласының сапасын арттыру жолдарының бірі – электронды түрде көрсетілген қызметтердің санын ұлғайту. Бұл мақсатта қала аумағында, кенттер мен ауылдық округтерде “электрондық цифрлық қолтаңба” тақырыбындағы билбордтар ілінсе, көшелер мен аялдамаларда “e-gov” веб порталы жөнінде ақпараттық материалдар орналастырды, – деді Ш.Байманов.
“Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы” Заң белгілеген талаптар мен нормалардың сақталуын қадағалау мақсатында 8 бөлімде ішкі бақылау жұмыстары да жүргізілген. Нәтижесінде заң бұзушылықтарға жол берілген №39, 144, 278 мектеп директорлары мен ветеринария бөлімінің бас маманы, қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің статист маманы анықталып, тәртіптік жауапкершілікке тартылған. Мұндай кемшіліктер ауылдық округтер мен кент әкімдіктерінде, бірқатар қалалық бөлімдерде де орын алған. Ол туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыс бойынша департаментінің басқарма басшысы Ғалымжан Ілкібаев хабарлады.
“Жасырын сатып алушы” тәсілін жүргізген департамент аталған орындарда мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған шақыру қоңырауларының жұмыс жасамайтындығын, пандустың нормативке сай еместігін, халықтың өзіне-өзі қызмет көрсетуі үшін арналған компьютерлердің іске қосылмағандығын анықтап отыр. Осыған сай, Ғ.Ілікбаев қызмет беруші мекемелер ғимараттарындағы қызметкерді шақыру қоңыраулары қалыпты жұмыс жағдайына келтіріліп, ғимарат дәлізіндегі жарық шамдары толық қосылса, күту орындарын қызмет алушыларға жеткілікті көлемде қамтамасыз етіп, өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштарының күнделікті жұмыс жасауына, бағыныстағы қызметкерлер мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электрондық үкімет порталы арқылы алса деген ұсынысын білдірді.
Жиын соңында хабарламашыларға кеңес мүшелері тарапынан сұрақтар қойылып, тұшымды жауаптар алынды. Кеңес төрағасы С.Имандосов айтылған ұсыныстардың жіті зерттеліп, қадағаланатынын жеткізді.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |