« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |
Жуырда Жанқожа батыр ауылына жол түсті. Сонда қырқаның етегін кемерлей шалқыған Ащыкөлге еріксіз назарымыз ауды. Көл суының молайғаны сонша бір шеті ауылдың іргесіне жақындапты. Қатты сүйсіндім. Осынау көрікті ауылдың айбынын асырып жатқан көлдің мұншалықты толысқанын есімді білген кезден бері көргенім десем, артық емес. Менің таңданысымды сапарлас серігім де қоштай кетті.
Жалпы, Қазалы ауданында көлдер жүйесін суландыру бағытында бірқатар тірлік атқарылған.
Биыл аудан бойынша ауыл шаруашылығы дақылдарын суаруға 688 млн текше метр су қажеттігі межеленген екен. Оның ішінде дақылдарды суаруға, экологиялық қажеттілікке де лимит қаралған. Егіс көлемінің 6800 гектарын күріш дақылы құрады. «Қазалысушар» өндірістік учаскесі бойынша биыл су жеткізіп беру қызметі үшін 37 су пайдаланушылармен келісім-шарт жасалыпты. Оның ішінде шаруашылық, ауылдық округтер, өзге де қожалықтар бар.
Жайылымдық, шабындық және көлдерге экологиялық ахуалды жақсарту мақсатында керекті мөлшерде су жіберілген. Нәтижесінде Сол жаға магистральді каналына қажетті су босатылып, Жаңа Қарлан, Бірқазанды, Новая-Жаңа, Ішкі каналдарының бойындағы Шыбық, Шаң, Қаракөл, Ишанкөл, Тақыркөл, Шаңдыкөл, Найзағұл, Бестам, Мүлкаман, Ақшүңгіл, Қулы, Қопақ, Сарыкөл учаскелеріндегі шабындық, жайылымдық жерлер мен көлдер қамтамасыз етілген. Мұндай мүмкіндік Оң жаға каналының бойында орналасқан барлық су жеткізу нысандарында да жүзеге асырылыпты. Осы жылы «Қазалысушар» өндірістік учаскесі «Құмарық» каналының төрт шақырымына механикалық тазалау және бойындағы екі гидротехникалық құрылысқа жөндеу жұмыстарын жүргізіп, «Бидай аша» каналын, «К-2» коллекторының бойын тазалап, Сол жаға арнасының 104 бекетіндегі қызметтік көпіріне, «Ішкі» каналының бас су өткізгішіне, гидротехникалық құрылысқа ағымдағы жөндеу жасапты.
«Қазіргі уақытта «Қара арық» каналының бойына механикалық тазалау, Оң жаға арнасындағы Р-2 каналының сағасындағы бас тоспа құрылысына жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Алдағы уақытта Оң жаға арнасының 104 бекетіндегі су тоспасы да ретке келтіріледі» дейді «Қазалы су шаруашылығы» өндірістік учаскесінің басшысы Исахмет Мусиров.
Қазалы ауданы.
« Мамыр 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | 4 | |||
5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 |
19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 |
26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 |