“Достық үйінде” облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Онда мемлекеттік көрсетілетін қызметтер жайы қозғалды. Бұл мәселе бойынша алдымен қала әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов хабарлама жасады. Оның айтуынша, биылғы жылдың он айында халыққа “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы арқылы 58 қызмет түрі, “электронды үкімет порталы” бойынша – 47, тікелей дербес бөлім кеңсесі арқылы 72 қызмет түрі қолжетімді болған. Ішкі бақылау қорытындысына сәйкес есептік кезеңде қызмет алушыларға жалпы 147 мыңнан аса қызмет көрсетілген.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 желтоксан 2018 г.
552
0
Қызылорда қаласы жастарына арналған «Самғау» сыйлығы биыл да сарапқа салынбақ. Жетінші мәрте ұйымдастырылған жастар сыйлығы дарынды, білімді, өз саласы бойынша қатарластарынан оқ бойы озық жүрген, жоғары жетістіктерге жеткен жастарға беріледі. Биыл сыйлықты тағайындау ережесінде аздаған өзгеріс бар. Бұрын «Самғау» сыйлығына өзін ұсынушы үміткер «Мен осы сыйлыққа неге лайықтымын?» тақырыбында эссе жазатын болса, енді қатысушылар арнайы комиссия алдында өзін слайд, видео арқылы таныстыратын болады. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында қалалық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Жанболат Досмаханов, «Қызылорда-Ақиқат Айнасы» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Уәлихан Тұрарбекұлы мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 желтоксан 2018 г.
1 007
0
Жуырда Жанқожа батыр ауылына жол түсті. Сонда қырқаның етегін кемерлей шалқыған Ащыкөлге еріксіз назарымыз ауды. Көл суының молайғаны сонша бір шеті ауылдың іргесіне жақындапты. Қатты сүйсіндім. Осынау көрікті ауылдың айбынын асырып жатқан көлдің мұншалықты толысқанын есімді білген кезден бері көргенім десем, артық емес. Менің таңданысымды сапарлас серігім де қоштай кетті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 желтоксан 2018 г.
613
0
Алматыда пәтер тонаумен айналысып келген қылмыстық топ қолға түсті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
08 желтоксан 2018 г.
502
0
«Қайрат» ойыншысы Игита төртінші жыл қатарынан UMBRO Futsal Awards 2018 сыйлығына «Әлемнің үздік қақпашысы» аталымы бойынша үміткерлердің алғашқы ондығына ілінді, - деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.
ДОДА
08 желтоксан 2018 г.
3 871
0
Бүгінде кәсіпкер жастар саны күн санап артып келеді. Оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілуде. Бұл – оқуын жаңа бітіріп, дипломын қолына алып, жұмыс таппай жүрген көптеген жастарға таптырмайтын мүмкіндік. Аймақта жыл сайын кәсіпкерлікке жастарды тарту мақсатында түрлі байқаулар ұйымдастырылуда. Онда жастар өз жобаларын ұсынады. Осындай жеңілдікті тиімді пайдаланғандардың бірі – Шыңғыс Сәдуов. Ол Қызылорда қаласының тумасы. Талапты жігіт жақында жас кәсіпкерлерге арналған байқауға қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінді. Оның ұсынған «Балғын» жобасы қазіргі кезде жүзеге асып жатыр.
АҚПАРАТ
08 желтоксан 2018 г.
736
0
Қазіргі уақытта елімізде бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізудің кезеңдік жұмыстары жалғасуда. Денсаулық сақтау мекемелерінде құрылымдық өзгерістер болып жатыр. Заң талаптарына сәйкес, облыс бойынша ауылдық елді мекендердегі жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ауруханалардың жұмыс істеу қажеттілігіне, тәуліктік стационарлық төсек-орындарды күндізгі стационарларға ауыстыру мүмкіндігіне байланысты зерделеу жұмыстары жүргізілді. Зерттеу жұмыстарының нәтижесі қандай? Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Олжас Ысқақов саладағы өзгерістердің жай-жапсарын баян етті.
Денсаулық
08 желтоксан 2018 г.
4 025
0