Елбасының қолдауымен басталған ірі стратегиялық маңызы бар – «Бейнеу-Бозой-Шымкент» магистралды газ құбыры аймаққа оң өзгеріс әкелді. Облыс аумағынан өтетін 846 шақырымдық газ құбыры аймақтағы аудан мен елді мекендерді көгілдір отынмен қамтуға жол ашқаны белгілі. Мемлекет басшысының жасаған тікелей қамқорлығы бұдан басқа жаңа құрылыстарды пайдалануға енгізумен қатар, жаңа жұмыс орындарын құруды, халықтың әл-ауқаты деңгейін арттыруға ықпал етіп отыр.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қараша 2018 г.
824
0
Сонымен аудан орталығынан таң біліне Іңкәрдарияға жолға шықтық. Аудан орталығы мен халықаралық «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автокөлік жолы арқылы тақтайдай тегіс жолмен қырық минутта жетіппіз. 1965-1996 жылдары қаракөл қойын өсіретін өзімен аттас кеңшардың орталығы болған ауыл тұрғындары нарықтың кезінде бақшалық пен қызылша өсіріп халқының қант-шайын айырумен де айналысыпты. Қазір Сырдың дара дақылы – күріш егуді де қолға алған. Ауылдың жарты ғасырдан астам тарихында өркендеу ізі байқалады. Күн санап көркейіп келеді. Өсер елдің өрісті мәдениетін айғақтағандай соңғы жылдарда клуб үйі, емхана, әкімшілік ғимараты пайдалануға берілген. Ауылға барар жол айнадай тегіс. Ауыз судың өзі кейбір елді мекендегідей сағаттап, белгілі бір уақытпен беру деген атымен жоқ. 24 сағат бойы тоқтаусыз келіп тұр. Әрине, ауыл ажарын айшықтайтын нысандардың жаңаруы елдің экономикалық та, әлеуметтік те дамығандығын көрсетеді. Сондықтан береке-бірлігі бекем ауыл тұрғындары да абыройлы еңбек етуде.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қараша 2018 г.
862
0
Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Т.Маханов, техникалық реттеу және метрология комитетінің облыс бойынша департаментінің бас маманы Серік Қасымовтың қатысуымен брифинг өтті. Онда ҚР Президентінің «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» ҚР Конституциялық заңына өзгерістер енгізілгенін мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қараша 2018 г.
690
0
Қазақстан ревматологтар қауымдастығының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, профессор, ревматолог дәрігер Ғалымжан Тоғызбаевтың есімі жалпақ жұртқа жақсы таныс. Қатардағы дәрігерден бастап, бірқатар басшылық қызметтер атқарған ол, бүгінде жеке медициналық компанияның жетекшісі. Оңтүстік Корея елімен бірлескен жоба аясында биыл Алматы қаласында ашылған орталық қазақстандықтардың шетел асып, ем іздеп сабылмауына мүмкіндік береді. Жуырда белгілі дәрігермен тілдесудің сәті түскен еді.
Cұхбат
10 қараша 2018 г.
3 012
0
Әлемдегі дамыған мемлекеттер тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу арқылы миллиондап табыс табады. Мәліметтерге көз жүгіртсек, АҚШ қоқысты қайта өңдеу кәсібін ХІХ ғасырда жолға қойып, бюджетін дәл осы саламен көбейтіп отыр. Істің көзін білетін жапондар да қоқыстың 90 процентін кәдеге жаратады, Германия оны тиімді бизнес көзіне айналдырып үлгірген. Олар істен шыққан тауарды шетелден де қабылдайды, Қытай өнеркәсібі қарапайым пластикалық қоқыс қалдығынан дайындалған киімдерді экспортқа шығарады. Ал елімізде бұл бағыттағы ілгерілеушілік енді ғана байқалып келеді.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қараша 2018 г.
864
0
Газеттің апталық жоспары бекітілісімен редакция секретариатында қарбалас жұмыс басталып кеп береді. Кезекті нөмердің макет нобайын сызу, көркемдік жағын ойластыру, бастысы – салмағы мен пайым-парасатына қарай мақалаларды реттеп орналастыру мәселелері бір-бірімен жалғасып жатады. Оның үстіне, аймақта өтетін жиындар мен шараларға, семинар-кеңестерге газет тілшілерін жіберіп, дайындалған хабар-ошарларды басшылардың біріне үстінен оқытып алу секілді жауапкершілік жетіп артылады.
ТАҒЫЛЫМ
10 қараша 2018 г.
1 171
0
И.Әбдікәрімов атындағы Қызылорда аграрлық техникалық жоғары колледжінде «Кәусар» мамандар орталығы» қоғамдық бірлестігі «Еліне еткен еңбегі» шығармалар байқауын өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
10 қараша 2018 г.
390
0
PDF
10 қараша 2018 г.
490
0
Шетелдік пациенттер үшін Қазақстанның мүмкіндіктерін таныстыруға арналған www.medicaltourism.kz бірыңғай онлайн-порталы тестік режимде жұмысын бастап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қараша 2018 г.
785
0
Қазақстанда 11 қараша Энергия үнемдеу күні ретінде бекітілуі мүмкін. Мұндай бастаманы ҚР Инвестициялар және даму министрлігі көтеріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
09 қараша 2018 г.
798
0