Мәскеу–  мағыналы  шаралар мекені

Мәскеу– мағыналы шаралар мекені

 Өңірлік басылымдарды имидждік жағынан көтеру, заманауи жаңа технологияны меңгеру, сапалық деңгейін арттыру бағытында аудандық газет редакторлары мен орынбасарлары үш күндік сапармен Мәскеу қаласына тәжірибе алмасуға және Х-шы халықаралық «БАҚ және бұқаралық коммуникация 2018» ғылыми оқулар конференциясына барды. Бұл облыс әкімі Қ.Көшербаевтың қолдауымен аймақта тұңғыш рет жасалған тың бастама болатын.
ЖАРНАМА 30 қазан 2018 г. 1 320 0
«Алтын дән-2018»   марапат иелері

«Алтын дән-2018» марапат иелері

«Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісі  1. Сәрсенов Абзал Төрахметұлы. Қазалы ауданы, «Жалаңтөс батыр» серіктестігінің директоры. 2. Лекеров Бақытжан Зинадинұлы. Сырдария ауданы әкімінің орынбасары. 3. Әшірбеков Бағлан Әміреұлы. Шиелі ауданы, «Аширбеков» шаруа қожалығының төрағасы. 4. Апсаттаров Абдулла Ақжанұлы. Жаңақорған ау­да­ны, «Миялы» агроөнеркәсіптік кооперативінің төр­ағасы.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2018 г. 974 0
Денсаулық пен білім - басты назарда

Денсаулық пен білім - басты назарда

 Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқаты­ның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты дәстүрлі Жолдауының ерекшелігі – ха­лықтың өмір сүру сапасын арт­тыруға нақты бағытталған.
ҚОҒАМ 30 қазан 2018 г. 585 0
Шоқтығы биік Шоқай мұрасы

Шоқтығы биік Шоқай мұрасы

 Студенттер сарайында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Мұстафа Шоқай мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
ҚОҒАМ 30 қазан 2018 г. 577 0
Еңбек мерекесі – елдің берекесі

Еңбек мерекесі – елдің берекесі

Қазіргі уақыт дән даласында ала жаздай еңбек еткен диқандар жұмысы еленіп, көктемгі шығын мен күзгі табыс ескерілетін кезең. Аймақ үшін биылғы күз де толайым табысымен келді. Өткен аптаның сенбі күні облыс орталығында барлық аудандар күздің сыйын қала тұрғындары мен қонақтарына ұсынып, облыс әкімі Қырымбек Көшербаев Жаңақорған және Шиелі аудандарының   ауылшаруашылық өнімдері жәрмеңкесін аралады.Молшылық мерекесіндегі думанды тойдың сәні мен салтанаты бөлек, тіпті сенбілік сауда да сұраныс пен ұсыныс бір-бірін адаспай тауып, ел қалағанынша керегін алды. Бұл күні 1500 тоннаға жуық бақша және сүт, ет өнімдері, балық әкелініп, базар бағасынан төмен бағада ұсынылды. Айталық, картоп өткен жылы 100 теңгеден болса, биыл 60-70 теңгеден, сәбіз былтыр 130-дан саудаланса, биыл – 80, күріш 150-180 теңгеден берілді. Биыл ауыл шаруашылығы саласында Шиелі, Жаңақорған аудандары жоғары көрсеткішке ие болып, егін шаруашылығын дамытуда ерекше еңбек үлгісін көрсетті. Жәрмеңкеде, Шиелі ауданының әкімі Әшім Оразбекұлы Елбасының 2021 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемін 2,5 есеге арттыру тапсырмасына сәйкес, саланы әртараптандыруға басымдық берілгенін атап өтті. Ауданда ет, сүт өнімдері, дәнді дақыл көлемі өткен жылғыға қарағанда 10-30 процентке артқан.Мұнан кейін Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында «Алтын дән» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті. Облыс әкімі сала қызметкерлерін егін жинау науқанының сәтті аяқталуымен құттықтап, үздік қызметкерлер мен ардагерлерді марапаттады. Думанды еңбек тойында «Құрмет» орденінің иегері, Социалистік Еңбек ері, 11 бала тәрбиелеп өсірген Батыр ана Сәлима Жұмабековаға жаңа үйдің кілті табысталды. Дән даласын­да Сыр маржанын жайқалтып, берекелі еңбектің үлгісін көрсеткен, шаңырақтың алтын қазығына айналған анаға қай құрмет те жарасымды.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР 30 қазан 2018 г. 663 0