Шоқтығы биік Шоқай мұрасы

 Студенттер сарайында Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру: Мұстафа Шоқай мұраларын зерттеудің өзекті мәселелері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.
Конференцияның пленар­лық мәжілісінде Қазақ Ұлттық аг­рар­лық университеті жанын­да­ғы «Рухани жаңғыру» гу­ма­­нитарлық зерттеулер орта­лы­­­ғының директоры, тарих ғы­­­лым­­­дарының докторы, академик Хан­­келді Әбжановтың «М.Шо­қай мұрасы және ұлт зиялысын зерт­теу методоло­гиясы», Х.Дос­мұ­ха­медов атын­дағы Атырау мем­лекет­тік университеті «Мәң­­гілік Ел» ғылыми-зерттеу ор­та­лы­ғының директоры, та­рих ғы­лымдарының докто­ры, про­­фессор Аққали Ахмет­тің «Түр­­кістан легионері Ғ.Бейі­сов Мұстафа Шоқай хақын­да», Қ.А.Ясауи атындағы Ха­­­лық­аралық қазақ-түрік уни­­­вер­­ситетінің профессоры Хаз­рет­әлі Тұрсынның «Кө­шім Ес­ма­­ғамбетов – мұста­фа­тану ғы­лы­ми мектебін не­гіз­деуші» жә­не Қорқыт ата атын­дағы ҚМУ «Мұстафа Шо­қайтану ғы­лыми-зерттеу ор­та­лығының же­текшісі, саяси ғылымдар докторы, профессор Әбдіжәлел Бә­кірдің «Отандық мұстафатану ғы­лымының бү­гі­ні жайлы бірер сөз» та­қы­ры­бындағы баяндамалары тың­далды. Конференция аясында сек­ция­­лық жұмыстарға да кезек бе­рілді.
Жиын барысында Мұс­тафа Шоқайдың қайрат­керлігі, сая­саткерлігі тағы бір ұлық­талып, ғалымдар оның ұлт жанашыры ретіндегі мұра­ла­рының рухани жаңғыру ба­сым­­дықтарымен үндесіп жат­қанын, әлі де жан-жақты зерттеуді қа­жет ететінін  саралап берді.

Айнұр БАТТАЛОВА.
ҚОҒАМ 30 қазан 2018 г. 554 0