Денсаулық пен білім - басты назарда

 Ел Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқаты­ның өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты дәстүрлі Жолдауының ерекшелігі – ха­лықтың өмір сүру сапасын арт­тыруға нақты бағытталған. 

Жолдаудың басты басымды­ғы – қазақстандық­тардың әл-ау­қатын арттыру. Жалпы Жол­даудың бір­қатар ерекше­лік­терін атап өткен жөн. Осы тұр­ғыда Мемлекет бас­шысының ден­сау­лық сақтау мен білім саласы­на арнаған тапсырмасы көңіл қу­антады.

Бұл үлкен әлеуметтік маңызы бар оқиға, өйткені халық ден­сау­­лығы қоғамымыздың негізгі байлығы болса, жас ұрпақ­ты бі­лім нәрімен сусындату – елі­­міз­дің адами капиталын қа­­лып­­тас­тыру, қоғамдық са­на­ны эко­но­ми­калық жаң­ғырту бо­лып табылады. Осы тұр­­ғыда Нұрсұлтан Әбішұлы­ның: «Ме­дициналық қызмет са­­па­сы халықтың әлеуметтік кө­­ңіл-күйінің аса маңызды ком­­по­­ненті болып саналады. Ең ал­­­ды­мен, әсіресе ауыл­дық жер­­­­лерде алғашқы меди­ци­на­­лық-са­нитарлық көмек­тің қолже­тім­ді болуын қамтама­сыз ету қа­жет. Алғашқы меди­циналық-са­ни­тар­лық көмек көр­сететін қыз­меткер­лерді ынталандыру үшін 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ауруларды емдеу ісін басқарудың жаңа тәсілдерін енгізген учаскелік ме­дицина қыз­меткерлерінің жал­ақысын ке­зең-кезеңмен 20 пай­ызға кө­бейтуді тапсырамын. Осы мақ­сат­тарға келесі жылы 5 мил­лиард теңге бөлінеді. Осылайша біз көптеген адам өмірін сақтап қаламыз», – деп атап өтті.  

ҚР Денсаулық сақтау ми­нистрі Елжан Біртанов: «Біз Ел­ба­сы ғылым, денсаулық сақ­тау салаларына жұмсалатын қара­жатты 10% өсіру туралы тап­сырма бергенде қатты қуан­дық. Еліміздегі көрсетілетін ме­­ди­циналық қызметтің сапасы бө­лінетін қаржыға байланыс­ты екенін осыған дейін де айт­қан­быз. Мемлекет басшысы 5 жыл ішінде білім, ғылым, ден­саулық сақтау салаларына барлық көздерден жұмсалатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 7%-нен 10%-ке дейін жеткізу жөнінде нақты тапсырма берді. Енді елімізде денсаулық сақтау саласы тұрақты дамиды деген сенім пайда болды», – деді.

Нұрсұлтан Әбішұлы: «Ке­ле­сі жылы «Педагог мәрте­бесі туралы» заңды әзірлеп, қабылдау қажет деп санаймын. Бұл құжат мұғалімдер мен мектепке дейінгі мекемелер қызметкерлері үшін барлық игілікті қарастырып, жүк­темені азайтуға, жөнсіз тек­серістер мен міндеттен  тыс функ­циялардан арашалауға тиіс. Жо­ғары білім беру ісінде оқу орындарының маман дай­ындау сапасына қатысты та­лаптар кү­шейтіледі. Біз грант­тардың са­нын көбейттік, енді жауапкерші­ліктің кезеңі келді.

Жоғары оқу орнының табыс­ты­лығын бағалаудың басты кри­терийі – оқу бітірген студент­тер­дің жұмыспен қамтылуы, жал­ақысы жоғары жұмысқа орна­ласуы. Сөйтіп, 5 жыл ішінде бі­лім, ғылым, денсаулық сақтау сала­ларына барлық көздерден жұм­салатын қаражатты ішкі жалпы өнімнің 10 пайызына дейін жет­кізу қажет», – деді. 

Иә, Елбасын алда­ғы ауқымды міндеттерді айқын­да­ған дәстүрлі Жолдауы – үл­кен тарихи құжат. Халықтың әлеу­меттік-тұрмыстық  жағдайына әр­дайым көңіл бөліп, оны жақ­сарту ба­ғы­тын ұсынып отыра­тыны кө­ңіл қуантады. Мені, әсі­ресе, ұстаз­дар туралы айтқаны қат­ты әсер­лен­дірді. Жалпы ар­найы заң­мен мұғалімдердің тұл­ғалық мәрте­бесі анықталуы, білім беру саласына үлкен өз­герістер алып келеді. Енді мұ­ғалімге деген құр­мет артып, олардың өз кәсібіне жау­апкершілігі күшейетіні ақиқат. Сондықтан жалақыны қайта қа­рап, оның орташа мөлшерін кө­теру – педагогтардың жұмысқа де­ген ынтасын көтеру деген сөз. Ұлт болашағы – ұрпақты тәр­бие­леуде еңбек етіп жүрген педа­гог­тардың қадірін арттырсақ, қа­зақ халқының қадірі де артады.    

Жалпы осы Жолдауда ай­тыл­ған әрбір ой мен тапсырма қазақ­стандықтардың бақытты өмір сү­руіне бағытталғаны кө­ңіл қуан­­тады. Ендеше, осы игі бас­та­ма­ның жүзеге асуына атсалысу – бар­­шамыздың міндетіміз.

Амангелді 

СУХАНБЕРЛИЕВ, 

Қызылорда медициналық жоғары колледжінің оқытушысы,  «Ерен еңбегі үшін» белгісінің иегері,  «Денсаулық сақтау ісінің үздігі».
ҚОҒАМ 30 қазан 2018 г. 562 0