Алла тағалаға сенбеген, бірақ жұртқа жақсылық жасап өткен адам жәннатқа кіре ме?

Барша діндердегі құқықтар мен қазіргі таңдағы қолданатын заңдар бойынша, барлық адамдар заң алдында бірдей, сот құзырында тең дәрежеде қаралады. Ешбір адам өзінің бойындағы ерекшеліктері мен кейбір қасиеттерін алға тартып, жалпыға арналған заң ережелерінен тысқары қала алмайды. Қазақтың мәдениетін әлемге танытуда еңбегі сіңген яки белгілі бір спорт саласында әлемдік деңгейде үлкен дәрежеге жеткен белгілі тұлға мен ондай дәрежеге жете алмаған өзге жандар заң алдында пара-пар. Мысалы, Олимпиядада бірінші орын алып, Қазақстанның көк байрағын әлем алдында желбіретіп, елдің мерейін үстем еткен спорт шебері кісі өлтіріп, «Мені түрмеге жаба алмайсыңдар»,- деп, сот алдында өзін жалпыға арналған заңнан тыс ұстай алмайды. Егер әрбір адам қоғамға істеген игі істерін сылтауратып, мемлекеттен тек өзіне арналған жеке заң талап ететін болса, қоғамда заң деген түсініктің де мәні қалмас еді.
ТАНЫМ 12 шілде 2018 г. 761 0
Әйелдердің қоғамдағы ролін талқылады

Әйелдердің қоғамдағы ролін талқылады

ҚМДБ-ның Қоғаммен байланыс бөлімі, Қызылорда облысы бойынша «Әйелдер-қыздар» секторының ұйымдастыруымен «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешітінде «Игілік басы – ынтымақ, Ынтымақты елде – күншуақ» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2018 г. 721 0
Фейк жаңалықтар журналистикаға деген сенімді азайтты - Еуропа хабар таратушылар одағы

Фейк жаңалықтар журналистикаға деген сенімді азайтты - Еуропа хабар таратушылар одағы

Еуропа хабар таратушылар одағының Шығыс Еуропа елдерімен қарым-қатынас бөлімінің жетекшісі Радка Бетчева фейк жаңалықтардың таралуы туралы өз пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 12 шілде 2018 г. 716 0
Аламандағы арғымақ

Аламандағы арғымақ

 2014 жылдың көктемі. «Мамырда Қоғалыкөл ауылында үлкен бәйге болады» деген ел аузында  жағымды хабар тарай бастады. Бәйге десе, ішкен асын жерге қоятын жандар сол күнді асыға күтті. Солардың қатарында мен де бармын. 4-ші мамыр, 2014 жыл. Таңғы ұйқымнан ерте ояндым. «Бүгін бәйге болады» деген ой ұйқымды бұзды. Бар ойым азанғы шәйді іше сала, қорадағы малды жайлап, көрші ауылға ертерек аттану. Екі көзім көшеде. Көліктер өте бастады. Бәрінің барар жері бір секілді. Біз де қамданып, үйдегі пикап көлігінің артына арбамен бірге міндік. Бәрі керемет. Жолдағы ағылып жатқан халықты көріп, мәз мейраммын. Алты жасар бала да, алпыстан асқан көкелер де көрші ауылды бетке алып, бірі атпен, енді бірі велосипедпен бара жатыр. Жаяу кездескендерін қасымызға қосып алдық. Бәрінің де жүзінде күлкі мен қуаныш шарпып тұр. Жолда әңгіме басталып та кетті.
РУХАНИЯТ 12 шілде 2018 г. 782 0
Қазіргі қоғамға кітап қаншалықты қажет?

Қазіргі қоғамға кітап қаншалықты қажет?

Кітап - ақылына ақы сұрамайтын рухани мұра. Қазіргі кезде заманның жаңа өң алуына байланысты түрлі форматтағы жинақтар жиі басылып шығарылуда. Ғылым мен білім, адам өмірінен ойып тұрып орын алған барлық ілімдер кітаптан табылады. Жоқ іздегендер, ғылым қуғандар, өнер жолындағылар асыл мұраны жандарына серік етіп, қасиет тұтқан. Тіпті дін өкілдерінің өз киелі кітаптары, жақұт жинақтары бар. Құдайдан келген құдірет деп бағамдайтын олар, өз дінінің басты кітаптарына салғырт қарамайды. Оны өз басынан биік ұстап, қастерлеп қарайды. Дегенмен де, бүгінгі қоғамның басты дерті кітап оқымау емес, кітапқа құрметпен қарамау болып отыр. Шынында мағлұматы мол ақпарат алу қазіргі қоғамға қиын емес. Ал, білім дейтін алтын қазынаны осы күнге дейін тоздырмай сақтап келген кітаптардың қадірсізденуіне кімді кінәлау керек екенін де білмейміз.
ЖАРНАМА 12 шілде 2018 г. 1 680 0
АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

АДАМИ КАПИТАЛДЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ

Ойлы халықтың арасында кең талқыланып, күн сайын өз маңыздылығын көрсетіп келе жатқан - адами капитал мәселесі. Ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігін арттыру жолында осы капиталдың сапасын ұлғайтпаса болмайтыны туралы жиі сөз қозғалып жүр. Дей тұрғанмен бұл көпқырлы ұғым жөніндегі түсінігіміз қаншалықты дұрыс? Бәсекеге қабілеттілігі ең жоғары мемлекеттердегі адами капитал несімен артық?
Әлеумет 12 шілде 2018 г. 6 298 0

СЫР СПОРТЫНДАҒЫ СОНЫ СЕРПІНДЕР

Жан мен тәннің салауатты, сергек әрі ширақ болуы үшін спортты өміріңіздің мәніне айналдырғаныңыз жөн. Ауру-сырқау, шаршап-шалдығу сынды мәселелер өміріңізде жиілеп кетсе оның емі еңбек. Тарқатып айтқанда, дененің көп қозғалыста болғаны сан түрлі сырқаттан сізді құтқара алады. Ой еңбегінен бөлек, маңдай терді шығарып, бір мезет қолға күрек ұстағанның өзінде орасан пайда жатыр. Ал, тұрақты түрде спортпен шұғылданар болсаңыз нұр үстіне нұр. Белгілі бір спорт түрі адамды семіздік, стресс, қан аздық т.б толып жатқан аурулардан айықтырады. Бұл спорт мамандарының кеңесі.Жақында Қызылорда қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Асылжан Жаманқұловпен тілдесудің сәті түсті. Ол бөлімнің 2018 жылдың 5 айында атқарылған жұмыстар туралы түгелдей айтып берді. Қала халқының саны көп болғанына қарамастан қызылордалықтардың спортпен қамтылуы аудандардан әлдеқайда жоғары екен. Бұқаралық спорт облыс орталығында жүйелі жолға қойылған. Соның нәтижесі ме екен, бөлім басшысының айтуы бойынша, қалалықтардың спортқа деген көзқарастары ерекше. Сонымен қатар, спортты жанына серік еткен қызылордалықтар жеңіс тұғырына жиі шығып тұрады.
Әлеумет 12 шілде 2018 г. 5 448 0

Білім саласының бүгінгі бет-бейнесі

Қазіргі кезеңде білім мазмұнын жаңартудың түпкі мақсаты бағаны жақсарту емес, мұғалімдер мен оқушылардың қызметін философиялық тұрғыда өзгерту. 2011 жылы басталған мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарының тұжырымдамасына сай мұғалім – бұл оқушының танымдық ізденісіндегі көмекшісі, ал оқушы болса өз дүниетанымының конструкторы болуы керек. Осынау өзгермелі де қайшылыққа толы әлемде баланың орнына ешкім де ақиқатты тауып бере алмайды, ол тек баланың ғана қолынан келеді. Сөйтіп, мұғалім мен бала қарым-қатынасы «субъект-объект» жүйесінен «субъект-субъект» жүйесіне өзгеріп, қайта құрылады. Жаңа бағдарламалармен оқудың алғашқы нәтижелері оқушыларымыздың өздерін еркін сезінетінін, өз ойларын ашық, бүкпей жеткізетінін және ортақ мақсатқа жету үшін командада жұмыс істей алатынын анық растап отыр.
Білім 12 шілде 2018 г. 1 405 0
Өмірлік серігін түсірілім алаңында тапқан әйгілі түрік жұлдыздарын білесіз бе?

Өмірлік серігін түсірілім алаңында тапқан әйгілі түрік жұлдыздарын білесіз бе?

Бүгінде қыз-келіншектердің "есін кетіріп", бәрін бірдей теледидар мен телефонға телмірткен түрік сериалдары өте көп. Ғаламторды ашсаңыз болғаны, қалаған хикаяңызды кез-келген тілде көре аласыз. Алайда, сериал сүйгіш жандар үшін басты рөлді сомдайтын әртістердің өмірі әлдеқайда қызығырақ. Осы орайда, NUR.KZ порталы өмірлік серігін түсірілім алаңынан тапқан түрік жұлдыздарын назарларыңызға ұсынады.
ҚОҒАМ 12 шілде 2018 г. 1 057 0
Үкілі бала Ерболсынның 50 жастағы әйелді дертінен құлан-таза айықтырды

Үкілі бала Ерболсынның 50 жастағы әйелді дертінен құлан-таза айықтырды

Қостанайлық келіншек емші бала Ерболсынға алғыс жаудырды. 50 жасқа келгенінде демікпеге шалдыққанын айтқан тұрғын бір реттік пайдалануға жарамды жаялықпен жүрген. Айтуынша, Ерболсынға қаралғалы ауруынан құлан таза айығып, «памперс» кимейтін жағдайға жеткен деп хабарлайды NUR.KZ.
ҚОҒАМ 12 шілде 2018 г. 965 0