Үкілі бала Ерболсынның 50 жастағы әйелді дертінен құлан-таза айықтырды

Қостанайлық келіншек емші бала Ерболсынға алғыс жаудырды. 50 жасқа келгенінде демікпеге шалдыққанын айтқан тұрғын бір реттік пайдалануға жарамды жаялықпен жүрген. Айтуынша, Ерболсынға қаралғалы ауруынан құлан таза айығып, «памперс» кимейтін жағдайға жеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

«Бір жыл бұрын дәрігерлер маған демікпе диагнозын қойған болатын. Еркін демала алмай, тыныс алу жолдарымда қиындықтар болды. Жөтелгенде бетім көгеріп, тұншыға жаздайтын едім. Сол себепті үнемі демалуға көмектесетін аппаратпен жүрдім. Жасырмаймын, «памперс» те кидім. Ерболсын Қостанайға келгенде бірінші қаралғаннан-ақ маған әсер етті. Аппаратқа тәуелділігім жоғалды, жөтелім басылды. Ерболсынға емделуді тоқтатпайтын боламын», - дейді қостанайлық тұрғын Айнаш.

Ерболсын Серікбаев Қостанайға барып ем жүргізген 5 күннің ішінде емшіге қараламын деушілердің саны көп болған.

ҚОҒАМ 12 шілде 2018 г. 936 0