Келешектің кәсібі

Келешектің кәсібі

Жасыратыны жоқ, IT саласының жылдам дамуына байланысты оған қатысты мамандықтарға көптің қызығушылығы артты. Бағдарламалау саласына бағытталған арнайы мектептер пайда бола бастады. Бірер жыл бұрын біздің өңірден ашылған «Grand Master» мектебі де келушілерге білмегенін үйретіп, сан қырлы салаға қатысты дүниелерді игеруге септесіп келеді. Заманауи орталық жетекшісі Алмат Қуанышбаев мұнда келушілердің веб-сайт және мобильдік қосымша жасауды меңгеретінін айтады. Сондай-ақ, бағдарламалау мектебінің талабы зор, тәжірибесі кем студенттердің жұмысқа орналасу мәселесін шешуде де көмегі бар.
Білім 08 ақпан 2018 г. 890 0
Поэзия кеші

Поэзия кеші

  Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада жыр дүлділі Әбділда Тәжібаевтың шығармашылығына арналған поэзия кеші өтті. «Кеудесі шын ақынның күй сарайы» тақырыбында өткен кеш Сырдың толағай ақыны Әбділда Тәжібаевтың өрісті ой, өшпес көркем мұрасын жас ұрпаққа насихаттауды мақсат етті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2018 г. 1 068 0

Кәсіптік білім ордасына – 90 жыл

9 ақпан күні облыстағы іргелі оқу орындарының бір, Арал қаласындағы кәсіптік білім беретін іргелі оқу орындарының бірі – Арал индустриалды-техникалық  колледжі 90 жылдық мерей тойын тойламақ.  Салтанатты шараға аудан әкімі, кәсіптік білім саласының ардагерлері, облыстың білім саласы қызметкерлері, облыстық кәсіпкерлер палатасының, өңірлік кәсіпкерлер кеңесінің, облыстық кәсіподақ комитетінің, «Нұр Отан» партиясының өкілдері, мәслихат депутаттары, әлеуметтік серіктестік қатынастағы кәсіпорындар өкілдері, колледждің сан жылдардағы басшылары мен қызметкерлері шақырылған.
Білім 08 ақпан 2018 г. 1 177 0

«Сәйгүліктің» шаруасы ширақ

Соңғы жылдары Жалағаш ауданында кәсіпкерлік бағытына қызығушылық артып келеді. Айталық, бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласында 14 жауапкершілігі шектеулі серіктестік, 133 шаруа қожалығы және 25 фермерлік қожалықтар жұмыс жасайды. Ауданда «Сыбаға», «Құлан», «Алтын асық» бағдарламалары бойынша қолға алынған жұмыстар жақсы нәтижесін көрсете бастады.
ДӘУЛЕТ 08 ақпан 2018 г. 754 0

Белгілі қаржыгерге құрмет

Сейсенбі күні облыс әкімі Қырымбек Көшербаев  қаржы саласының үздігі, Жаңақорған ауданының құрметті азаматы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің иегері  Қалқазбек Әжібековті қабылдап, мерейтойымен құттықтады.
ТАҒЫЛЫМ 08 ақпан 2018 г. 1 083 0
Бизнес-омбудсмен аппараты 228 кәсіпкердің  құқығын қорғап қалды

Бизнес-омбудсмен аппараты 228 кәсіпкердің құқығын қорғап қалды

Қызылордада Кәсіпкерлер палатасының заңгерлері – бизнес-омбудсмен аппаратының өкілдері 2 жылда 228 кәсіпкердің құқығын қорғап, кәсіпкерлердің 600 млн.теңгеден астам қаржысын сақтап қала алды.Бұл туралы Кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары – Бизнес-омбудсменнің Қызылорда облысы бойынша сектор меңгерушісі Ғалым Едігеев айтты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2018 г. 1 247 0
Облыс әкімінің есепті кездесуі

Облыс әкімінің есепті кездесуі

«Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы Қазақстан Республикасы Президентінің №190 Жарлығына сәйкес, облыс әкімі Қ.Е.Көшербаевтың 2018 жылғы 14 ақпан сағат 11.00-де Н.Бекежанов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрында халық алдындағы есепті кездесуі өтеді.
БИЛІК 08 ақпан 2018 г. 1 471 0
СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Қызылорда облысының индустриялық-инновациялық даму басқармасы мемлекеттік қызметшілердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларының және мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарының бұзылуына жол бермеуі және олардың алдын алу мақсатында Қызылорда облыстық индустриялық-инновациялық басқармасында 8 (7242) 60-54-08 «Сенім телефоны» жұмыс істейтіндігін хабарлайды.
АҚПАРАТ 08 ақпан 2018 г. 1 124 0
1 млн-ға жуық қазақстандықтың зейнетақысы көтерілетін болды

1 млн-ға жуық қазақстандықтың зейнетақысы көтерілетін болды

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова базалық зейнетақының қалайша өзгеретінін түсіндірді. 
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 08 ақпан 2018 г. 769 0