«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қоса беріліп отырған:1) 2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;2) 2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс шаралар жоспары) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.2. Іс-шаралар жоспарын іске асыруға жауаптылар:1) Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақытылы орындалуын;2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпаратты «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұсынуды қамтамасыз етсін.3. «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынуды қамтамасыз етсін.4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д.Ысқақовқа жүктелсін.5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2018 г.
1 598
0
Кеше облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өткен жылдың аяғында жастар арасында өткен «HackDay-2017» идеялар фестиваліне қатысушылармен кездесті.Жиында облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Индира Ақжігітова ІТ саласындағы стартап жобасы жетекшілерін таныстырып өтті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2018 г.
838
0
Бүгін қазақстандық қай спортшылар Олимпиада алаңына шығады? Кімнен медаль күтуге болады? Назарларыңызға 13 ақпан күні жарыс жолына шығатын спортшылар тізімін ұсынамыз.
ДОДА
13 ақпан 2018 г.
916
0
Қызылордада теміржол вокзалы мен авто бекетке «Жолаушы, жолға кітап ал!» макеттері орналастырылды, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2018 г.
824
0
14 ақпан, сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін Қызылорда қаласы, Әйтеке би көшесі №29 мекен жайда орналасқан Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Ашық есік күні» өткізіледі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2018 г.
785
0
Қызылорда облысында 2017 жылы 37,5 мың адам жұмыспен қамтылған. Экономиканың түрлі салаларында 13 105 жұмыс орны ашылды, оның 11561-і - тұрақты. Жұмыспен қамту органдарына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша 32210 адам хабарласып, 17034 адам жұмысқа орналасты.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2018 г.
763
0
Облыс көлемінде "Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларының алдын алу күніне" байланысты үстіміздегі жылдың 5 -15 ақпан аралығында «Обырсыз өмір!» ұлттық бағдарламасы аясында онкүндік өткізілуде.
ҚОҒАМ
13 ақпан 2018 г.
1 355
0
ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, облыстық әйелдер-қыздар секторы орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде ерекше көрме ұйымдастырды.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2018 г.
715
0
«Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының түзетілген даму стратегиясы наурыз айында дайын болады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында аталған қордың басқарма төрағасы Ахметжан Есімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2018 г.
748
0
Орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімнің ұйымдастыруымен Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен әдеби-сазды поэзиялық кеш осылай аталды. Мұқағали Мақатаевтың өрісті ой, өшпес көркем мұрасын оқырмандарға ұғындыру, мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау мақсатын көздеген шара №216 мектептің, №226 мектеп-гимназияның, №249 мектеп-лицей оқушыларының және Қазалы гуманитарлық-техникалық колледж студенттерінің қатысуымен өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
13 ақпан 2018 г.
659
0