МҰҚАҒАЛИ – МӘҢГІЛІК ҒҰМЫР

Орталық кітапхананың оқырмандарға қызмет көрсету бөлімнің ұйымдастыруымен  Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында өткен әдеби-сазды поэзиялық кеш осылай аталды. Мұқағали Мақатаевтың өрісті ой, өшпес көркем мұрасын  оқырмандарға ұғындыру, мәнерлеп оқу шеберлігін шыңдау мақсатын көздеген шара  №216 мектептің,  №226 мектеп-гимназияның, №249 мектеп-лицей оқушыларының және Қазалы гуманитарлық-техникалық колледж студенттерінің қатысуымен өткізілді.
 Кеш барысында  шығармашыл оқушылар Мұқағали Мақатаевтың сарқылмайтын шабыт пен сағынышқа толы жырларын тебірене оқыса, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі Жұмабек Табынбаевтың «Ақынмен ашық сырласу» атты  арнау өлеңін  №216 мектептің  оқушысы Қани Ескендір  көрермендерге шебер жеткізді. көңілінен шыға білді.

 Әдеби кешке қатысқандар ақиық ақынның өлең оқыған даусын тыңдап, кітап көрмесі мен ақын шығармасы мен өмірбаянынан сыр шертетін слайд-шоуды тамашалады. Сонымен қатар, заманауи жаңаша бағытта караоке ұйымдастырылып, ақын өлеңіне жазылған әндер орындалды. Кеште  кітапхананың тұрақты оқырманы, Білім беру ісінің үздігі Қадірбек Бекетов, «Қазақ тілі» қоғамының төрайымы Нұрбибі Әшір,  №249, №70 мектептің  мұғалімдері Жанна Әбішева, Бақыткүл Жайшылықова, кітапханашы Элмира Ақниязова және басқалар  жылы лебіздерін білдірсе, №216 мектептің  мұғалімі Құралай Асаубаева әдемі әнінен шашу шашып, оқырмандарды серпілтіп тастады. Шара соңында аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Индира Назарова қонақтар мен ақын жырларын жатқа оқыған жастарға алғыс білдіріп, мақтау қағаздарын, сый-сияпаттар табыстады.



Ж.АЛДАБЕРГЕНҰЛЫ,

Қазалы ауданы

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 13 ақпан 2018 г. 658 0