« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) 2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес;
2) 2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру жөніндегі Іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Іс шаралар жоспары) осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Іс-шаралар жоспарын іске асыруға жауаптылар:
1) Іс-шаралар жоспарының мүлтіксіз және уақытылы орындалуын;
2) тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-на дейін Іс-шаралар жоспарының орындалуы бойынша ақпаратты «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. «Қызылорда облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі Іс-шаралар жоспарының орындалу барысы туралы ақпаратты тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 15-не дейін «Қызылорда облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Қ.Д.Ысқақовқа жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға жатады.
Қызылорда облысының
әкімі Қ. Көшербаев
Қызылорда облысы әкiмдігінің
2018 жылғы «12» ақпандағы №1036 қаулысына
Қосымша
2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің
бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспары
2018 жылға арналған Қызылорда облысы әкімінің бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарының (бұдан әрі - Іс-қимыл жоспары) мақсаттары, басымдықтары және міндеттері 2018 жылдың 10 қаңтарындағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына, мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларға, 2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясына, сонымен қатар, ағымдағы экономикалық жағдайға сәйкес айқындалды.
Әлеуметтік-экономикалық дамудың «стратегиялық факторы» ретінде кәсіпкерлік қызметті жандандыруға қолайлы жағдай жасау мақсатында 2018 жыл жаппай кәсіпкерлікті қолдау жылы болып жарияланады, бұл өз кезегінде:
- жаңа жұмыс орындарын құруды;
- салық базасын кеңейтуді;
- қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауды қамтамасыз етеді.
Бірінші кезектегі Іс-қимыл жоспарының негізгі басымдықтары болып:
«Қазақстан Республикасының индустриалдық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы», «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы», «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» және тағы басқа үкіметтік және аумақтық бағдарламаларды іске асыру аясында облыс кәсіпкерлерінің мемлекеттік қолдау шараларын алуына ықпал ету;
оларды көлеңкелі бизнестен шығару арқылы кәсіпкерлердің базалық санын арттыру;
жұмыссыз ретінде жұмыс іздеп жүрген және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту;
көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялау (сол жақ жағалауды дамыту және т.б.);
экспорттық өндірістердің дамуына екпін бере отырып, экономиканы индустрияландыру;
агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оның ішінде ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайту;
бірінші кезектегі тауар бағаларының және коммуналдық қызметтер бағаларының шарықтап кетуінің алдын алу;
экономиканы цифрландыру (мемлекеттік қызмет сапасын арттыру);
адами капиталды дамыту (білім беру, денсаулық сақтау, спорт, мәдениет, жастар саясаты, қоғамдық тәртіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және т. б);
жобалық менеджментті дамыту аясында жобаларды жүзеге асыру;
халықаралық қаржы ұйымдары және мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы тікелей инвестицияларды тарту анықталды.
Шағын және орта бизнес
Кәсіпкерлікті әрі қарай дамыту мақсатында:
жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды, микро, шағын және орта бизнес субъектілерін кәсіпкерлікті дамытуға қатысты мемлекеттік, үкіметтік және аумақтық бағдарламаларға тартуды қамтамасыз ету;
2018 жылға жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша Аймақтық бірыңғай жол картасын әзірлеп, жүзеге асыру;
мемлекеттік бағдарламалар аясында көзделген шағын несиелендіру құралдарын пайдалана отырып, ауылдар мен қалаларда кәсіпкерлікті дамыту үшін, әсіресе, кәсібін бастайтындар үшін шағын несие ресурстарының қолжетімділігін қамтамасыз ету;
кәсіпкерлікті дамыту бойынша «Атамекен» кәсіпкерлердің ұлттық палатасымен, «Қызылорда Аймақтық Инвестициялық Орталығы» микроқаржы ұйымы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен, «КазАгро» ҰБХ» акционерлік қоғамының қаржы институттарымен және басқалай кәсіпкерлікті қолдаудың қаржы институттарымен қарым-қатынасты жалғастыру;
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамымен бірлесіп облыс әкімдігінің Ситуациялық орталығына «Бизнес үшін ашық цифрлық платформа» бағдарламасын (ismet.kz) енгізу;
жергілікті тауар өндірушілердің өнімдерін жылжыту, инвесторлар мен әріптестер іздеу мақсатында Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Ақтөбе облыстарында Қызылорда облысының тауар өндірушілерінің Road Show (көшпелі таныстырылуын) өткізу;
жастардың және мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын қолдауды қамтамасыз ету;
жергілікті атқарушы органдардың, бизнес қауым өкілдерінің қатысуымен кәсіпкерлік саласындағы өзекті мәселелерді талқылауды ұйымдастыру;
облыс орталығында заманауи форматтағы сауда нысандарын құру жұмыстарын ұйымдастыру;
«Байқоңыр» кешенінде туризмді дамыту;
Қызылорда облысының аймақтық туристік брендін әзірлеу;
«Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автомагистралінің бойынан сервистік объектілерін дамытуды жалғастыру;
жалпы өңірлік өнімдегі шағын және орта бизнес үлесін 14,8 пайызға дейін ұлғайту бойынша шаралар қабылдау;
«Онлайн» режимінде ақпараттық ресурстарға қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында кәсіпкерлерге арналған «OPEN KASIPKER» чат-бот құру.
Бизнес – ортаны жақсарту және ұлғайту үшін:
инженерлік желілерге рұқсат құжаттарын және техникалық шарттарды электронды түрде ұсыну бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси жағдайын ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі 2018 жылға арналған Медиа жоспарға сәйкес қолданыстағы бағдарламалар аясында мемлекеттік қолдаудың құралдары мен тетіктері туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын кең көлемде ұйымдастыру;
кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы арқылы консультациялық және сервистік қызметтер көрсету.
Еңбекпен қамту және
әлеуметтік қорғау
Жұмыссыздық деңгейін 4,8 пайыздан асырмау бойынша шаралар қабылдау.
Нәтижелі жұмыспен қамтуға азаматтарды тарту үшін барынша мүмкіндіктер ұсыну үшін:
кем дегенде 1600 адамға еңбек нарығындағы қажеттілігі бар мамандықтар бойынша қайта даярлау және қысқа мерзімді курстарда кәсіби дағды алуға мүмкіндік ұсыну;
жұмыссыздардың ішінен әлеуметтік жұмыс орындарына кем дегенде 419 адамды, жастар тәжірибесіне 1212 және қоғамдық жұмыстарға 6400 адамды бағыттау;
кем дегенде 10 мың тұрақты жаңа жұмыс орындарын құруға ықпал жасау;
хабарласқан нысаналы топтардың ішінен тұрақты жұмысқа орналасқандар үлесінің 47,1 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету;
өңірдегі қажетті мамандықтар бойынша аз қамтылған отбасынан шыққан студенттерді оқыту үшін әлеуметтік көмек көрсету;
заңнамалармен көзделген барлық әлеуметтік төлемдердің уақытылы және толыққанды төленуін қамтамасыз ету;
әлеуметтік келісімшарт негізінде жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алатын еңбекке қабілетті отбасы мүшелерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларымен қамтамасыз ету;
Қызылорда облысы бойынша 2018-2019 жылдарға арналған «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру экономикаға және міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту» Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
2018 жылдың 1 шілдесінен бастап кәмелетке толған, бала кезінен бірінші топтағы мүгедектерді бағып отырған ата-аналар үшін қосымша мемлекеттік жәрдемақының енгізілуіне байланысты қажетті жұмыстарды жүргізу;
мемлекеттік сатып алу тапсырысшыларымен тауар өндіретін немесе жеткізетін, жұмыс атқаратын, қызмет көрсететін мүгедектердің қоғамдық ұйымдарымен құрылған мүгедектердің қоғамдық ұйымдарын қолдауға қатысты мемлекеттік сатып алу туралы заңнамалардың сақталуына мониторингті қамтамасыз ету;
нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын іске асыруды қамтамасыз ету;
жұмыспен қамту орталықтарын трансформациялау және «Электрондық еңбек биржасы» интернет ресурсына өту;
2018-2019 жылдарға арналған «Бейресми жұмыспен қамтылған халықты заңдастыру бойынша Жол картасының» жүзеге асырылуын;
модернизациялау нәтижесінде қызметкерлер санының өзгеруі мүмкін облыстың ірі кәсіпорындарындағы қызметкерлерінің ағынын басқару Жол картасының жүзеге асырылуын;
Қызылорда облысында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2017-2018 жылдарға арналған Жол картасының жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
әлеуметтік әріптестік, әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу бойынша облыстық үшжақты комиссияның отырыстарын тоқсанына кемінде 1 реттен өткізу;
облыстағы кәсіпорындарда қызметкерлердің жаппай жұмыстан босатылуына жол бермеу мақсатында, қызметкерлердің еңбек шарттары мен құқықтарын сақтау жөніндегі 2018 жылға жасалған меморандумдардың орындалуына бақылауды қамтамасыз ету;
мүдделі органдармен бірлесе отырып еңбек заңдылықтарының бұзылу фактілеріне, әсіресе, облыстың кәсіпорындары мен ұйымдарында жалақының уақытылы төленбеуіне жедел әрекет ету;
облыстық кәсіподақ комитетімен бірлесіп облыс кәсіпорындарында ұжымдық келісім-шарттардың орындалуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;
аймақ кәсіпорындарында еңбекті қорғауды жақсарту және қауіпсіздікті арттыру бойынша қосымша шаралар кешенін әзірлеу.
Жұмыссыз және өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды нәтижелі жұмыспен қамту арқылы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту
Жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды кәсіпкерлікке тарту мақсатында:
салықтық органдарда тіркелмеген өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды рәсімдеу бойынша шаралар атқару;
түрлі жеке кәсіпорындар мен мекемелер басшыларымен іс-шараларды ұйымдастыруды қамтамасыз ету (кездесулер, брифингтер, сұхбаттар);
жас кәсіпкерлер арасында әртүрлі іс-шаралар өткізу (бизнес-стартаптар, конкурстар және тағы басқалар);
2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында шағын несие беруді қамтамасыз ету;
2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту және «Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламалары шеңберінде кәсіпкерлік негіздерін оқытуды ұйымдастыру;
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқылы кәсіпкерлердің несие құнын арзандату бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
«Бизнестің жол картасы - 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы шеңберінде несиелерді ішінара кепілдендіру арқылы кәсіпкерлердің жобалары бойынша жетіспейтін кепілдікті қамтамасыз ету;
«Қызылорда» өңірлік инвестициялық орталығы арқылы несие алуға құжаттарды қабылдау рәсімін электронды жүйеге ауыстыруды қамтамасыз ету;
2017 жылы салық органдарында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің 100 пайыз белсенді қызмет жасауын қамтамасыз ету;
нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасының шағын несиелендіру бағыты бойынша жыл аяғына дейін әр аудан/қаладан кемінде 50 жобадан ұсынуды қамтамасыз ету;
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының «Бастау бизнес» компоненті бойынша әр ауылдық округтің жұмыссыздары мен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды оқытуды қамтамасыз ету.
Көлік және тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды модернизациялау
Өмір сүруді қамтамасыз ететін өңір инфрақұрылымының сапасын арттыру, азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында келесі іс-шараларды жүзеге асыру қажет:
Сумен жабдықтау бойынша
Облыс тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында:
Қызылорда қаласындағы Байсейітова көшесі бойындағы Желтоқсан-Алтынсарин көшесі бұрышынан Тәжібаев көшесі бойындағы СҚ дейінгі Алтынсарин көшесі бойындағы су құбыры желілерін;
Қызылорда қаласындағы Ілиясов-Қазыбек би көшелерінің қиылысындағы СҚ бастап Қонаев-Қыдыров көшелері бойындағы СҚ дейінгі Ілиясов, Әуелбеков, Тәжібаев, Әуезов, Толыбеков көшелері бойында су құбыры желілерін;
Қызылорда қаласындағы М.Шоқай көшесі бойындағы СҚ бастап Жеңіс көшесі бойындағы СҚ дейінгі Панфилов, Қожа Ахмет Яссауи, Бөкейхан көшелері бойындағы су құбыры желілерін;
Қызылорда қаласындағы Абай даңғылынан Амангелді көшесіне дейінгі Мұратбаев көшесінің бойындағы су құбыры желілерін;
Қызылорда қаласындағы Панфилов көшесінен Жақаев көшесіне дейінгі Абай даңғылы бойындағы су өткізгішті;
«Арай» ауданындағы Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі АК-дан Әбдіреев көшесі бойында СҚ-ға дейін Жібек жолы көшесі бойындағы су өткізгішті;
Қызылорда қаласындағы Панфилов көшесінен Бөкейхан көшесіне дейінгі М.Шоқай көшесі бойындағы су өткізгішті;
Қызылорда қаласындағы «Южный» АК-дан Панфилов көшесіне дейінгі Абай даңғылы бойындағы су өткізгішті;
Қызылорда қаласындағы Хон Бен До, Нышан Шәменұлы, Ерімбетов көшелері бойындағы БК-дан бастап №13 КСС КК дейінгі өздігінен ағатын кәрізді;
көпқабатты тұрғын үйлерді қоса отырып, Әуезов көшесінен КК 19 КСС-2-ге дейін Қазантаев көшесі бойындағы өздігінен ағатын кәрізді;
Қызылорда қаласының Байтұрсынов көшесіндегі КК1-ден № 4 КК-96 КСС дейін өздігінен ағатын кәрізді;
Қызылорда қаласындағы «Сәулет» КСС-29-дан «Южный» КСС АК-6-ға дейін екі желі қысымдық кәріз желісін;
Қызылорда қаласындағы Желтоқсан көшесі бойындағы №26, Әйтеке би көшесі бойындағы №38, 40 Байсейітова көшесі бойындағы №96 тұрғын үйлердің №4 КК 9, КСС №4 дейінгі өздігінен ағатын кәрізді қайта жаңғырту және кеңейту жобаларын жүзеге асыру;
«Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінің сумен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғырту және кеңейту» жобасы бойынша жұмыстарды жүзеге асыру қажет;
қайта жаңғырту және кеңейту бойынша жұмыстарды аяқтау қажет:
Жалағаш ауданы Шәменов елді мекеніндегі сумен жабдықтау жүйелерін;
Жалағаш ауданы Мырзабай ахун елді мекенінде сумен жабдықтау жүйелерін;
Сырдария ауданының Қалжан ахун елді мекеніндегі тұрғын үйлерге су құбырын жеткізу желілерінің құрылысымен қоса отырып қайта жаңғырту және кеңейту бойынша жұмыстарын аяқтау.
«Қызылорда қаласы Сырдария өзенінің сол жағалауында ауыз сумен жабдықтау және кәріз суды тысқары алып кету, бірінші кезеңінің құрылысы» жобасын жүзеге асыруды қамтамасыз ету.
«Қызылорда қаласының кәріз насостық стансаларын қайта жаңғырту және модернизациялау, барлығы 23 бірлік» жобасы бойынша жұмыстарды бастау.
Арал ауданы Ақбасты, Тоқабай-Абай елді мекендерінің ауыз су жүйесінің құрылысының мемлекеттік сараптамасымен қоса жоба-сметалық құжаттамасын әзірлеу.
Салынып жатқан «Талап-Сырдария» және «Жиделі» топтық су құбырларының құрылысына қосымша қаржы бөлу мәселесін пысықтау.
Байқоңыр қаласынан ауыз суды сатып алып отырған Төретам, Ақай елді мекендеріне «Байқожа» су құбырын жеткізу бойынша жобасының жоба-сметалық құжаттарын әзірлеу мәселесін пысықтау.
Электрмен жабдықтау бойынша
Иесіз электрэнергетика нысандарын коммуналдық меншікке беру жұмыстарын жалғастыру.
«Сырдария ауданы Ақжарма елді мекеніндегі электрмен жабдықтау жүйесін қайта жаңғырту» жобасын аяқтау;
«Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жақ жағалауын электрмен жабдықтау (1-кезең)» жобасы бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтау.
«Қызылорда қаласындағы ҚС-35/10 «Комсомол, Залинейная және «Промышленная» қосалқы стансаларын қайта жаңғырту» жобасының мемлекеттік сараптамасымен қоса жоба-сметалық құжатын әзірлеу;
«Қызылорда қаласындағы ҚС 35/10 кВ «ҚСЗ» және «Силикатная» қосалқы стансаларын қайта жаңғырту» жобасының мемлекеттік сараптамасымен қоса жоба-сметалық құжатын әзірлеу.
Жылумен жабдықтау бойынша
Қазалы ауданы Әйтеке би кентінде Көлдейбекұлы көшесі №92А мекенжайында орналасқан перзентханаға қазандық құрылысын салу жұмыстарын бастау.
«Арал қаласындағы №2 облыстық арнайы санаторлық мектеп-интернатының жылу қазандығын газ отынына ауыстыру» жобасының;
«Арал қаласындағы индустриалды-техникалық колледждің жылу қазандығын газға ауыстыру» жобасының;
«Шиелі кентіндегі №3 облыстық балалар оңалту орталығындағы бу қазандығын газ отынына ауыстыру» жобасының;
«Шиелі ауданындағы индустриалды-аграрлы колледждің жылу қазандығын газға ауыстыру» жобасының;
Жаңақорған аграрлы-техникалық колледждің жылу қазандығын газға ауыстыру» жобасының;
Қызылорда қаласы Хон Бен До 45 А көшесі бойындағы арнайы медициналық жабдықтау базасының жылу қазандығын газдандыру және қайта жаңғырту» жобасының мемлекеттік сараптамасымен қоса жоба-сметалық құжатын әзірлеу.
Қызылорда қаласындағы ЖТ-35 бастап №222 орта мектепке дейінгі және С. Торайғыров көшесі №80 А тұрғын үйіне дейінгі кварталішілік жылу желілерін қайта жаңғыртуды;
Қызылорда қаласындағы ЖК-49А бастап И. Панфилов көшесі бойындағы №31 А тері аурулары ауруханасына дейін магистральды жылу желілерін қайта жаңғыртуды;
Қызылорда қаласындағы ЖСС бастап ЖК-3 дейінгі магистральды жылу желілерін қайта жаңғыртуды;
Қызылорда қаласындағы №51-жылу камерасынан №49А-жылу камерасына дейінгі магистральды жылу желілерін қайта жаңғыртуды;
Қызылорда қаласы Жақаев көшесіндегі №41-жылу камерасынан №43-жылу камерасына дейінгі магистральды жылу желілерін қайта жаңғыртуды;
Қызылорда қаласындағы №1 жылу камерасынан Титов кентіндегі №1,2,3,4,5,6,7 тұрғын үйлеріне және №173 орта мектепке дейінгі кварталішілік жылу жүйесін қайта жаңғыртуды;
Қызылорда қаласындағы Киняев 2 көшесіндегі ЖТ 34-тен ЖТ-37-ге дейінгі магистральды жылу жүйесін қайта жаңғыртуды;
Қызылорда қаласындағы Есенов көшесі бойындағы №2 (№2 АСС) айдау сорғы стансасын қайта жаңғыртуды;
Жаңақорған кентіндегі Жаңақорған аудандық орталық ауруханасы қазандығын газ қазандығына қайта жабдықтау бойынша қайта жаңғыртуды;
Шиелі ауданы Шиелі кенті Көкшоқы шағын ауданындағы Палымбетов көшесінің №8 бойында медициналық-санитарлық бөлімі қазандығын қайта жаңғыртуды;
Шиелі ауданы Шиелі кентіндегі Қ.Жайлыбаев көшесі №58 бойындағы қазандықты қайта жабдықтау және қайта жаңғыртуды жүзеге асыру.
Газдандыру бойынша
Қармақшы ауданының Жосалы кентінде автоматтандырылған газ тарату станциясын орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан бұрма газ құбырының құрылысын аяқтау;
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында газ тарату желілерін салу (1 кезек - бас газ реттегіш пункті – 2 орнатумен автоматтандырылған газ тарату станциясы -1-ден 1,2 МПа жоғары қысымды тартылатын газ құбыры) жобасы бойынша жұмысты аяқтау.
«Тереңөзек кентінде автоматтандырылған газ тарату стансасын орнатумен қоса «Бейнеу-Шымкент» магистральды газ құбырынан бұрма-газ құбырының құрылысы» жобасы бойынша жұмысты бастау.
«Тереңөзек-АГРС-тен Жалағаш БГРП-на дейін 1,2 МПа жоғары қысымды газ құбыры-бұрмасының және Жалағаш кентінде газ жеткізу құбырларының кварталішілік желілерінің құрылысы» жобасының мемлекеттік сараптамасымен қоса жоба-сметалық құжатын әзірлеу.
Тұрғын үй құрылысы бойынша
Қызылорда облысының халқын колжетімді баспанамен қамтамасыз ету бойынша 2018-2020 жылдарға арналған «Орда» Жол картасының іске асырылуын қамтамасыз ету;
барлық көздер есебінен кем дегенде 576 мың шаршы метр тұрғын үйлерді пайдалануға беруді қамтамасыз ету;
халықты колжетімді баспанамен қамтамасыз ету мақсатында «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы, «Байтерек Development» акционерлік қоғамы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық Әл-ауқат Қоры» акционерлік қоғамы желісі бойынша Қызылорда қаласында тұрғын үй құрылысын жалғастыру;
облыс және аудандар орталықтарында инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыстарды жалғастыру;
«Нұрлы жер» бағдарламасы параметрлеріне сәйкес сатып алу мүмкіндігінсіз жалға берілетін жалдамалы тұрғын үйлер құрылысының жоба-сметалық құжатын әзірлеу;
қала құрылысының нормаларының сақталуына, курорттық аймақтардың аумағында ретсіз құрылысқа жол бермеуге тиісінше бақылауды қамтамасыз ету;
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауында салынып жатқан тұрғын үйлердің, әлеуметтік нысандардың және инфрақұрылымдардың құрылысына заманауи материалдарды қолдануына, интеллектуалдық басқару жүйелерімен жабдықталуына ықпал жасау және ғимараттардың сапасына, экологиялық тазалығына, энергиялық тиімділігіне бақылау-қадағалау шараларын жүзеге асыру.
Көлік бойынша
Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 63,5 пайызға жеткізу;
автомобиль жолдарын жөндеуге және салуға республикалық бюджеттен мақсатты трансферттерді ұлғайту мақсатында Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігімен жұмыс жүргізу;
Шиелі ауданындағы «Ботабай елді мекеніне кіреберіс» облыстық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтау (28,5 шақырым);
Жаңақорған ауданындағы «Самара-Шымкент-Жаңақорған-Түгіскен-Келінтөбе» облыстық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтау (13,4 шақырым);
Шиелі ауданындағы «Шиелі-Қарғалы-Байкенже-Жаңақорған» облыстық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтау (25-35 шақырым);
«Қызылжар елді мекеніне кіреберіс» аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді аяқтау (7 шақырым);
Қазалы ауданындағы «Өркендеу-Жанкент елді мекеніне кіре беріс» аудандық маңыздағы автожолын күрделі жөндеуді аяқтау (5,65 шақырым);
Арал ауданындағы «Самара-Шымкент-Қамыстыбас-Аманөткел-Бөген» облыстық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеуді аяқтау (42-68 шақырым);
Арал ауданындағы «Аманөткел елді мекеніне кіреберіс» аудандық маңыздағы автомобиль жолын орташа жөндеуді аяқтау (2,1 шақырым);
Арал ауданындағы «Қызылжар-Водокачка» аудандық маңыздағы автомобиль жолының құрылысын аяқтау (10 шақырым).
Жаңақорған ауданындағы «Самара-Шымкент-Шалқия» аудандық маңыздағы автомобиль жолын күрделі жөндеуді жалғастыру (11 шақырым);
Арал ауданындағы «Арал-Аэропорт-Жалағаш» автомобиль жолын реконструкциялауды жалғастыру (64 шақырым);
Қызылорда қаласындағы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы қозғалысы реттелетін жалпы қалалық маңызы бар магистральды көше жолдарын Мұратбаев көшесі бойындағы бұрыннан бар көпірден «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» автотрассасына дейін салуды жалғастыру;
Қазалы ауданының «Қазалы-Қоларық-Бекарыстан би-Жаңақұрылыс» автомобиль жолының 33 шақырымындағы «Әлсейіт» учаскесіндегі Сырдария өзені арқылы өтетін көпір өткелін салуды жалғастыру.
Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Төребай би» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (23,044 шақырым);
Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Иіркөл» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (5,136 шақырым);
Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Төретам» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (2,235 шақырым);
Қармақшы ауданындағы «Самара-Шымкент-Жаңажол» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (6,771 шақырым);
Жаңақорған ауданындағы «Самара-Шымкент-Бірлік» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (3 шақырым);
Жаңақорған ауданындағы «Келінтөбе айналма жол» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (3,57 шақырым);
Жаңақорған ауданындағы «Кейден ауылына кіреберіс» аудандық маңызы бар автомобиль жолына орташа жөндеу жүргізу (7 шақырым);
Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінің көшелеріне күрделі жөндеу жүргізу;
Қазалы ауданындағы «Қазалы-Қожабақы-Бозкөл-Кәукей» аудандық маңызы бар автомобиль жолына күрделі жөндеу жүргізу (45-76 шақырым);
Сырдария ауданындағы «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» жергілікті маңыздағы автомобиль жолының 33,9 шақырымында орналасқан автомобиль көпіріне күрделі жөндеу жүргізу;
Сырдария ауданындағы «Қызылорда-Қоғалыкөл-Шіркейлі» жергілікті маңыздағы автомобиль жолының 39,3 шақырымында орналасқан автомобиль көпіріне күрделі жөндеу жүргізу;
Шиелі ауданындағы «Самара-Шымкент» автомобиль жолының учаскесіне күрделі жөндеу жүргізу (1942-200 шақырым);
«Қорқыт Ата» әуежайы арқылы жаңа халықаралық және республикааралық ұшақ сапарларын ашу бойынша жұмыстар жүргізу;
қалаішілік маршруттарға арналған электрондық билет жүйесін енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу.
Экспорттық өндірістердің дамуына екпін бере отырып экономиканы индустрияландыру
Өңір экономикасы құрылымын өзгертуге бағытталған маңызды міндет-бәсекеге қабілетті экспорттық өндірістерді дамыта отырып өңдеу секторының озық өсімін қамтамасыз ету.
2018 жылы:
шикізаттық емес экспорт көлемінің өсімін 2017 жыл деңгейіне 116,7 пайыздан кем болмауын қамтамасыз ету;
Индустрияландыру картасына енген барлық жүзеге асырылған жобалардың «жобалық қуаттылығына» шығу бойынша шаралар қабылдау;
экспортқа және жаңа технологияларды енгізуге бағытталған жаңа инвестициялық жобаларды кәсіпкерлікті қолдау және Индустрияландыру карталарына енгізу бойынша жұмыстарды жүргізу;
жұмыс жасап тұрған индустриялық аймақтарда кемінде бір жаңа жобаны орналастыру бойынша жұмыс жүргізу;
2018 жылы жоспарланған 5 жобаның іске қосылуын қамтамасыз ету (шыны, молибден, цемент зауыттары, жылыжай және көкөніс қоймасы);
қуаттылығы жылына 1500 тонна құс етін өндіретін құс фабрикасының құрылысын жалғастыру бойынша жұмыстарды жүргізу;
планшет, смартфон және күн панелдеріне арналған аса жұқа шыны өнімдерін шығару зауытының құрылысы жобасын іске асыру мәселесін пысықтауды бастау;
«Қуаттылығы жылына 300 мың тонна кальцийлендірілген сода өндіретін зауытының құрылысы» «Арал сода» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жобасы бойынша құрылысты бастау;
«Шалқия» кен орнындағы тау-кен байыту комбинатының және газтурбиналық электр станциясының құрылысын бастау;
өңірлік инновациялар офисінің қызметін жандандыру;
«ЭКСПО-2017» ұсынылған технологияларды енгізу бойынша Жол картасын іске асыру;
Қызылорда облысына инвестиция тарту бойынша Кеңес отырысын тоқсан сайын өткізу;
басымды салаларда инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын кәсіпорындарға заңнамалармен көзделген инвестициялық преференциялар мен басқа да өнеркәсіптік жеңілдіктерді алуға ықпал ету;
жобалық басқаруға инвестиция тарту бағыты бойынша бастамаларды іске асыруды қамтамасыз ету;
өңдеу өнеркәсібіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін 109,8 пайыздық деңгейге жетуін қамтамасыз ету;
кең таралған пайдалы қазбаларға Қазақстан Республикасы «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» кодексі қолданысқа енгізілгенге дейін жер қойнауын пайдалануға құқық беру бойынша тендер негізінде конкурс өткізу;
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану» жаңа Кодексін түсіндіру бойынша тиісті мемлекеттік органдардың, Кәсіпкерлер Палатасының және жер қойнауын пайдаланушылардың қатысуымен «дөңгелек үстел» өткізу;
әлеуетті шетелдік инвесторлармен байланыс орнату мақсатында шет елдерге барып және шетелдік инвесторларды өңірге шақырып роуд-шоу іс-шараларын өткізу.
2018 жылы Талдықорған қаласында «KAZAKH INVEST» ҰК» акционерлік қоғамының ұйымдастыруымен өтетін «Юг» аймақтық инвестициялық форумына қатысу;
Қазақстан тауарларының шетел нарығына өтуіне сауда тосқауылдарын жою мақсатында экспорт саясаты бойынша Кеңес жұмысын қамтамасыз ету.
Агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оның ішінде ауылшаруашылық өнімдерінің экспортын ұлғайту
Ауыл шаруашылығында негізгі басымдықтар ауыл шаруашылығы өндірісін әртараптандыра отырып азық-түлік тауарларын өңдеу және оның экспортын ұлғайту болып табылады.
Ол үшін 2018 жылы:
ауылшаруашылық өнімін өңдеу бойынша кәсіпорындардың жүктемесін қамтамасыз ету бойынша;
экспортталатын агроөнеркәсіп кешені тауарларының түрін, әсіресе өңдеу кәсіпорындарының өнімдерін арттыру бойынша (күріш, балық, ет, бақша, көкөніс);
мүйізді ірі қара малын өсіретін шаруашылықтарды дамыту бойынша;
сұранысқа ие экспортқа бағытталған күріш сорттарын өндіру бойынша шаралар қабылдау;
Жаңақорған ауданында тамшылатып суару әдісімен томат өсіру жобасын жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыру;
өндірістік негізде суды үнемдеу технологияларын пайдалану арқылы көкөніс және бақша дақылдарын өсіруді ұйымдастыру;
жыл сайын ауыл шаруашылығы өнімдері экспортының өсімін кем дегенде 10 пайызға қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығының негізгі капиталға салынған инвестиция көлемін 2017 жыл деңгейінен 1,5 пайызға өсуін қамтамасыз ету;
ауыл шаруашылығы техникалары паркін жаңалауды жалғастыру;
кем дегенде 200 жеке қосалқы шаруашылықтың бірігуімен 12 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативтерін құру.
Басымды дақылдарды;
тыңайтқыш және гербицидтердің құнын арзандату;
ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне су жеткізу қызметі құнын;
асылтұқымды мал шаруашылығын дамыту;
мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауды жалғастыру;
егісті әртараптандыру мақсатында майлы және мал азығы дақылдарының егіс көлемін көбейтуге ықпал жасау;
ауыл шаруашылығының жалпы өнімі өндірісінің өсімін 2017 жылға қарағанда 2,1 пайыздан төмен болмауын қамтамасыз ету;
осыған дейін құрылған кооперативтердің жұмысын арттыру, өндірілетін өнімдер көлемін екі есе арттырып, ішкі нарыққа делдалсыз сатуды ұйымдастыру;
саланың еңбек өнімділігін 2,9 пайызға өсуін қамтамасыз ету;
«2020 жылға дейін агроөнеркәсіп кешенін дамытудың Агрокартасын» жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
өңірдің агроөнеркәсіп кешенінде өндірілген өнімдерді «Қазақстанда жасалған» маркасымен сату үшін «Агробизнес» сайтын іске қосу;
Елді мекендерді аяқ сумен қамтамасыз ету мақсатында су шаруашылығы нысандарын тазалау және жөндеу жұмыстарын жалғастыру;
балық шаруашылығын дамыту үшін мелиоративтік жұмыстарды жүргізу;
Арал теңізінің құрғаған ұлтанына фито орман мелиоративтік жұмыстарын жүргізу;
экспорт өнімін арттыру мақсатында балық өнімін терең өңдеуді арттыру;
мақсатты пайдаланылмайтын немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылатын барлық ауылшаруашылық жерлерді алып қоюды қамтамасыз ету;
2019 жылдың соңына дейін мақсатты пайдаланылмаған немесе заңнаманы бұза отырып пайдаланылған жерлерді ауылшаруашылық айналымына енгізуді қамтамасыз ету;
пайдаланылмаған 80 мың га ауылшаруашылық жерлерін айналымға енгізу бойынша шаралар қабылдау.
Бірінші кезектегі тауар бағаларының және коммуналдық қызметтер бағаларының шарықтап кетуінің алдын алу
Бағалардың негізсіз өсуін болдырмау мақсатында:
заңдылықпен көзделген барлық шараларды пайдалана отырып әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлардың, азық-түлік емес тауарлардың, жанар-жағармайдың бағасына күнделікті мониторинг жүргізу және бағаның негізсіз өсуіне тосқауыл қою;
әлеуметтік дүкендер желісін кеңейту бойынша шаралар қабылдау;
әлеуметтік маңыздағы азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыру бойынша шараларға қатысатын сауда субъектілерін қаржыландыру механизмін қолдануды жалғастыру;
азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорын қалыптастыруды және олардың әлеуметтік дүкендері мен басқа да сауда орындары арқылы сатылуын жалғастыру;
табиғи монополиялар субъектілері тарифтерінің негізсіз өсуіне жол бермеу, коммуналды қызметтерге тарифтерді көтеруді белгіленген инфляция коридоры шеңберінде жүргізу.
Экономиканы цифрландыру
Цифрлы технологияларды дамыту, мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында:
электронды қызметтердің үлесін 30 пайызға дейін ұлғайту бойынша жұмыстарды күшейтуді қамтамасыз ету;
тұрғындардың компьютерлік сауаттылық деңгейін 76 пайызға дейін арттыруды қамтамасыз ету;
«Смарт сити» тұжырымдамасы аясында «Ақылды басқару» бағыты бойынша «Бизнес үшін контакт орталығын» құруды қамтамасыз ету;
«Смарт сити» тұжырымдамасы аясында «Ақылды басқару» бағытының функционалының деңгейін кем дегенде 72 пайыз арттыруды қамтамасыз ету;
Ситуациялық орталықтың ақпараттық-талдамалық жүйесінің талдамалық кіші жүйелері үшін «Power BI машиналы оқыту» технологиясын қолдануды кеңейтуді қамтамасыз ету;
Қызылорда қаласындағы кем дегенде 70 мың тұрғынға коммуналдық қызметтердің бірыңғай тізілімінің құрылуын қамтамасыз ету;
«Смарт Сити» тұжырымдамасы аясында «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша қолданыстағы «Көмек», «КМИС» және «Жетісу» ақпараттық жүйелерін біріктіруді аяқтау және тұжырымдама функционалының деңгейін кем дегенде 90 пайыз арттыруды қамтамасыз ету;
«Смарт сити» тұжырымдамасы аясында «Білім беру» бағыты бойынша функционалының деңгейін кем дегенде 70 пайыз арттыруды қамтамасыз ету;
денсаулық сақтау саласында цифрландырудың арнайы Жол картасын әзірлеуді қамтамасыз ету;
ақпараттық жүйелерді біріктіру, цифрлы мобильді құрылғыларды пайдалану, денсаулықтың электронды төлқұжатын енгізу, «қағазсыз ауруханаға» өту бойынша жұмыстарды жандандыру;
өңірдегі барлық профилактикалық ұйымдардағы медициналық ақпараттық жүйелердің жұмыс жасауын қамтамасыз ету;
агробизнесті жүргізу үшін қажетті қызмет, жұмыс, тауар берушілердің 50 пайызын, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін кем дегенде 30 пайызын электрондық сауда жүйесіне тарту, «Агробиржа» жобасы аясында облыстың экспорттық әлеуетін 10 пайызға арттыруды;
жабық грунттағы әдеттегі суаруға қарағанда су пайдалануды 3 есеге төмендету, сонымен қатар «Алаңы 2 га болатын өнеркәсіптік жылыжай құрылысы» жобасы арқылы органикалық және минералдық тыңайтқыштарды пайдалануды (автоматтандырылған компьютерлік басқару негізінде);
GPS-навигатор/жылқыларға мойын жіп орнату арқылы мал ұрлауды 30 пайызға дейін төмендететін жылқылардың жайылымын анықтайтын, мал ұрлануы туралы ақпаратты фермердің мобильдік байланысына жіберуді;
оқушыларды электронды күнделікпен толық қамтуды;
«Телетравма GPS-санитарлық автокөлік мониторингі» жобасы арқылы GPS-мониторингке санитарлық автокөліктерді толық қосуды;
патронажды медбикелер үшін «Патронажды медбикелер» және «Балаларға ерте бастан күтім» мобильді қосымшаларын Қызылорда қаласында 100 мың халықты қамтитын 2 емханаға енгізуді;
өнеркәсіп кәсіпорындарының және жер қойнауын пайдаланушылардың өндіріс барысында цифрлық технологияларды ендіру бойынша тиісті жұмыстарды жүргізудің және қолданудың мониторингін жүргізуді қамтамасыз ету;
мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде бұзушылықтарды болдырмау мақсатында мемлекеттік сатып алу бұзушылықтарының Тізілімін кеңінен пайдалану;
бюджеттік бағдарлама әкімшілері жариялайтын мемлекеттік сатып алуларға тұрақты мониторинг жүргізу.
Аймақтық даму
Аймақтық дамудың басымдықтары - облыс орталығы - Қызылорда қаласы және Байқоңыр қаласы, сондай-ақ, тіректі елді мекендер болып қала береді.
Экономика салаларын дамыту үшін Арал ауданын дамытудың Жол картасын жүзеге асыруды жалғастыру.
Байқоңыр қаласын ұзақмерзімді дамыту бағдарламасы шеңберінде:
Байқоңыр қаласында көпқабатты тұрғын үй құрылыстарын салу бойынша жұмыстарды жалғастыру;
Байқоңыр қаласындағы сумен жабдықтау, су бұру және газдандыру жүйелеріне жаңғыртуды жүргізу.
2020 жылға дейінгі Қызылорда облысының әлеуметтік-экономикалық даму Стратегиясын өзектендіру;
2018 жылға арналған Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі мен облыс әкімдігі арасындағы Меморандумның мүлтіксіз орындалуын қамтамасыз ету;
2016-2020 жылдарға арналған Қызылорда облысының даму бағдарламасының негізгі индикаторларының орындалуының тиімді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Тіректі елді мекендерді дамыту мақсатында:
Шиелі ауданының Еңбекші, Қазалы ауданының Жанқожа батыр, Жалағаш ауданының Мәдениет және Сырдария ауданының Ақжарма елді мекендеріндегі 4 спорттық кешендердің құрылысын аяқтау;
Арал ауданының Сексеуіл және Қармақшы ауданының Төретам кенттеріндегі, Жаңақорған ауданының Түгіскен елді мекеніндегі 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын аяқтау;
Жалағаш ауданының Мәдениет және Шиелі ауданының Еңбекші елді мекендеріндегі 90 орындық 2 балабақшаның құрылысын аяқтау;
Жаңақорған ауданының Түгіскен елді мекеніндегі 300 орындық мектептің және 140 орындық балабақшаның құрылысын аяқтау;
Арал ауданы Арал қаласындағы мемлекеттік органдардың әкімшілік ғимаратының құрылысын бастау;
Қызылорда қаласындағы қазақ Орталық атқарушы комитетінің әкімшілік ғимаратының құрылысын бастау.
Адами капиталды дамыту
Білім беру бойынша
Нысаналы басымдық ретінде білім беру жүйесін одан әрі жетілдіру болып табылады, әсіресе өзіндік білім алу дағдысын дамыту, мектепке дейінгі білімдегі балалардың әлеуметтік дамуын дамыту және педагогтарды оқыту, олардың біліктілігін арттыру.
Осыған орай:
4 балабақшаның, оның ішінде Қармақшы ауданының Иіркөл елді мекеніндегі №12 «Самал» және Төребай би елді мекеніндегі №15 «Ақ көгершін» 50 орындық 2 балабақшаның, Қызылорда қаласының Тасбөгет кентіндегі 140 орындық балабақшаның, Шиелі ауданының Тартоғай елді мекеніндегі 90 орындық балабақшаның құрылысын аяқтау;
6 мектептің құрылысын аяқтау, оның ішінде Арал ауданы Арал қаласының Сәдібекова көшесіндегі №23 «Б», Қазалы ауданы Әйтеке би кенті Қорқыт ата көшесі бойындағы №13 «В» учаскесіндегі, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентіндегі, Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі №183 300 орындық 4 мектептің құрылысы, Жаңақорған ауданының Қожамберді елді мекеніндегі 200 орындық №162 мектеп және Аққұм елді мекеніндегі 100 орындық мектеп;
Шиелі ауданы Шиелі кентінде №45 Ақорда мектеп-гимназиясының қосымша корпусының құрылысын аяқтау;
Қармақшы ауданындағы жаз-қыс мезгілдерінде балалар демалысына арналған лагерь құрылысын аяқтау;
Қызылорда қаласы Жаппасбай батыр көшесі бойында №2 тұрғын кварталында 600 орындық мектеп құрылысын бастау;
қатысушылардың ақпараттық біліктілігін дамыту мақсатында «Ақпараттық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында кеңжолақты интернетті енгізуді, мектептерді видео жабдықтармен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жалғастыру, «Smart city» тұжырымдамасына сәйкес білім беру функциясы және технологиялар арасында өзара байланысты қолдануды жалғастыру;
«Roboto Fest-2018» балалар фестивалін өткізуді, 46 инновациялық мектептерге «3D» кабинеттерін алу, «IT мектеп-лицейін» құруды жалғастыру;
орта мектептер, жоғары оқу орындары мен колледждердегі үздік мұғалімдерінің видеосабақ және видео-лекцияларын ғаламтор желісіне орналастыру жұмыстарын жалғастыру;
2019 жылдан бастап 10-11 сыныптарда кезең-кезеңімен ағылшын тілі пәніне көшу жұмыстарын жалғастыру;
білім берудің барлық деңгейінде математика және жаратылыстану ғылымының сапасын күшейту бойынша іс-шараларды өткізу;
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өскелең ұрпақты патриотизмге тәрбелейтін және қоғамдық санасын қалыптастыруға ықпал ететін іс-шаралар өткізу, оларды 2018 жылға өңірлік жоспарға қосу;
мектепке дейінгі білім беруде өздігінен оқуды және әлеуметтік дағдыны жетілдіретін балалардың ерте жетілуіндегі бірыңғай стандарттарды енгізу бойынша ұсыныстар енгізу;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне категориялардың ара жігін ұлғайта отырып мұғалімдердің еңбек ақысын 30-дан 50 пайызға дейін арттыратын ұлттық біліктілік тестісі негізінде біліктілігінің деңгейін ескеретін мұғалімдер үшін педагогикалық шеберлігі категориясына жаңа кесте енгізу бойынша ұсыныс енгізу;
оқушылар үйінің базасында барлық қажетті инфрақұрылымы бар балалар технопарк желісін және бизнес-инкубаторлар құру жөнінде ұсыныстар енгізу;
халықаралық талаптарды және цифрлық дағдыларды ескере отырып және жұмыс берушілерді тарта отырып техникалық және кәсіптік білім берудегі білім беру бағдарламаларын жаңарту бойынша ұсыныс енгізу, «Баршаға арналған тегін кәсіптік-техникалық білім беру» бағдарламасы бойынша жұмыстарды жалғастыру.
Облыс азаматтарының денсаулығын одан әрі жақсарту мақсатында:
Арал ауданының Арал қаласындағы 150 төсекке арналған орталық аудандық аурухана құрылысын аяқтау;
Шиелі ауданы Шиелі кентінде 150 төсекке арналған орталық аудандық аурухана құрылысын жалғастыру;
Қызылорда қаласындағы Облыстық перинаталды орталығы перзентханасы мен облыстық медицина орталығының ғимаратын күрделі жөндеуді жалғастыру;
облыстық медициналық орталығы филиалы базасында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастыратын Байқоңыр қаласында ұйым ашу;
7 фельдшерлік акушерлік пунктін сатып алуды қамтамасыз ету, оның ішінде Арал ауданы Жаңақұрылыс елді мекенінде – 1, Шиелі ауданы Ботабай елді мекенінде – 1, Қармақшы ауданы Қармақшы және Қуаңдария елді мекендерінде – 2, Жаңақорған ауданы Нәлібаев және Қожамберді елді мекендерінде – 2, Жалағаш ауданы Қаракеткен елді мекенінде – 1;
8 медициналық пункттер сатып алуды қамтамасыз ету, оның ішінде Арал ауданы Қосаман, Шөмішкөл, Сазды, Ақбай, Тастақ елді мекендерінде – 5, Жаңақорған ауданы Талап стансасында және Қандықұдық елді мекенінде – 2, Қызылорда қаласында Досан елді мекенінде – 1;
15 емдік амбулатория құрылысын бастау;
облыстың денсаулық сақтау ұйымдарын санитарлық және мамандандырылған автокөліктермен, медициналық құрал-жабдықтармен жабдықтау;
аналар өлім-жітімі нысаналы көрсеткішін 2 пайызға, сәби өлім-жітімін 2 пайызға, қан айналымы жүйесі ауруларының көрсеткішін 3,7 пайызға, туберкулез ауруының көрсеткішін 2,5 пайызға және қатерлі ісік ауруларының көрсеткішін 0,1 пайызға төмендетуді қамтамасыз ету;
барлық факторлар бойынша өлім-жітімнің төмендеуі арқылы өмір сүру ұзақтығын 72,2 жасқа дейін арттыруды қамтамасыз ету;
кем дегенде 600 дәрігердің біліктілігін арттыру, бастапқы мамандандыру үшін – кемінде 100 дәрігердің және кем дегенде 1800 орта буын медицина қызметкерлері біліктілігін арттыру;
сұранысқа ие мамандарды даярлау үшін Оңтүстік Корея мен Ресей Федерациясының Қазан қаласына оқуға жолдама беруді қамтамасыз ету;
Қызылорда облысындағы Республикалық балаларды оңалту орталығының филиалы «Талсуат» оңалту орталығының төсек орнын 10 төсекке кеңейтуді қамтамасыз ету;
қан айналымы жүйесі ауруларының алдын алу жөніндегі облыстық бағдарламаның бекітілуін қамтамасыз ету;
Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауында онкологиялық бөлімшесі және бір ауысымда 100 келушіге арналған емханасы бар 300 төсекке арналған көпсалалы аурухананың құрылысын және Жалағаш ауданының Жалағаш кентіндегі 100 төсекке арналған аудандық аурухана құрылысын қаржыландыру мәселесін Денсаулық сақтау министрлігімен пысықтау.
Спорт бойынша
Аймақтың барлық елді мекендерінде дене шынықтырумен жаппай айналысуға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету басты басымдылық болып анықталды.
Осыған орай, халықты дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде айналысумен қамтуды 28 пайызға дейін жеткізу;
балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, дене шынықтырудың спорт клубтарында дене шынықтыру және спортпен айналысатын 7-18 жастағы балалар мен жасөспірімдерді жалпы балалар мен жасөспірімдер санынан қамтуды 14 пайызға дейін жеткізу;
Қызылорда қаласы Ғ.Мұратбаев көшесі №1 мекен-жайындағы орталық стадионды қайта жаңғырту бойынша жұмыстарды бастау.
Мәдениет бойынша
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы міндеттерінің бірі мәдени мұра сақтау және насихаттау.
Осыған орай, Жанкент, Сортөбе, Сығанақ, Бәбіш мола, Қыш қала қалашықтарына археологиялық қазба жұмыстарын жалғастыру;
Сырдария ауданындағы Қалжан ахун мешіт медресесіне қайта қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу;
Жаңақорған ауданындағы Сығанақ қалашығына қоршау жұмыстарын жүргізу;
Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Жырым сенсің, Қызылорда!» атты республикалық ақындар айтысын ұйымдастыру;
Композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері К.Дүйсекеев атындағы «Туған жер» атты республикалық әншілер конкурсын ұйымдастыру;
әнші-композитор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Б.Шөкенов атындағы «Отан Ана» атты республикалық жас орындаушылар конкурсын ұйымдастыру және Қызылорда қаласында ескерткішін орнату;
Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Қорқыт. Қобыз» республикалық қобызшылар конкурсын ұйымдастыру;
КСРО халық әртісі, халық қаһарманы Р.Бағланова атындағы «Ақмаңдайлым» атты республикалық әншілер конкурсын ұйымдастыру;
Н.Бекежанов атындағы қазақ музыкалық драма театрының Шеки қаласында (Азербайжан Республикасы) өтетін халықаралық театрлар фестиваліне қатысуын және облыстық филармония өнер ұжымының Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасына гастрольдік сапарларын ұйымдастыру;
Астана қаласының 20 жылдығына және Қызылорда қаласының 200 жылдығына арналған «Астаналар фестивалі» Қазақстан астанасы театрларының фестивалін (Қызылорда, Алматы, Астана, Түркістан, Орынбор) ұйымдастыру;
«Парасатты поэзия» халықаралық фестивалін ұйымдастыру;
«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасы бойынша тарихи-мәдени мұра обьектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасын әзірлеуді ұйымдастыру;
Қазалы ауданында Әйтеке би ескерткішін орнатуды ұйымдастыру;
Шиелі ауданы Тартоғай елді мекенінде 150 орындық ауылдық клубтың құрылысын бастауды ұйымдастыру;
Жалағаш ауданы Мәдениет және Шиелі ауданы Еңбекші елді мекендерінде 150 орындық ауылдық клубтың құрылысын аяқтауды ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауын ақпараттық сүйемелдеу бойынша жұмыстарды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын ілгерілету мақсатында ақпараттық сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету;
үштілділікті ілгерілету бағытында тұрақты түрде жұмыстар жүргізу, оқыту курстарын ұйымдастыру, іс-шаралар өткізу;
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы міндеттерінің нақты орындалуын қамтамасыз ету;
дін саласында дінаралық қарым-қатынастың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыз ету.
Жастар саясаты бойынша
Қызылорда қаласының Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жастарға қызмет көрсету Орталығының құрылысын аяқтау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;
К.А.Тимирязев атындағы Ресейлік мемлекеттік аграрлық университетінде, Санкт-Петербургтік мемлекеттік технологиялық университетінің өсімдік полимерлері, Ресей Федерациясының Мәскеулік ұлттық зерттеу-технологиялық университетінде грант бойынша оқып жатқан алғашқы 78 қызылордалық түлектерді жұмысқа орналастыруын ұйымдастыру;
аймақта мемлекеттік жастар саясатының тиімді жүзеге асырылуы үшін «Қызылорда облысы бойынша 2021 жылдарға дейінгі мемлекеттік жастар саясатын дамытудың Жол картасы» бойынша өңірде салааралық ынтымақтастықты жалғастыруды ұйымдастыру.
Этносаясат бойынша
Этносаясат саласында басымды бағыт болып азаматтық принципіне, «Мәңгілік ел» жалпыұлттық патриоттық актінің құндылықтарына және «Болашаққа бағдар: қоғамдық сананы жаңғырту» бағдарламалық мақаласына негізделген қазақстандық біртұтастықты нығайту мен дамыту айқындалды.
«Сыр елі – достық мекені» этностар мәдениетінің күндері жобасы аясында іс-шаралар өткізуді қамтамасыз ету;
облыстың аудан орталықтары мен елді мекендерінде облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ақпараттық-насихаттық тобының кешенді іс-шараларын өткізуді қамтамасыз ету;
«Рухани қазына» кіші бағдарлама шеңберінде «Ұлы Дала Елі тарихы» тарихи-танымдық экспедициясын өткізуді қамтамасыз ету;
«Туған жер» кіші бағдарламасы шеңберінде меценаттар мен қайырымды жандардың II облыстық форумын өткізуді қамтамасыз ету;
«Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасының өңірлік кезеңін өткізуді қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім және этносаралық татулықтың қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобалар конкурстарын өткізуді қамтамасыз ету.
Қоғамдық тәртіп бойынша
Негізгі басымдықтар болып азаматтардың жеке қауіпсіздігі, олардың құқықтық және заңды мүдделерін қорғау, аймақта қоғамдық тәртіп сақтау айқындалды. Ол үшін:
100 зардап шеккен адамға шаққандағы жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болғандар санын 18,6 бірліктен асырмауды қамтамасыз ету;
жалпы қылмыс санынан көшеде жасалған қылмыстың үлес салмағын 14,9 пайыздан асырмауды қамтамасыз ету;
Жалағаш аудандық ішкі істер департаментінің бөлімі ғимаратының құрылысын аяқтау;
Ішкі істер департаментінің әскери және арнайы дайындығы бойынша оқу-жаттығу полигонының құрылысын аяқтау.
Ішкі істер органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту аясында учаскелік полиция пункттерін орналастыру үшін 6 бірлік тұрғын үйлік емес ғимарат сатып алуды қамтамасыз ету;
Қызылорда қалалық ішкі істер басқармасында «е-УД» (электронды қылмыстық іс) орната отырып 80 бірлік автоматтандырылған қызмет орнын сатып алуды қамтамасыз ету.
Жобалық менеджмент аясында
жобаларды жүзеге асыру
Экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі Мемлекеттік комиссиямен бекітілген орталық мемлекеттік органдардың салалық және тікелей бағыттары аясындағы 10 жоба бойынша аймақтан ұсынылған бастамалардың жүзеге асырылуын қамтамасыз ету;
мемлекеттік орган қызметкерлерінің кем дегенде 25 пайызын жобалық басқаруға оқытуды қамтамасыз ету.
Халықаралық қаржы ұйымдары және мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқылы тікелей инвестицияларды тарту
Тікелей инвестицияларды тарту және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту облыс бюджетіне ауыртпашылықты біршама азайтады. Одан бөлек, бұл кәсіпкерлікті дамытудың ауқымды әлеуеті болып табылады.
Еуропалық Қайта Жаңғырту және Даму Банкісімен ынтымақтастық аясында:
Шиелі ауданы және Қызылорда қаласының шет аумақтарының электр жүйелерін қайта жаңғырту;
Қызылорда қаласының жылумен қамтамасыз ету жүйесін қайта жаңғырту;
Қызылорда қаласының сумен қамтамасыз ету және су бұру жүйесін қайта жаңғырту жобаларын іске асыруды жалғастыру;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Қызылорда қаласында жаңа халықаралық аэропорт терминалының құрылысы жобасы бойынша инвестицияларды тарту жұмыстарын жалғастыру;
Қызылорда қаласында 600 орынға арналған кәсіптік-техникалық лицейдің құрылысы жобасы бойынша инвестицияларды тарту жұмыстарын жалғастыру;
Қызылорда қаласы Тасбөгет кентінде оңалту орталығымен 250 қабылдауға арналған емханасының құрылысын бастау;
«Қызылорда облысының мемлекеттік органдарына талшықты-оптикалық байланыс желісін тарту» жобасы бойынша жеке әріптеспен келісім-шартқа қол қоюды қамтамасыз ету;
«Жалағаш ауданы Таң ауылдық округінде дене шынықтыру-сауықтыру кешенін жалға алу» жобасы бойынша жеке әріптеспен келісім-шартқа қол қоюды қамтамасыз ету;
Облыстық медицина орталығы мен Қазалы орталық аудандық аурухананы ангиографпен жарақтандыруды қамтамасыз ету;
Қызылорда қаласында жол жүру ережелерін автоматты фиксация жасайтын құралды құруды және пайдалануға беруді қамтамасыз ету;
Қызылорда қаласында бейнебақылау камерасын орнатуды қамтамасыз ету;
Астана қаласында «Қазақстандық жекешелік әріптестік орталығында» мемлекеттік-жекешелік әріптестік мәселелері бойынша облыстағы 155 қызметкерді оқытуды қамтамасыз ету;
«Қызылорда қаласының сол жағалауында 320 орынға арналған балабақшаның құрылысы мен пайдалануға беру» жобасын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
«Қызылорда қаласының «Арай» мөлтек ауданында 280 орынға арналған балабақшаның құрылысы мен пайдалануға беру» жобасын іске асыру бойынша жұмыстарды жалғастыру;
Қызылорда қаласының көшелерін жарықтандыру жобасын жүзеге асыру;
Қызылорда қаласының сол жағалауында емхана құрылысына қажетті құжаттарды әзірлеу;
21 жоба бойынша конкурстық құжаттамаларды әзірлеу, оның ішінде: 15 дәрігерлік амбулатория, 5 жоба медициналық техникамен кешенді қамту және Қызылорда қаласында облыстық диагностикалық орталығында «ChekUp» орталығын ашу;
мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында Арал ауданы Бекбауыл, Қазалы ауданы Өркендеу, Сырдария ауданы Ақжарма елді мекендерінде 3 дәрігерлік амбулаторияның құрылысын бастау;
Қызылорда қаласындағы Ішкі істер департаментінің Ақсай полиция бөлімі ғимаратының құрылысына қажетті құжаттарды әзірлеу.
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ҰБХ | - | Ұлттық басқару холдингі; |
ҰК | - | Ұлттық компания; |
АҚ | - | акционерлік қоғамы; |
ЖШС | - | жауапкершілігі шектеулі серіктестігі; |
ҚС | - | қосалқы станция; |
АГРС | - | автоматтандырылған газреттегіш станциясы; |
БГРП | - | бас газ реттеуіш пункті; |
СҚ | - | суқұбырлық құдық; |
АК | - | ауыстыру камерасы; |
БК | - | басу камерасы; |
КК | - | канализация коллекторы; |
КСС | - | канализациялық сорғы станциясы; |
ҚС | - | қосалқы станция; |
ҚСЗ | - | қалалық сүт зауыты; |
ЖТ | - | жылжымайтын тірек; |
ЖК | - | жылу камерасы; |
ЖСС | - | жылу сорғы станциясы; |
АСС | - | айдау сорғы станциясы; |
МПа | - | мегапаскаль; |
КСРО | - | Кеңестік Социалистік Республикалар Одағы; |
кВ | - | киловатт. |
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |