Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы

Облыс көлемінде "Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларының алдын алу күніне" байланысты үстіміздегі жылдың 5 -15 ақпан аралығында «Обырсыз өмір!» ұлттық бағдарламасы аясында онкүндік өткізілуде.
Облыс көлемінде өткізіліп отырған онкүндіктің мақсаты - адамның жеке басының денсаулығын сақтау мен өмір сапасын көтеру, қоғам назарын онкологиялық аурулардың алдын алуға, аудан халқының медицина қызметкерлерінен онкологиялық ауруларды ерте анықтау мәселелері жөнінде ақпарат алуына қол жеткізу, халықты скринингтік тексеруден уақытында өту қажеттілігі туралы ақпараттық насихаттау жұмыстары болып табылады.
Іс-шаралар жоспарына сәйкес «Жастар денсаулық орталығы» мен «Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы» және аудандық емхана мамандары бірлескен бағытта санитарлық-ақпараттық насихаттау жұмыстарын жүргізді.
Осы ретте кент орталығындағы мектептерде жасөспірімдер мен оқушыларға әр түрлі форматта №27 орта мектепте "Обырсыз өмір" тақырыбында кездесу, №105 мектеп-лицейде "Салауатты өмір -көтеріңкі көңіл" тақырбында тренинг, №250 мектеп-лицейде "Салауатты өмір салты-дұрыс тамақтану" тақырыбында дөңгелек үстел және №121 орта мектепте "Қатерлік ісік туралы Сіз не білесіз?" тақырыбында тренинг өткізілді. Бұл бағыттағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
ҚОҒАМ 13 ақпан 2018 г. 1 328 0