Жалпыхалықтық дауыс беру аясында барлығы 102 жеңімпаз анықталған. Бұл туралы ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев парақшасында жариялады, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
762
0
Бүгінде біздің мемлекетіміздің басты бағыты – өркениеті озық отыз елдің қатарына ену. Олай болса, әлемдік қарым-қатынаста экономиканың сан құбылған саясаты маңызды емес, рухани құндылықтың бағасы биік. Бұл орайда мемлекеттік қызметте, жалпы қоғамда мәдениетіміздің жоғары болуы міндетті десек, қателеспейтін болармыз. Біле білсек, тұтас қоғамның тұрақтылығы да жеке адамдардың мәдениетіне байланысты. Мәселен, ұрлық-қарлық, жемқорлық, азғындық, дұшпандық әрекеттердің барлығының түп тамыры – мәдениетсіздік. Ойлап қарасақ, біз осыған өзіміз жол беретін сияқтымыз. Қалай дейсіз бе? Қарапайым ғана мысал, отбасында өсіп келе жатқан баланы (ол мүмкін кенже бала немесе жалғыз бала) бетінен қақпаймыз. Былапыт сөздер айтып, әбес қылықтар танытып жатса да, «есейгесін қояды» деген желеумен еш қаперсіз еркелете береміз. Бірақ баланың бірте-бірте еркіндікке бойы үйреніп жатқанына мән бермейміз. Осындай осал тәрбиенің салдарынан күнделікті өмірде көп ата-ананың көңіліне қаяу түскенін көріп те жүрміз. Ащы да болса шындық, ата-анасын қарттар үйіне қалдырып жатқандар да сол, әлгі еркеліктен есіріп кеткен балалар. Баланың өзімшіл болуының тағы бір себебі, өзіне лайық орта таппай, қоғамнан шет қалуы. Сондықтан, бала тәрбиесін бір сәт те бақылаусыз қалдыруға болмайды.
ҚОҒАМ
14 қараша 2017 г.
809
0
Соңғы жылдары облыстың ауыл шаруашылығы саласы дамып келеді. Мемлекет экономиканың әр саласын дамытуға арналған бағдарламалар арқылы қомақты қаражат бөлуде. Оған себеп облыстың шаруа қожалықтарының тыңғылықты еңбектері арқасында егін көлемі айтарлықтай ұлғайды.
АҚПАРАТ
14 қараша 2017 г.
495
0
2017 жылдың 15 қараша күні сағат 11:00-де «Нұр Отан» партиясының Қызылорда облыстық филиалының ғимаратында «Қызылорда облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ерсейітова Жанзира Қазиқызы мемлекеттік сатып алу саласы бойынша қоғамдық қабылдау жүргізеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
517
0
Қызылордада тұңғыш рет кәсіпкерлік мақсаттағы жер телімдеріне арналған аукцион Кәсіпкерлер палатасының алаңында өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
928
0
Синоптиктер Қазақстанда 14 қараша күні болатын ауа райы болжамын жария етті, деп хабарайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
522
0
Қанат Ислам қазақстандық «Жыл таңдауы» жобасының нұсқасы бойынша жылдың үздік спортшысы атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
540
0
Қазақ ұлттық аграрлық университетінде «Елбасы кітапханасы» орталығы ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
14 қараша 2017 г.
601
0
Ерте түрік елінің тарихы туралы деректер Қытайдың бастама кітаптарында IV-Vғғ. белгілі болғаны жазылған. Оларда Қытайдың солтүстік шығыс бөлігін жаулаған көшпелі тайпалар хун, санбилер қатарында Ашин руы болғаны баяндалады. Көшпелілер жаулаған жерлерде жүргізген қатал биліктері қытайлықтардың қарсылығын туғызып, көп ұзамай оларды батысқа қарай ығыстырылған. Мұндай тайпалар арасында «Ашин бес жүздей үймен жужандарға қашып барады да, Алтай тауының күнгей бетіне қоныстанып жужандарға темір өндіріп тұрғаны» жайлы мәліметтер берілген. Жаңа жерге қоныстанған Ашин әулетінен шыққан әскери қолбасшылар алғашқы күннен сыртқы саясатта жүргізген басқыншылық ықпалын барған сайын күшейтіп, Сары теңізден бастап (Корея) Еділге дейінгі аралықтағы тайпаларды өздеріне қаратқан. Сөйтіп, VІ ғ. Түрік немесе ерте Түрік деген этникалық атпен тарихта белгілі болған. Арада жүз жыл өткеннен кейін Түріктер орта Азияның ұлы даласын бағындырып ұлан-байтақ жерді қытайлықтар «Түріктердің ұлы даласы» немесе «Түріктердің құдіретті шөл даласы» деп атаған. Ақырында VI-VII ғасырларда пайда болған ерте түрік мемлекеті Орта Азиядағы ең жоғарғы өркениетті Византия, Сасаниттік Иран, Қытай мемлекеттерімен бәсекелесе алатын күшті де құдіретті болғандықтан түріктер өздерін «мәңгілік ел» болатынына сенген. Азияның ұлы даласын қамтыған жаңадан пайда болған көшпелілер мемлекетін қытайлықтар өздеріне төнген қауіп-қатер деп түсінген болатын. Сондықтан, қытайлықтар алғашқы күннен түрік билеушілерін сипаттай сынай отырып, олардың даналық қасиеттерін, мемлекетті басқарудағы қабілеттерін, әскери әдістерді ұйымдастыру мен шеберлікпен қолдануларын мойындағандықтан оларды лауазымдандыруда лайықты тұлғалар деп сырттай жоғарғы әскери атақтарды беріп отырған. Ерте Түрік билеушілері Қытай ықпалында болмау үшін лауазымдануды белгілі бір кезеңдерде өзгертіп, тәуелсіз болу саясатын басшылыққа алып отырған. Ұлы дала билеушілері мемлекет басқаруда қолданған «жабғу», «жабғу-қаған», «қаған» және «хан» лауазымдарын төрт кезеңге бөліп қарау арқылы олардың әрбір кезеңдерде тәуелсіздік жолындағы күресте саяси және тарихи оқиғалардың ерекшеліктерін көрсеткен жөн.
ТАНЫМ
14 қараша 2017 г.
1 757
0
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Алаштың анасына» балаған Сыр өңірі - ежелден мәдениет пен өнердің, ғылым мен білімнің ордасы, құт дарыған киелі мекен.«Тұз басса да өңірін, көз-қырын салған Тәңірім» -деп Мұрат Сыдықұлының өзі жыр-қаймағы бұзылмаған, ежелгі салт-дәстүрді берік ұстанған киелі мекен. Нұртуған шайыр мен төкпе күйдің төресі Қазанғаптың, сүлей сөздің зергері Әбдіжәміл Нұрпейісов пен дауылпаз ақын Зейнолла Шүкіров бастаған әдебиет пен өнер майталмандарының кіндік қаны тамған жер.Осындай дүлдүлдердің асыл қазыналарынан сусындап өскен, өнерін заманның талабына сай түрлендіріп, рухани әлемді байыта білген Мұрат Сыдықовтың өнердегі өресі биік дарынды тұлға екендігі даусыз.
ТАҒЫЛЫМ
14 қараша 2017 г.
1 278
0