Күн ашық болады

Синоптиктер Қазақстанда 14 қараша күні болатын ауа райы болжамын жария етті, деп хабарайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, антициклонның ықпал етуіне байланысты Қазақстаның басым бөлігінде күн ашық болады. Тек елдің солтүстік батысы мен солтүстігінде және оңтүстігінің кей жерлерінде жаңбыр немесе қар жаууы ықтимал.

Кей жерлерде жел күшейіп, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Жамбыл облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр болады.

Алматы облысындағы Жалаңашкөл аумағында жел секундына 15-20 метр жылдамдықпен ұйтқиды.

Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының бірқатар аймақтарында тұман түсіп, көктайғақ болады.

Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай, Ақмола, Қарағанды облыстарында тұман түседі деп күтілуде.

 

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 14 қараша 2017 г. 518 0