Қолдау қомақты

Соңғы жылдары облыстың ауыл шаруашылығы саласы дамып келеді. Мемлекет экономиканың әр саласын дамытуға арналған бағдарламалар арқылы қомақты қаражат бөлуде. Оған себеп облыстың шаруа қожалықтарының тыңғылықты  еңбектері арқасында егін көлемі айтарлықтай ұлғайды.  
Ағымдағы жылы 2016 жылмен салыстырғанда 9,1 мың гектардан аса дәнді дақылдар егілді. Егістіктің негізгі күріш дақылы былтырғы жылмен салыстырғанда 9,2 мың гектардан аса жерге егілді (2016 жылы - 80,1 мың гектар, 2017 жылы - 89,3 мың гектар) 500 мың тоннадан астам дән жиналды.
Мұның негізгі себебі ағымдағы жылы Сырдария өзенінің бұған дейін болмаған су толымдығының аясында, көп жылдар бойы егістік егілмеген жерге ауылшаруашылық тауар өндірушілердің күріш егіп жер учаскелерін айналымға алғандары себеп болып отыр.
Облыстың суармалы егіншілік жерлерінің ерекшелігіне орай жердің тұздылығын төмендету үшін қайта жоспарланған жерлерді, тыңайған жерлерді міндетті түрде бірнеше жыл күріш егінін егу қажет. Бұл ретте, бірнеше жылдар бойы жерде қабатты тұздың (тұзды кристалдар) тыңайған жерде болуы басқада дақылдарды егуде өз нәтижесін бермейтіні белгілі болып отыр.
Осыған орай, күріш егістігінің артығынан егілген аумағы негізінен тазартылған суармалы каналдарда, тыңайған жерлерде егілген.
Алдағы жылдарда ауылшаруашығын әртараптандыру бойынша, оның ішінде ауылшаруашылық дақылдарын егу бойынша жұмыстар атқарылатын болады.

Облыстық экономика және
бюджеттік жоспарлау басқармасының
Ауыл шаруашылығын және
ауыл аумақтарын дамыту
бөлімінің бас маманы
Курпебаев Е.
АҚПАРАТ 14 қараша 2017 г. 490 0