2017 жылғы 19-шы қыркүйекте «Парасыз болашаққа. Бірге!» сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ мүшелері Қызылорда облыстық кеңес беру диагностикалық орталығында қоғамдық қабылдау өткізді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
456
0
Биылдан бастап ішкі істер органдарына үміткерлер конкурс пен тағылымдама негізінде жұмысқа қабылдануда. Полиция қызметкерінің іскерлік қабілетін анықтау, оларды іріктеу, кандидаттарды тестілеуден өткізу Ұлт жоспарының 28-қадамында нақты айтылған. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық ішкі істер департаменті бастығының орынбасары Қалижан Қобландин мәлімдеді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
525
0
«Шұғыла» балабақшасында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің ұйымдастыруымен және Қалалық білім бөлімі мамандарының, «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарының Қазақстан қауымдастығы» жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар бірлестігінің Қызылорда облысы бойынша филиал өкілінің және мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының, балабақша меңгерушілерінің қатысуымен кездесу жиыны өткізілді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
513
0
Адамның аты – оның жарты тағдыры деген қағида бар. Өйткені адамның аты – оның ата-анасының қырандай қиялы, асқақ арманы, үкілі үміті, ақ тілегі, тәңірге, тағдырға аманаты. Тазагүл – атына заты сай қисынын тапқан қиял, орындалған арман, аманат, ақталған үміт. Ол ақылды, парасатты, білімді, зерек, зерделі, атынан ат үркетін, азуы алты қарыс азаматқа есесін жібермейтіндей жүректі, жігерлі, арлы, намысты азаматша болды.
ТАҒЫЛЫМ
21 қыркүйек 2017 г.
1 354
0
Адам баласы жоспарсыз өмір сүре алмайды ғой. Күнделікті өмірде әртүрлі жағдайға байланысты жоспарлар құратынымыз рас. Мысалы, білім алуды, еңбек етуді, той жасауды, балалардың туылуын, еңбек демалысын, үй немесе көлік сатып алуды жоспарлаймыз. Әрине, олардың бірі жүзеге асса, бірі аспай жатады.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
1 227
0
Жуырда басталған міндетті медициналық сақтандыру жүйесінен жекеменшік клиникалар да тыс қалмайды. Денсаулық сақтаудағы халықтың әлеуметтік мүддесін қорғаудың бұл түрі пациенттің аурухана таңдау еркіндігіне басымдық береді. Осы орайда Қызылордадағы «Centre Nova Diagnostic» медициналық орталығының директоры Ғалымжан Шабдаровпен жаңа жүйенің артықшылықтары мен мақсат-міндеті туралы сөйлескен едік.
Cұхбат
21 қыркүйек 2017 г.
1 379
0
Сыр елінде, қала берді республика көлемінде Әлима Әбдіхалықованың есімін білмейтін адам кемде-кем десек, қателеспеспіз. Әлима апай десек, аймақтағы киелі білім шаңырағы – М.Мәметова атындағы гуманитарлық колледжі, колледжді айтсақ, Әлима Жақыпқызының есімі қатар аталатыны соншалық, тіпті екеуі егіз ұғымға айналып кеткендей. Оның өзіндік сыры да бар. Ғұмырының 40 жылдан астам уақытын педагогика саласына, оның ішінде аталған оқу орнының өсіп-өркендеуіне, дамуына арнаған ұлағатты ұстаз еңбегі шынында да ұшан-теңіз еді.
ТАҒЫЛЫМ
21 қыркүйек 2017 г.
811
0
Облыс орталығындағы мемлекеттік қызметшілерді және бюджеттік сала қызметкерлерін қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында «Жаңа да ескі әліпби – уақыт талабы» атты семинар өтті. Шараға мемлекеттік қызметке қабылданған жас мамандар қатысып, ой өрбітті.Облыстық ішкі саясат басқармасына қарасты облыстық тілдерді оқыту орталығының қызметкері, модератор Баян Байділдаеваның айтуынша, әліпбиді ауыстыру ең алдымен тілдік қажеттілік, еліміздің болашағы үшін жасалған тың қадам.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
407
0
«Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан-2050 Демократиялық күштері аймақтық коалициясының кезекті отырысы өтті.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
21 қыркүйек 2017 г.
438
0
Ұлы Дала төсінде халқымыздың сан ғасырлардан бері қастер тұтып келе жатқан киелі орындары жетерлік. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Біз халықтың санасына одан да маңыздырақ – жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек. Ол үшін «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы керек. Әрбір халықтың, әрбір өркениеттің баршаға ортақ қасиетті жерлері болады, оны сол халықтың әрбір азаматы біледі. Бұл – рухани дәстүрдің басты негіздерінің бірі» деген болатын.
ЖАРНАМА
21 қыркүйек 2017 г.
2 240
0