Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі клиенттері жаңа жылжымайтын мүлік порталы арқылы мемлекеттік бағдарламалар бойынша алдын-ала пәтер таңдай алады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2017 г.
836
0
Өз заманында әрі батыр, әрі би болған Басықара Құрманұлының туғанына 260 жыл толуына орай Басықара ауылын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін бюджеттен 121,8 млн. теңге қаржы бөлінді.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2017 г.
1 034
0
Бұл кез егіншілер қауымының еселі еңбектерімен ерекшеленетін шағы. Өйткені, дәл осы сәтте дала жұмыстары қызып, егін жинау науқаны аяқталар тұсқа жақындап қалды. Егістік алқаптарындағы жайқалған күріш сабақтары орылып, жал-жал дестеге айналған. Ал «дала кемесі» атанған комбайндар масақты дәнге айналдырып, тасымал көліктерін тоқтатпауда. Тасымал көліктері болса қырманды қызылға толтырып жатыр. Мұндай қызу еңбек «Қызылдихан» мен «БАҚ» шаруашылығында қарқынды жүргізілуде. Жақында қос шаруашылықтағы маусымдық жұмыстар барысымен танысып, мерейлі сәттерге куә болып қайтқанбыз.
ҚОҒАМ
26 қыркүйек 2017 г.
928
0
Майдан даласында 4 рет жараланып, «Қызыл жұлдыз» орденін алған Үрмәш Түктібаев Кеңестік Латвияны азат ету үшін болған қиян-кескі ұрыста теңдессіз ерлік көрсетті. Оған КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиуымының 1944 жылғы 24 наурыздағы Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы берілген.
ҚОҒАМ
26 қыркүйек 2017 г.
1 429
0
Димаш Құдайбергеннің домбырасы қытайда 35 мың юаньға (1806000 теңге) сатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарт тілшісі.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2017 г.
896
0
ҚазКСР тұңғыш Премьер-Министрі, белгілі мемлекеттік қайраткер Ұзақбай Қарамановты бақилық сапарға шығарып салу рәсімі ертең 10:00-да М.Әуезов атындағы Мемлекеттік академиялық драма театрында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі мәлім етті.
НЕГІЗГІ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2017 г.
1 293
0
Екінші дүниежүзілік соғыс оты тұтанғанда сол кездегі ортақ Отанымызды қорғау үшін Қазалыдан қаншама азамат аттанып, майдан даласында ерліктің ерен үлгісін көрсетті. Біраз боздақтарымыз жат жерде опат болып, туған жерден топырақ та бұйырмады. Солардың бірі Отан үшін отқа түскен Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2017 г.
533
0
26 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс және орталықта атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.
---
26 қыркүйек 2017 г.
455
0
Еліміз орны толмас ауыр қайғыға душар болды. 80 жастан асқан шағында мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш Премьер-Министрі болған Сыр елінің аяулы перзенті Ұзақбай Қараманұлы Қараманов өмірден озды. Ұзақбай Қараманұлы 1937 жылы тамыз айында Арал ауданы, Ұялы ауылында дүниеге келген. 1959 жылы Куйбышев (Самара) қаласындағы инженерлік құрылыс институтын бітірген. Еңбек жолын Шұбарқұдық автобазасында (Ақтөбе облысы) прораб болып бастаған ол «Қызылорда құрылыс» тресінде инженер, басқарма бастығы болып еңбек етеді. 1964 – 1980 жылдар аралығында «Алматы өнеркәсіп құрылысы» тресінде аға прораб, комбинат директоры, Қазақстан Компартиясы Орталық комитетінің Іс басқармасының қызметкері, Жеңіл және тамақ кәсіпорындары құрылысы басқармасының бастығы, Қазақ КСР Ауыр өнеркәсіп министрлігінің Алматы құрылыс Бас басқармасының және Құрылыс индустриясы Бас басқармасының бастығы қызметтерін атқарды.
ТАҒЫЛЫМ
26 қыркүйек 2017 г.
1 921
0
Уездің орталығы болған Қазалы қаласының атауына биыл 150 жыл. Қазалы бекетінен оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде Сырдарияның оң жағына орналасқан Қазалы қаласы ең алғаш 1847 жылы Қазалы форты болып негізін қалады.
ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР
26 қыркүйек 2017 г.
643
0