
Уездің орталығы болған Қазалы қаласының атауына биыл 150 жыл. Қазалы бекетінен оңтүстікке қарай 12 шақырым жерде Сырдарияның оң жағына орналасқан Қазалы қаласы ең алғаш 1847 жылы Қазалы форты болып негізін қалады. 1853 жылы №1 форт деп аталатын әскери бекініс құрылды. 1867 жылдан кейін қала мәртебесін алды.
Мерейтой аясында қаланы абаттандыру жұмыстарына 434,3 млн. теңге бөлінді. Оған жастар алаңы салынып, ардагерлер алаңы абаттандырылуда. 11 көшеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұдан бөлек, қаладағы спорт мектебінің ғимараты жөнделіп, айналасын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.