БАСЫҚАРА БАБА АТЫНДАҒЫ АУЫЛ АБАТТАНДЫРЫЛУДА

Өз заманында әрі батыр, әрі би болған Басықара Құрманұлының туғанына 260 жыл толуына орай Басықара ауылын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Бұл үшін бюджеттен 121,8 млн. теңге қаржы бөлінді.
Бөлінген қаржыға сәйкес ауылдың Бас қақпасы жаңалануда. Ауылға кіреберістегі 618 метр жерге жарықшамдар қойылуда. Ауылдың орталығынан «Басықара баба» атындағы аллея ашылуда. Оған Басықара бабаның бюсті қойылады. Орталық алаң, жастар алаңы, балалардың ойын алаңы жасалып, клубтың айналасы қоршалуда. Екі көше  асфальттанады.
Айта кетейік, Басықара би Құрманұлы 10-12 жасында билік айтып, әділдігімен ел ішінде көріне бастайды. Ел әңгімелерінде Басқараны бірде батыр,бірде би деп атайды. Ел аузында «Басықара басып айтады, басқа билер қасып айтады» деген сөз бар. Басықараның атасы Тасым атақты батыр болған. 1840-1841 жылдары өзінің атымен аталатын жерде қайтыс болған.

ЖЕДЕЛ ЖАҢАЛЫҚТАР 26 қыркүйек 2017 г. 1 033 0